354
мәселелері жөнінде Москвадағы,
Қазандағы, Бакудегі, Ташкенттегі,
Ленинградтағы аса көрнекті тіл мамандарымен хат жазысып пікір алысып
тұрды. Оның архивінде зерттеуші Поливанов, Богородицкий, Мещанинов,
Ағамалы оғлы, тағы басқаларынан келген хаттар жатушы еді.
Құдайберген оқып жүрген жылдарының өзінде де зерттеу
жұмыстарынан қол үзген емес. Араб әліппесіне негізделген қазақ әліпбиін
практикада үлкен қиындық тудыратынын көп дәлелдеп, өз кезінде латын
әліппесіне көшуге аянбай ат салысты. 1930 жылы түрік тілдерін зерттеуші
мамандардың Алматыда өткізілген съезіне қатысып, «Мағынасыз сөздердің
мағыналары» («Смысл безссмысленных слов») деген тақырыпта аса қызықты
баяндама жасады.
Құдайберген стилі жатық, тілі орамды, мейлінше шебер
жазатын адам еді. Оның журналистік, публицистік қабілеті, әдебиет,
мәдениет қазыналарын терең білетіндігі, ғылымның көптеген салаларына
байланысты өрісі кең білімі өзінің мамандығы болып кеткен тіл білімімен
астасып, жігі білінбей ұштасып жататын-ды. Қазақ күйлерінің тарихы
жайындағы тарихи-лингвистикалық очеркінде Құдайберген осындай қаламы
төселген шеберліктің аса бір нәзік үлгісін көрсетеді. Оның 1934 жылы
Абайдың қайтыс болғанына 30 жыл толуына арналған мерекеде жасаған
баяндамасы (кейін мақала түрінде жарияланған) – қазақ филологиясының,
әдебиеттану ғылымының алтын қорына қосылатын бағалы еңбек. Абайдың
өлең
құрылысындағы ерекшеліктерді, ақынның новаторлығын және
халық тілін пайдаланудағы шеберлігін алғаш көрсетушілердің бірі де осы
Құдайберген болды.
Құдайберген Қуанұлы Жұбанов аса ірі зерттеуші-түркологтардың
қатарынан орын алады. Ленинградтағы Шығыс институтының, соңынан Тіл
және ой институтының (қазір СССР ғылым академиясының Тіл білімі
институты) аспиранты болып жүрген кезінде-ақ ол шығыстану жөнінде кең
көлемді білімі бар, тілдің ең нәзік мәселелеріне шейін байқай білетін
зерттеуші-лингвист екенін аңғартты. Казақтың дарынды ғалымының таланты
мен қабілеті, әсіресе, республикамыздағы тұңғыш жоғары оқу орны –
Қазақтың Абай атындағы педагогтік институтының өмірінде айқын көзге
түсті. Құдайберген біраз уақыт институттың профессоры және қазақ тілі
кафедрасының меңгерушісі болып қызмет атқарды. Оның жалпы тіл білімі
мен
қазіргі қазақ тілі, түркология жөніндегі лекциялары қазақ
интеллигенциясының қалың көпшілігінің назарын еріксіз аударатын. Ол
ертедегі
түрік
ескерткіштерінің
тілін
мүлтіксіз
білетін
және
тыңдаушыларына
орхон-енисей
жазулары,
олардың
лексикалық,
грамматикалық және фонетикалық ерекшеліктері жайлы мол білім де
беретін.
Құдайбергеннің қаламынан күні бүгінге дейін өз актуалдығын
жоймаған толып жатқан бағалы ғылыми еңбектер туды. Баспа бетінде
жарияланған «Из истории порядка слов тюркских языков» (1936),
«Вспомогательные глаголы» немесе «Заметки о вспомогательных и сложных
глаголах»
сияқты
кітаптары,
көптеген
мақалалары
мен
түрлі
355
конференцияларда сөйлеген сөздері («К постановкеисследования истории
фонетики казахского языка», «Буын жігін қалай табуға болады», «Жаңа
грамматиканың жаңалықтары жайында», «Шылаулар, қос сөздер, біріккен
сөздер», «Об одном факте появления аффикса из
корневого слова» т.б.)
отандық түркологияға қосылған бағалы үлес болып табылады. Оның
еңбектері өзінің сипаты жағынан қарағанда салыстырмалы тарихи әдісті
қолдану жолымен жазылған. Рас, кей тұстарда Маррдың жалған ілімінен
қалған іздер де байқалады.
Қазақ және басқа түркі тілдеріндегі сөздердің орын тәртібі туралы
жазған еңбектерінде автор сөздердің орын тәртібін белгілейтін синтаксистік
нормаларды және олардың тарихи қалыптасу
жолдарын қызықты да
тартымды етіп баяндап, өз ойын ешкім теріске шығара алмайтын нақты
материалдармен дәлелдеп береді. Зерттеушінің алдына қойған мақсаты:
сөздердің орын тәртібінің қазіргі нормаларында ертеректегі тілден
қаншалықты ауытқу барын анықтап, сол арқылы түркі тілдерінің
құрылымдық ерекшеліктерінен туатын негізгі заңдылықтарды дұрыс түсіну
еді. Көмекші етістіктер туралы жазған еңбектерінде автор ана тілінің
лексикалық, грамматикалық құбылыстарын түсінуде терең білімпаз екенін
танытты. Казақ тіл білімінде тұңғыш рет Құдайберген «отыр», «жатыр»,
«тұр», «жүр» тәрізді көмекші етістіктерге ғылыми талдау жасап, олардың
лексикалық мағыналары мен қолдану орындарын анықтады.
Тарихи деректерсіз тілдік құбылыстарға шын мәнінде ғылыми талдау
жасау да мүмкін емес. Өз кезінде белгілі бір дәстүр ретінде қалыптасқан
яфетидология деп аталатын лингвистикалық бағытқа кейбір еліктеушіліктері
болғанымен, олар Құдайберген қалдырған
теориялық мұралардың құнын
жоққа шығара алмайды. Көрнекті ғалымның еңбектерінде тілдік
зандылықтарды тарихи тұрғыдан дұрыс баяндау жағы Н.Я.Маррдың
палеонтологиялық төрт элементті анализінен сөзсіз басым жатады.
Жоғарыда айтқанымыздай, 1930 жылдың өзінде-ақ Құдайберген тілші-
түркологтердің Алматыда болған съезінде одағай сөздер туралы баяндама
жасап, мал шаруашылығына байланысты айтылатын бірсыпыра одағайларды
этимологиялық тұрғыдан талдады, олардың бір кездерде сол малдарға
қойылатын ат екенін айтып берді («қош», «өк», «мо» сияқты одағайлар
тарихи жағынан «қой», «қошақан», «өгіз» сөздерімен, қытайдың «ат» дегенді
біддіретін «маа» сөзімен байланысты).
Құдайбергеннің ерекше атай кетуді қажет ететін еңбегі – «Қазақ тілінің
грамматикасы» (1-бөлім, жалпы морфология, 74-бет, 1936 жыл, қазақ орта
мектебінің V класына арналған). Автор мұнда сөздердің құрылымына және
қазақ тіліндегі құбылыстарға байланысты негізгі мәселелерді жүйелі түрде
мазмұндап шыққан. Айқын да нәрлі, стилистикалық жағынан орамды
қазақтың әдеби жазылған бұл еңбек қазақ тілі жөнінде оқулық жазатын
көптеген авторлар үшін тамаша үлгі болады.
Құдайберген өз мақаларының тұтас
бір сериясын практикалық
білімінің мәселелеріне – орфографияға, терминологияға, қазақ тілін оқыту
356
методикасына арнады. Республикамыздағы тілдік құрылыстың белгілі бір
мәселелері жөнінде ғылыми айтыстарда Қ.Жұбанов асқан шеберлік
қабілетімен ерекше көзге түсіп тұратын.
Құдайбергеннің есімі өз кезінде қазақ интеллигенциясының, әсіресе,
ағарту қызметкерлерінің арасында мәлім болатын. Ол СССР ғылым
академиясының
Қазақ
филиалында,
республиканың
Оқу
халық
комиссариатында жетекші қызметтер атқарды. Сонымен катар ол көрнекті
қоғам қайраткері де еді. 1935 жылы Құдайберген Қазақстанда болған
мәдениет қызметкерлері съезінің ұйымдастыру комитетінің председателі
болып сайланып, өзі сол съезді ашып сөз сөйледі. Сол 1935 жылы ол
Советтердің Бүкілроссиялық XVI съезіне
Қазақстаннан делегат болып
сайланып, съезде патриоттық жігермен сөз сөйледі.
Біз, Құдайбергеннің замандастары әрі достары, Октябрьден кейін туып
жетілген советтік тіл ғылымының, оның ішінде қазақ білімінің негізін
салушылардың бірі болған марқұм Құдайберген Қуанұлы Жұбановтың игі
еңбектерін еш уақыт ұмытпақ емеспіз.
(Шығармалар жинағы. 20 томдық.
–Алматы: «Жазушы», 1995. –358-383-бб.)
Достарыңызбен бөлісу: