Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген


нан кешкен  тарихымды әңгімеледім. Осылай бір-біріміз бен



Pdf көрінісі
бет211/239
Дата06.10.2023
өлшемі3,08 Mb.
#113265
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   239
Байланысты:
fccc01431d3e67547942d7aa722f633c

нан
кешкен 
тарихымды әңгімеледім. Осылай бір-біріміз
бен
көптен бері көріспегенімізді 
айтып біткеннен кейін, 
мен
туралы профессор Жұбановқа өзі білетін 
мәліметтердің бәрін тізіп айтып, «сіздің жақсы шәкіртіңіз болады» 
деп
сендіргенін айтты. 
Оқу тиісті кесте бойынша жүріп жатты. Бірақ көңілімнің түкпірінен бір 
түрткіл ой – күптілік кетпей жүрді. Өйткені Қызылжарда қалған 
жолдастарымның 
хаттарына 
қарағанда, педучилищенің басшылары 
Казнаркомпросқа үсті-үстіне хат жазып, менің қызметіме қайта баруымды 


393 
сұратып жатқан көрінеді. Осы күдік бір күні расқа шықты. Институт 
директоры Бекжанов кабинетіне шақырып алып: 
–Сіз бұрынғы қызметіңнен рұқсатсыз кетіп қалып, бізге оқуға түскен 
көрінесіз, Наркомпрос сізді оқудан шығарып, өздерінің қарауына жіберу 
жөнінде бұйрық беріп отыр, мен осы бұйрықты орындамақшымын, – деді. 
Мен өзімнің рұқсатсыз кеткен себебімді, институтты бітіруге 
құмарлығымды айтып, мені оқудан шығармай қалдыруды өтіндім. Директор: 
«Сіздің тілегіңізді мен түсінемін, пікіріңіз дұрыс, бірақ Қызылжардағы 
қызмет істеген жеріңізде сіздің беретін сабақтарыңыз тоқтап қалған көрінеді, 
Наркомпроста осы себептен сізді бұрынғы орныңызға қайтарып жіберуді 
бұйырды. Мен ол бұйрықты орындамасқа шарам жоқ, егер Наркомпрос 
қалдырса, мен сіздің оқуыңызға қарсылық етпеймін. Сіз сонда кадр 
басқармасының бастығы Аспандияров Сәкен жолдасқа барыңыз да, 
мұңыңызды айтыңыз, – деді. 
Аспандияров жолдасқа келіп, арызымды айтып едім «Мен де сізді 
түсінемін, бірақ оқуда қалдыруға лажым жоқ, өйткені онда (Қызылжар 
педучилищесінде) сіздің пәндеріңіз жүрмей қалып, биыл бітіретін кластарда 
өте-мөте қиыншылық туып отырған көрінеді. Сізді қайта орныңызға жіберуге 
Наркомның орынбасары маған әмір берді. Мен соны орындауым керек, – деп 
үзілді-кесілді өз қортындысын айтты. 
«Наркомның орынбасарының жарлығын тек Наркомның өзі ғана бұза 
алады, сол жерге барып көріңіз», – деген соң Наркомның қабылдау бөлмесіне 
барсам, ол кісі командировкаға кеткен екен. Осыдан кейін Наркомның келуін 
күтіп жарты айдай жүрдім, онан қала берді ол кісі келгеннен кейін мені 
қабылдауға уақыты болмай, тағы біраз жүрдім. 
Әлі есімде октябрь айының орта шені жексенбі күні жатақханада менен 
басқа ешкім жоқ, Омбыдағы, Қызылжардағы інілеріме хал-жайымды, қайта 
Қызылжарға барып қалу мүмкіндігімді айтып хат жазып, екіншіден, қалып 
қойған кейбір сабақтардың конспектілерін толықтырып отыр едім, біреудің 
есікті ашып: «Сәлематсыз ба?» – деген даусын естідім. Қарасам, профессор 
Қ.Жұбанов екен. Орнымнан ұшып түрегеліп, амандасып, қарсы жүріп едім, 
«алаңдамаңыз, мен сізге бөгет жасаған екенмін, бөгелмей кетемін», – деп 
орындыққа отырды. Мен өз жайымды, оқудан шығып қалып, бұрынғы 
жұмысыма оралуға тиісті екенімді, үш бірдей інім бар, олардың да мені күтіп 
жүргенін, бір жағынан, солар үшін елге барғым келетінін, екінші жағынан, 
оқы
ғым
келетінін, не істерімді білмей дал боп жүргенімді қысқаша 
баяндадым. 
Ол кісі зейін қоя тыңдады да, «Жарайды, ойласайық, ал қазір 
жатақхананы аралауға қарсы емессіз бе?» – деп қолқа салды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   239




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет