арқылы
берілетінін салыстырып оқытатын. Оның бұл әдісі оқушы көкейіне
жеңіл қонатындықтан, сабаққа олар
да
белсене қатынасатын. Өзіне қазақша
аудару қиын
түсетін
текстерді класта отырып, оқушыларға аудартатын. Бұл
жұмыс ұтымды, қонымды болғанымен, уақытты көп алатындықтан, сабақтан
кейін бір-екі орысша тәуір білетін студенттерді алып қалып, келесі сабаққа
арналған, немесе басқа курстарда өтілетін текстерді қазақ тіліне аудартып
алатын. Бұрын газетте істеп, орысшадан қазақшаға текст аударуға әжептеуір
төселіп қалған мені үнемі осы жұмысқа тартып, қазақша текстерді тексертіп
алып отыратын. Осындай бір сабақтан кейінгі жұмыс үстінде ол осы
397
салыстыру әдісі уақытты көп алғанымен, тілдің ерекшеліктерін тез және
айқын түсінуге мүмкіншілік беретіндіктен, осы әдісті қызығып өткізіп
жүргенін, осының салдарынан диссертациясы да аяқталмай, кешігіп
қалғанын айтты. Содан кейін ол:
–Дегенмен, диссертация аяқталып келе жатыр, ол жөнінде мен проф.
Жұбановпен үнемі ақылдасып, ақыл-кеңес алып отырамын, ол орысша да
жақсы білетін тамаша ғалым, сондықтан мен осы өзім әдістеніп жүрген
салыстыру әдісі жайында кеңескенімде, олкісі бұл әдісті ұнатты, әрі ол
орысша текстерді қазақ тіліне аударғандарымды қарап шығып, түзетіп берді
және аударуға 1-курстағы сені көмектесе алады, – деді.
Оның бер жағында проф. Жұбанов кафедраның мәжілісінде
жоғарыдағыдай коллоквиум, практикалық семинар т. с. сияқты жұмыстар
жүргізген оқытушыларды тыңдап отыратын-ды.
Мен староста ретінде қатысып жүріп, кафедра мәжілісінде жоғарыдағы
үш оқытушының баяндамаларынтыңдағаным әлі есімде.
Сөйтіп, 1936-1937 оқу жылында бірінші курс бітірген біз жоғарыда
аталған ана тілінің нормативті курсы, «Тіл біліміне кіріспе», орыс тілі және
олардың үстіне неміс тілінен – тіл білімінің төрт пәнінен дәріс алдық. Екінші
курста 1937-1938 оқу жылының басынан проф. Жұбанов «Қазақ тілі тарихы»
атты курсты оқи бастады. Кіріспе сөзінде бұл курстың аты болғанымен, заты
айқын еместігін, демек, бүкіл курс былай тұрсын, оның жеке-жеке мәселелері
ешқандай тексерілмегенін де айтты.
Дегенмен ана тілінен жоғары білім алатын оқушыларға сол тілдің
тарихы жөнінде қандай да болса белгілі бір көлемде мағлұмат беру шарт
болады, осы себеппен бұл курсты жыл бойы зерттей отырып, жүргізуді мақұл
көретінін сөз етті.
Біраққандай да бір зерттеу жұмыстары болмасын, қалай болса, солай
емес, тиісті әдістер бойынша жүргізілетінін, сол себептен, алдымен тілді
тексеретін әдістер жайында сөз қылатынын айтты. Тілді зерттейтін түрлі-
түрлі әдістерді сипаттай келіп, солардың ішінен екі түрлі әдіске профессор
көбірек тоқталды. Оның бірі – тілді палеонтологиялықталдау жолымен
зерттеу әдісі, екіншісі – тілдерді бір-бірімен тарихи тұрғыдан салыстыра
тексеру әдісі еді. Професссор Жұбанов палеонтологиялық әдіс әрі ерте
заманнан бар, әрі тілден басқа ғылымдарды тексеруге де қолданылып келе
жатқан әдіс екенін айта келіп, бұл әдісті тіл біліміне бұрын материалдық
мәдениет саласын тексеріп келген маман академик Н.Я.Марр енгізгенін,
оның «Тіл туралы жаңа ілім» деген еңбегі осы палеонтологиялық талдама
бойынша жасалғанын айтты. Бұл ілім жаңа-жаңа ғана тарап, оны жұрттың
бәрі бірдей қолданбай, тек санаулы мамандар ғана басшылыққа ала бастады
деп мәлімдеді.
Ал тарихи-салыстырмалы әдісті өткен ғасырда үнді-европа
ғылымының негізін салушылар енгізіп, кейінгілер оны бірте-бірте жетілдіріп
келе жатқанын және бұл әдістің кемшіліктері бола тұрса да, дұрыс қолданса,
өте ұтымды екенін профессор Жұбанов мысалдар арқылы баяндады.
398
Проф. Жұбанов өзі жүргізетін «Қазақ тілі тарихы» атты курсты осы
әдіс бойынша зерттей отырып, жасамақшы екенін айтты. Бұдан кейін проф.
Жұбанов қазақ тілі «түркі тілдері» деп аталатын топқа жататынын түсіндіре
келіп, бұл топтағы тілдер өз ерекшеліктеріне қарай іштей әлденеше алыс-
жақын туыстықтарға бөлінетінін баян етті, сондай-ақ түркі тілдерін
топтастырған Корш, Радлов, Самойлович және басқа тюркологтердің
пікірлеріне тоқтай отырып, бұл мәселеге өзінің көзқарасы қандай екенін
айтты.
Бұдан әрі жазу ескерткіштері сақталмаған қазақ тілі тарихын қалай
зерттеп, қалай баяндау керек екеніне тоқтады. Проф. Жұбанов қазақ тілі
тарихының мәселелерін көне түркілердің жазу ескерткіштерінің тіліне, орта
ғасырдағы үлкен ескерткіш – Махмұт Қашқари сөздігіне, одан кейінгі
барлық түркі тілдеріне ортақ «шағатай тілі», көне ұйғыр тілі деп аталатын
және сол сияқты басқа да араб жазуы арқылы жеткен ескерткіштердің
тілдеріне байланыстыра салыстыру арқылы анықталатынын баяндады.
Мұндай
зерттеу
жұмыстары
аталмыш
материалдар
Достарыңызбен бөлісу: |