65
да ғалым баса айтқан: «
Біз дауыстының да, дауыссыздың да ұзындығын
фонема ретінде пайдаланбаймыз. Бір дыбыстың бір жерде ұзын, екінші
жерде қысқа айтылуы кездесе берсе, екі сөзді бір-бірінен айырса фонема дер
едік
».
Жан-жақты ғалым ретінде Құдайберген Жұбанов фонема теориясын,
оның негізгі
мәселелерін жақсы білген, себебі ол Санкт-Петербург
университетінде оқып, Ленинград фонологиялық мектебінің принциптері мен
қағидаларын ұстанған. Оны біз ғалымның келесі келтірілген мысалдарынан
және теориялық тұжырымдарынан көреміз: «
Сөйлегенде дыбыстаймыз.
Сөзді естігенде сол дыбыстарды есітеміз. Сөз көп. Бірақ, әр сөздің
дыбысталуы әр түрлі. Сондықтан, сөз қаншама көп бола тұрса да, бірін-
бірінен айыру қиын болмайды. Бір сөзді екінші сөзден айырғанда, екеуінің
дыбысталуында бір айырмашылық болғаннан айырамыз.
Быж-тыж қып бай-жуанды осы маңда,
Кенеледі-ау кедей біткен бүгін таңда!
–
дегендегі
Достарыңызбен бөлісу: