Қазақ
әдебиетінің тарихындағы Абайдың ұстайтын орнын босағаға қарай
ысырмалаушылар, оған да місе тұтпай, табалдырықтан шығарып
тастаушылар, менің байқауымша, даусыз бір моментті ескермей жүр; ол
өз тұсында, жалғыз қазақ қана емес, басқа көршілес елдерден де Абайдың
228
әдебиеттегі үздіктігі
». Бұл баға Абайды кім деп, Абай шығармашылығын
қалай деп тану үшін қазақ қоғамында, үлкен толқу туған кезде, жаңа қоғам өз
байлықтарын қалай бағалаудың әлі белгілі бір жүйесін қалыптастыра
қоймаған, сол үшін пікір күресі жүріп жатқан кезде жазылған. Тарихи
жауапты кездерде ғылыми талдау ғылымикөрегендікпен ұштасуы қажет
болады, сонда ғана ұлттық мүдде өзінің қолдауын табады, әділ бағасын
алады. Өткір ойлы ғалым Абай мен Абай өскен ортаны, Абай поэзиясын
бүкіл батыс пен шығыс тарихында белгілі ойшылдармен салыстыра келіп,
«
Абай – жағдайының жағдайсыздығы тудырған, басып тұрған қараңғылық
ішінен келер таңның шолпаны болып елестеп, тұнып тұрған тымырсықта
келер дауылдың дауылпазы болып күңіренген адам
», – деп бағалайды.
Ғалымның Абай поэзиясының лирикалық сипатын талдауына
таңданбасқа шараңыз жоқ. Қараңыз: «...
Абайда шағатайдың іші болып,
сырты болмауы немесе сырты болып тұрып, іші болмауы мүмкін емес.
Ондай диссонансты Абай гармониясы көтермейді
». Кейінгі зерттеушілердің
көбі қазіргі әдебиеттің өзінде мұндай талдаудың сирек кездесетінін
мойындайды. Талдауларына тәнті бола отырып, Қ.Жұбановтың Орта Азия,
Шығыс халықтарының әлемге әйгілі ақын, жазушыларының туындыларынан
хабарының мол болғанын аңғарамыз. Олардың тіл ұстартудағы тақылетін
түбегейлі талдай келе, аталмыш ақындардың бірде-бірінің сол замандағы
шағатай әдебиеті мен әдеби тілінің ықпалынан құтыла алмағанын ашып
айтады. «
Абайды көрші елдердегі замандастары, бастастарымен
салыстырғанда, мырза Фаталиден басқа ешкім де шендесе алмай шығады
, –
деп жазады Құдайберген Қуанұлы, –
Ұлт тіліне, әдебиетіне сіңірген еңбегін,
ақындық күшін алғанда Абай бәрінен де озып шығады. Өйткені, ол кезде
таза халық тілімен жазып тұрып, ол жазғанын классик әдебиет үлгісімен
шығарған ол елдерде адам болған жоқ
». Қ.Жұбанов әзірбайжан әдебиетінің
классигі Мырза Фатали Ахундовтың шығыс мәдениеті мен ескі халық
надандығының әр түріне де қарсы күш жұмсағанын, артына өлмес мұралар
қалдырғанын көрсете келіп, оның әзірбайжан тілінде аса көп жазбағанын
ескертеді. Ал, Абай болса, шағатай әдебиеті әсерінен де, шағатай әдеби тілі
дәстүрінен де арылып, өз шығармаларын сап күмістей таза халықтың әдеби
тілінде жазғанын, ал жазғандарын классикалық әдебиет деңгейіне жеткізе
білгенін баса айтады. Шағатай әдебиетіндегі мистицизм, диуаналық лирика
Абайда атымен жоқ екенін саралаған Қ.Жұбанов оның Науаиден де ерекше
тұратынын таниды.
Ғалым Абайдың шағатай дәуірінде жазылған елеулі өлеңдерін талдай
келе, оның «бір аяғы шағатайда тұрса да, бір аяғы шетке аттауға таянған
кезі» екенін дәл байқайды. Шынында әуелгі жастық жалын сарынында
жазылған екі-үш өлеңінде ғана шағатай әдебиетінің ықпалын танығандай
боламыз. Ал бұдан кейінгі өлеңдерінің бәрі де – Қ.Жұбановтың
дәлелдеуіндей, асқан шеберлікпен шеңдесіп жататын дүниелер.
Осы орайда Қ.Жұбановтың шағатай әдебиетінің дәстүрлі мазмұны мен
түрін бақайшағына дейін шаға талдап, Абайдың одан ерекшелігін жеріне
229
жеткізе дәлелдейді: «
1) шағатай әдебиетінің негізгі бағыты – мистицизм;
Абайда бұл жоқ; 2)шағатай әдебиеті тілі араб-парсымен шұбарланған
Достарыңызбен бөлісу: |