Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген



Pdf көрінісі
бет142/239
Дата06.10.2023
өлшемі3,08 Mb.
#113265
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   239
Байланысты:
fccc01431d3e67547942d7aa722f633c

СЕГІЗ ҚЫРЛЫ, БІР СЫРЛЫ 
 
Көркемдікті көздеген көреген көз 
(Қ.Жұбановтың әдебиет, өнер саласындағы еңбектері жайында) 
1. Қ.Жұбановтың«Абай – қазақ әдебиетінің классигі»атты мақаласы 
хақында 
Профессор Қ.Жұбановты зиялы қауым болсын, жалпы көпшілік болсын 
негізінен тіл білімінің негізін қалаушы лингвист ғалымдардың бірі ретінде 
танитындығы ақиқат. Алайда тілдің деңгейлік салаларын бір-бірінен жеке-
бөлек алып қарастырып қана қоймай, оларды тұтастық ретінде зерделеген 
білімпаз тілмен бірген ұлттың негізгі белгілері болып табылатын әдебиет, 
мәдениет, өнер салаларында да алғашқылардың бірі болып қалам тартқан. 
Мысалы, өткен ғасырдың 30-жылдарында Абай шығармашылығын әр алуан 
талқыға салып, оны байшыл, кертартпа ақын, феодализм жаршысы деп 
сілікпелеп жатқан заманда «Әдебиет майданы» журналының 1934 жылғы 11-
12 нөмірлерінде Қ.Жұбановтың 
«Абай – қазақ әдебиетінің классигі»
деген 
мақаласы жарияланады. Бұл сол замандағы саяси жағдайда үлкен батылдық 
болатын әрі қазақ әдебиетіндегі абайтанудың бастауы ретінде мойындалады. 
Бұл еңбек толық аяқталмаса да, абайтану саласындағы ерекше туынды 
деп бағалауға әбден лайық. «Абай жолы» романымен әлемге танылған 
Мұхтар Әуезовтің өзі: «Құдайберген стилі жатық, тілі орамды, мейлінше 
шебер жазатын адам еді», – дейді де: «Оның 1934 жылы Абай қайтыс 
болғанына 30 жыл толуына арналған мерекеде жасалған баяндамасы (кейін 
мақала түрінде жарияланған) – қазақ филологиясының, әдебиеттану 
ғылымының алтын қорына қосылатын бағалы еңбек. Абайдың өлең 
құрылысындағы ерекшеліктерді, автордың новаторлығын және халық тілін 
пайдаланудағы шеберлігін алғаш көрсетушілердің бірі де осы Құдайберген 
болды», – (2, 359) деген салмақты пікірін уәж ретінде ұсынады. 


227 
Мақаланың жазылу тарихы туралы жазушы-драматург Шахмет 
Құсайынов кезінде мынадай естелік айтқан: «Мен ол кезде «Әдебиет 
майданы» журналының жауапты хатшысы болатынмын. 1934 жылы 
Құдайберген ағаға Абайдың қайтыс болуының 30 жылдығына орай мақала 
жазуға тапсырыс бердік. Әне-міне дегенше уақыт өте берді, ал мақала болса 
әлі жоқ. Күте-күте, тіпті журналдың соңғы екі санын біріктіруге тура келді. 
Содан соң редактор маған: «Бар да, мақаланы біткенінше алып кел», – деді. 
Мен келгенде Құдекең 30 беттен аса парақты жазып тастапты. Бірақ, әзір 
бітіретін түрі көрінбейді, әлі сілтеп отыр. Мен жағдайдың тығыздығынайтып, 
қолжазбаның біткен жерін сұрап алдым да, соңына «аяғы бар», – деп белгі 
соғып, ағамыздың «анау-мынау», – деп айтуына келтірмей, зытып отырдым. 
Абай – қазақ әдебиетінің классигі» деген атақты мақала осылай жарық 
көрді». 
Бұл еңбек Абай жайындағы бұрынғы-соңғы пайымдауларды түбегейлі 
қорыта келіп, оның қоғамдағы орны мен әдеби тілімізді жасаудағы атқарған 
рөлін дәл көрсетіп бергендігімен, тақырыбы етіп ұсынған «Абай – классик» 
деген тезисін жан-жақты дәлелдегенімен құнды. 
Абайтануға сүбелі үлес қосқан Мекемтас Мырзахметовке сүйенсек: «... 
ақын мұрасы жөнінде қалам тербеп, пікір білдірген қаламгерлердің жалпы 
саны мыңнан асып, Абайтану саласында жазылған ірілі-ұсақты еңбектер 
саны төрт мыңға жетеді» (104). 
Қойшығара Салғараұлы ақын мұрасын зерттеушілерді үш топқа бөледі. 
«Біріншісі – Абайды өз жұртына дұрыс түсіндіріп, таныстыруға бағытталған 
насихаттық мақсаттағы мақалалар. Екіншісі – Кеңес өкіметінің алғашқы 
жылдарындағы, сол кезең рухына сай, Абайдың қай таптың ақыны екені 
жөніндегі айтыстан туған дүниелер. Үшіншісі – Абайды танып білуге 
бағытталған зерттеушілер, ғылыми негіздегі талдауға құрылған мақалалар». 
Зерттеушінің бұл пікірімен әбден келісуге болады. Біздің айтпағымыз – 
Құдайберген Жұбановтың аталмыш туындысы үш топқа да қойылатын 
талаптың үдесінен шығады. Абайтануда үзілді-кесілді «классик» деген атау 
берген, әрі насихаттық сипаты басым, әрі «байшыл» деген айдардан 
арашалап алуғасөздің небір сүлейін жұмсаған, сондай-ақ ғылыми жағынан 
мұхиттай терең жазылған бұл еңбекті Абайтанудың қарлығашы деп 
бағалаған лайық. 
Сондықтан да болар, сыншы Сағат Әшімбаев «Шындыққа 
сүйіспеншілік» кітабында: «... Абай тағылымына тағзым етуді өзінің 
азаматтық борышына санауға тиіс санаткерлердің қай-қайсысы да бұл 
мақаланы айналып өтуі мүмкін емес дер едік», – деп ерекше 
сүйіспеншілікпен жазады. 
Аталмыш еңбегін Құдайберген Қуанұлы былай бастайды: «


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   239




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет