Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген


Ақылгөй аға, ұлағатты ұстаз



Pdf көрінісі
бет209/239
Дата06.10.2023
өлшемі3,08 Mb.
#113265
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   239
Байланысты:
fccc01431d3e67547942d7aa722f633c

Ақылгөй аға, ұлағатты ұстаз 


391 
Құдайберген Қуанұлы Жұбановтың омырауында Қазақстан Орталық 
атқару комитетінің мүшесі екендігін білдіріп тұратын «КазЦИК» деген 
жазуы бар белгі болатын-ды. Демек, қазіргі ұғым бойынша, Қ. Қ. Жұбанов 
Қазақстан Жоғарғы Советінің депутаты, яғни республикамыздың ірі қоғам 
қайраткері болғанын көреміз. 
Қ.Жұбанов ҚазПИ-дің тіл-әдебиеті факультеті оқытушыларының 
ортасындағы жалғыз ғана профессор еді. Осы атақ, лауазымдарға қарай 
факультет коллективі оны аса ардақтап, сыйлайтын-ды. 
Қ.Жұбанов орта бойлы, буырыл тарта бастаған толқынды, қою қара 
шашты, қара торы жүзді адам еді. Оның барқыттай қоңыр үнді дауысы, 
мазмұнды ойына орай сөйлеген сөзі әрі әуезді, әрі сазды шығатын-ды. Оның 
қимыл-қозғалысы да, жүріс-тұрысы да кескін-келбетіне сай сабырлы, майда 
болатын-ды. Қ.Жұбанов адамгершілігі мол, ақ көңіл, кішіпейіл адам еді. Ол 
кісі үлкендер былай тұрсын, жасы кіші адамдарға да, мысалы, студенттермен 
қарым-қатынас жасағанда да, «сен» деген сөзді ешуақыт тұтынбайтын, дәйім 
«сіз» деп сөйлейтін. Қ.Жұбанов халықты, көпті жақсы көретін, үнемі көппен 
әңгімелескенді, қарым-қатынасты ұнататын, бұқарашыл адам еді. Мысалы, 
жексенбі күндері әрдайым жатақханаларды аралап, студенттердің қал-
жайларын біліп, тұрмыс-тіршіліктерімен танысып, әңгімелесіп жүретін. 
Жатақхана аралаған осындай шақтарда да, басқа жұмыс күндерінде де, 
кейбір ересек студенттермен жиі әңгімелесетін. Әсіресе жоғарғы курс 
студенттерінің ішінен Әди Шәріповпен, Ғайниден Мұсабаевпен, Шаймерден 
Балжановпен, Әкім Әйнековпен және басқа озат оқитын студенттермен етене 
сөйлесіп тұрғанын көп көретінбіз. 
Профессор Қ.Жұбановтың осындай әрі ағалық, әрі ұстаздық қарым-
қатынасы осы естелікті жазып отырған менімен де оқуға түскен алғашқы 
айдың өзінде-ақ басталып кеткен еді. Сол кездегі есте қалған кейбір жайларға 
қысқаша тоқталмақпын. 
Мен орта мектепті өз құрбы-құрдастарыммен уақыт жағынан бір 
шамалас бітірсем де, жоғары мектепке тіпті кешігіп, алты жылдан кейін зорға 
түстім. 1930 жылы Қарқаралы қаласында әуелде гимназия, кейін реалдық 
училище, одан соң тоғыз жылдық мектепті бітіріп, математиканы өте жақсы 
әрі сүйіп оқығандықтан, Томскідегі университетке барып түсіп, не 
математикадан, не технологиядан маман болып шығуды қатты көкседім... 
Бірақ бұл арманым бірден орындалмады. 
Әлі есімде, 1936 жылдың сентябрь айының орта шені, бір күні қасында 
факультеттің деканы бар, профессор Жұбанов біздің класқа келді. Ол кісі 
класқа келген бойда, мақсаты – студенттермен жақын танысу, кімдердің 
қандай мектепті қалай бітіріп келгенін білу екенін айтты да: «Староста кім 
болады, әңгімемізді содан бастайық», – деді. Мен фамилиямды айтып, ұшып 
түрегелдім де өзімді таныстыру үшін, 1930 ж. Қарқаралы қаласында (Семей 
облысы) әуелі гимназияда, одан кейін реальное училище деп аталып, 
кейіннен бастауыш мектепке мұғалім даярлайтын мамандығы бар тоғыз 
жылдық мектепті бітіргенімді, сонан соң Томск қаласына оқуға бармақ 


392 
болғанымды, бірақ бара алмаған себептерімді, журналист боп қызмет 
атқарғанымды, соңғы 1935 жылы Петропавлдағы қазақ педучилищесінде 
қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі болғанымды, биыл оқуға түскенімді 
қысқаша баяндадым. 
Профессор Жұбанов өзге студенттермен де осылай танысып болып, 
рақмет айтып, кластан шығып кетті... 
1936 жылы сентябрь айының, ұмытпасам, басында өзіммен бірге 
оқитын Айқынбаев Өмірәлі дейтін студентпен Юных Коммунаров 
көшесіндегі жатақханадан шығып, Федерация паркі арқылы өтіп Совет және 
Красин көшелерінің түйіскен жеріндегі есіктен шыға бергенімізде, қарсы 
алдымыздан екі кісі ұшыраса кетті. Қарасам, біреуі көптен көрмеген, бір 
кезде маған әрі аға, әрі жолдас болған ескі досым – Кәрібай Барманқұлов 
деген кісі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   239




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет