189
бойынша «Фотон-М» деген ғарыштық аппаратты ұшыру арқылы іске асырылуда.
Ғарыштағы жағдайда жануарлар мен өсімдіктердің жасушаларымен қатар,
микроорганизмдердің де салмақсыздық, гравитациялық тартылыстың болмауы жəне
т.б. ерекшеліктері кезіндегі өсу үдерістері зерттелінеді. Мысалы, «Биотрек»
бағдарламасы бойынша МКС-экипажы арқылы 2006 жылы ғарыштық кеңістікке
микориза саңырауқұлақтарының штаммдары салынған төрт контейнер жіберілді.
Сол контейнердің ішіне радиацияны зерттеу жəне ауыр элементтердің энергиясын
анықтау үшін радиодатчиктерді орналастырды. Осы бағдарламаның мақсаты –
саңырауқұлақтардың өнімділігіне жəне биохимиялық қасиеттеріне күшті
радиацияның əсерін зерттеу болатын.
Ғарыштық биотехнология дамуының басым бағыттарына келесі мəселелерді
жатқыза аламыз:
1) ғарышта биологиялық құнды заттардың құрылысын анықтау жəне оларды
медицинада, фармакологияда, ветеринарияда қолдану үшін сапалық кристалдарды
алу;
2) ғарыштадағы микрогравитация жағдайында микроорганизмдердің
рекомбинанттық штаммдарын, өсімдіктердің төзімді жəне жақсартылған
жасушаларын
сұрыптап
алу, оларды
медицинада, фармакологияда,
ауылшаруашылығында, экологияда қолдану;
3) биология жəне биотехнология салаларында фундаменталдық білімін
кеңейту үшін бионысандарға ғарыштық факторлардың əсерін зерттеу.
Қазақстанда 1991 жылдан бастап «Мақсат» атты ғарыштық бағдарлама
бойынша əртүрлі бағыттағы жеті ғылыми-зерттеулер жүргізілуде. Мысалы, олардың
ішінде келесі тақырып аясындағы зерттеулері бар:
1) «Өсірілген бидай жасушаларына ғарыштық факторлардың əсерін зерттеу»;
2) «Картоп селекциясында жаңа биотехнологияларды қолдану»;
3) «Ғарыштық факторлардың əсерімен байланысты метаболизмнің ерекшілігін
анықтау»;
4) «Бидайдың селекциясында патогенге төзімділігіне микрогравитацияның
əсерін зерттеу» жұмыстары жүргізілді.
Достарыңызбен бөлісу: