Реокупация тəсілі өлшеудің үздіксіздігі тек базалық бекетте
сақталып, қозғалмалы бекеттерде өлшеу бір сағат аралығының
басымен соңында да жүргізілген жағдайда қолданылады.
Аралықтарында координат өсімшелері анықталатын қосындар то-
рын табу қиын емес. Бұл тордың бір ғана қосынның координаттық
дəлдігін біліп, басқа барлық қосындардың координаттарын есеп-
теп шығаруға болады.
Кинематикалық позициялау тəсілі базалық бекет пен
ұтқыр қабылдағышқа дейінгі кеңістіктік векторды анықтауға
негізделген. Базалық бекет пен қозғалмалы қабылдағыштың ко-
ординаттарын статикалық жəне басқа да тəсілдермен алдын ала
анықтайды немесе қабылдағыштарды координаттары бірнеше
сантиметрге дейінгі дəлдікпен өлшенген қосындарға орнатады.
Ол фазалық циклдердің санын анықтау үшін қажет. Содан кейін
қабылдағыштарды келесі қосындарға орналастырып, олардың
жəне базалық бекеттің аралықтарының координат өсімшелерін
есептейді. Базалдық бекеттің координатын біле отырып осы
қосындардың координатын есептейді. Өлшеуді міндетті түрде
Жердің белгілі бір жасанды серіктерімен тұрақты түрде үздіксіз
жүргізеді. Бақылау мақсатында кинематикалық жүріп өтуді
бастапқы немесе координаты белгілі қосында тұйықтайды.
Кинематикалық позициялаудың дəлдігі старикалыққа қарағанда
төмендеу болады.
Кинематикалық позициялаудың бірнеше түрлі тармақтары
бар.
Үздіксіз кинематика тəсілі белгіленген уақыт аралығында
өз координаттарын тіркеп отыратын қабылдағыштарды жыл-
жыту арқылы жергілікті жердің кескіндерін «санға» көшіруге
47 мүмкіндік береді.
«Стойиди» тəсілі нүктеде тұрып біршама ұзақ
өлшеу жүргізіп, қозғалуды одан ары жалғастыруды көздейді.
Жоғарыда аталған тəсілдерде далалық зерттеулер жəне уақытқа
бөлінген өңдеулер жүргізіледі.