Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген


ба (кітап), (кітапты) жазба!



Pdf көрінісі
бет35/239
Дата06.10.2023
өлшемі3,08 Mb.
#113265
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   239
Байланысты:
fccc01431d3e67547942d7aa722f633c

ба (кітап), (кітапты) жазба! 
(қыс па?) жаз ба?
 деген үш сөздің дыбыстарының түрі де, тізілу тәртібі де 
бірдей. Сөз мүшелерінің саны мен реті де бірыңғай: үшеуінде де түбірдің 
дыбыстары 
ж

а

з
 үшеуінде де бір-бір жамау мүше бар, оның дыбыстары 
да бірдей. Солай бола тұрса да, бұл үш сөздің дыбысталуында айырма бар: 
үшеуінің әні үш түрлі. Сондықтан, дыбыстарының түрі бір болса да, әні 
түрлі болғасын, бұл үш сөздің үш түрлі екенін сеземіз
», – дейді ғалым. 
Қ.Жұбановтың бұл пайымдаулары интонация теориясымен ұштасып 
жатқандығында дау жоқ. Ғалым келтірген бір сөзден тұратын сөйлем 
хабарлы, лепті, сұраулы интонемалармен сипатталып тұр және интонемалар 
сөйлем ажыратушы қызметін атқаратынын көреміз.
Бұл жерде қазіргі тіл білімінің жаңа бағыты 
интонологияның
ең 
шағын бірлігі интонема жайында түсінік бермей кете алмаймыз. Сөйлемнің 
барлық түрлерінде де интонеманың өзіндік орны, атқаратын қызметі бар. 
Сөйлемнiң қай-қайсысы болса да (бір сөзден тұрса да, мыс.: 
жазда

интонемасыз сомдала алмайды, себебі ғалымның айтуынша, «
бір сөздің өзі 
түрліше әнделе береді
». Қандай тілде болсын, ол тілде сөйлеушінің 
санасында сол тілдің негізгі интонемалары сақталып, сөйлесуінде үлгі 
ретінде қолданылады. 
Интонеманың
да 
фонема 
сияқты мағына ажырату 
қасиеті болады, оның негізгі қызметі сөйлемдерді сомдап, коммуникативтік 
мағынасымен эмоциялық түрлерін анықтау. Интонемалар фонемалар сияқты 
өзінің варианттарында өмір сүріп, солар арқылы нақтылы жүзеге асады. Сөз 


78 
ағымында сөйлеу жағдаятына байланысты интонема варианттары көрініс 
табады. Интонемалардың варианттары сөйлеу тілінің барлық түрлерінде 
қолданылады. Сондай-ақ интонема сөйлемді түзетін ең маңызды әмбебап 
факторлардың бірі деп айтуға болады. Ал интонеманың просодикалық 
тәсілдері барлық тілдердегі сөйлемнің әр алуан түрлерін сомдап қана қоймай, 
оларды жіктеуде және бір-бірінен ажыратуда, айыруда да зор қызмет 
атқарады.
Қ.Жұбановтың «дауыс сазына» қатысты пікірлері интонема 
теориясымен сабақтасып жатыр: «
Дауыс сазы деген – қосалқы, қосымша 
қосып білдіретініміз сияқты, сөз мағынасының түрленгенін білдіретін бір 
амал болып шығады. Сөйлемді хабар сазды, леп сазды, сұрау сазды деп 
таптастыру, 
сөйтіп 
берген 
хабарына 
айтушының 
өзі 
қалай 
қарайтындығын өзінің көңілін қандай сазбен білдіргеніне қарай, қысқасы, 
сөйлемді дауыс сазына қарай таптастыру болады
». 
Сондай-ақ ғалым дауыс сазының үш түрін көрсетіп отыр, олар хабар 
сазы (тиянақты интонема), леп сазы (лепті интонема), сұрау сазы (сұраулы 
интонема), оларға сипаттама береді. «
Дауыс тыныш бір қалыппен, әр сөз 
сөйлемнің қай мүшесі екеніне, қай орында тұрғанына, хабарда қандай орын 
ұсталғанына қарай, бұл әнінің өзі тағы өзгеріп (әнделіп) отырады
», – деп 
ғалым хабар сазды сөйлемді бейнелеп, мынадай мысалдар келтірген: 
Жаз 
шықты. Күн жылы. Жуырда құс келіп болады. 
Профессор Қ.Жұбановтың сонау ХХ ғасырдың 30-жылдары айтып 
кеткен ойларын кейінгі эксперименттік-фонетикалық зерттеулердің 
нәтижелері дәлелдеп отыр. Бұлардың интонациялық тоны басында аздап 
көтеpiлiп, негiзгi тон жиiлiгi сөйлемнiң мағыналық өзегiнде молайып баpып, 
содан кейiн жайбаpақат төмен түсiп баpып тынады. Бip мүшелi хабаpлы 
сөйлемдеp көбiнесе оpта тоналды pегистpде айтылады да, тоналды 
диапазоны мен интеpвалы шамалы болады. Тонның теpминальды төмендеуi 
де үдемеліктің азайып, минимальды мағынаға ие болуымен байланысты. 
Үдемелік пен негiзгi тон жиiлiгiнiң сызығы да өзаpа бip бipiмен 
пpопоpционалды болады. Бip мүшелi хабаpлы сөйлемдеp әдетте онша қатты 
емес, оpташа дауыспен айтылады. Мұндай сөйлемдеpдiң аяғына қаpай 
қаpқынның жылдамдығы мен ұзақтылықтың сәл ғана молаюы байқалады. 
Хабарлы сөйлем 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   239




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет