Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011


 Қазақстандағы биотехнология ғылымының негізгі бағыттары мен



Pdf көрінісі
бет115/160
Дата08.10.2023
өлшемі4,09 Mb.
#113360
түріОқулық
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   160
Байланысты:
Аубакиров Биотехнология

5. Қазақстандағы биотехнология ғылымының негізгі бағыттары мен
болашағы
Биотехнологиялық 
зерттеулер 
Қазақстан 
Республикасының 
ұлттық
академиясының ғылыми зерттеу институттарында, Қазақстандық ауылшаруашылық
ғылымдары жəне бірқатар жоғарғы оқу орындарында шетелдік, əсіресе Қытай,
Германия, АҚШ, Польша тағы басқа елдердің ғалымдарымен бірлесіп гендік,
хромасомалық, жасушалық, ұлпалық жəне популяциялық деңгейлерде зерттеулер
жүргізуде.
Республикамызда 1993 жылы Биотехнологиялық Ұлттық Орталығы құрылды.
Осы Орталықтың молекулалық биология саласындағы фундаментальді зерттеулерін
жүргізілетін базалық мекемесі ретінде М. А. Айтхожин атындағы молекулалық
биология жəне биохимия институты белгіленген еді.


190
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2 тамыз 2005 жылғы № 802 қаулысы
бойынша «Қазақстан Республикасы ұлттық биотехнология орталығы» РМК
құрылған еді. Бұл орталықтың негізгі мақсаты – биотехнология саласындағы
ғылыми зерттеулеріне барынша қолдау көрсету, Мемлекет мүддесі мен ғылыми-
техникалық даму кезеңдері үдерісіне сай келетін ғылыми-ізденіс жұмыстарына
бағдарламалар жасап, бағыт беру болып табылатын. Соған сəйкес фундаментальды
жəне қолданбалы маңызы бар бағыттар қатарындағы шығымдылығы мол,
экологиялық жағынан қауіпсіз жəне қалдықсыз технологияларды ендіру, ғылыми
мүмкіндігі зор кəсіпорындар мен ондағы ғылыми-интеллектуалды байлықты
қорғауды 
ұйымдастыру, отандық 
технологиялар 
мен 
шет 
елдерден
ауылшаруашылығына, денсаулық сақтау саласына, қоршаған ортаны қорғау, тамақ
жəне 
қайта 
өңдеу 
өнеркəсіптеріне 
ендірілетін 
озық 
жетістіктерінің
коммерцияландырылуын қамтамасыз ету, ғылыми мамандар дайындау мен олардың
білімділігін көтеруге жағдай жасау сияқты өзекті мəселелер алға қойылды. Сонымен
бірге, Қазақстанда альтернативті энергия көздерін алу бағытында биоотын өндіру,
күн сəулесі батареяларын пайдалану, жел энергиясын алуда арнайы қондырғыларын
орнату сияқты бағыттардың дамуына мол мүмкіндіктер бар.
Елбасының алға межелеген Қазақстанның дамыған 50 елдер қатарына ену
стратегиясына сəйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің 31 наурыз 2006 ж. №222
қаулысындағы «Жаңа ғылыми-зерттеу комплексін» ұйымдастыру мақсатына сəйкес
«Қазақстан Республикасы Ұлттық биотехнология орталығын» Астана қаласында
құру ұйғарылды.
Құрылған орталық құрамына келесі құрылымдар кіреді:
ҰБО (НЦБ), Астана қаласы;
МСМ (ДГП), «Республикалық микроорганизмдер коллекциясы», Астана
қаласы;
МСМ (ДГП), «Биологиялық қауіпсіздік мəселелері ғылыми-зерттеу
институты», Жамбыл облысы, Гвардейский елді мекені;
МСМ (ДГП), «Өсімдіктер биологиясы жəне биотехнологиясы институты»,
Алматы қаласы;
ҰБО (НЦБ) филиалы, Степногорск қаласында.
Қабылданған бағдарламаларға сəйкес ҰБО (НЦБ) қолданбалы зерттеулер
болып есептелінетін төменде келтірілген бағыттарындағы ғылыми-техникалық
ізденіс жұмыстарына басшылық етті:
1. «Қазақстан Республикасында 2006-2008 ж.ж. биотехнология кластерін құру
үшін қажетті жаңа технологияларды қалыптастыру»
2. «Құс тұмауы: зерттеу, оларға қарсы дəрмектер мен əдістерді қалыптастыру
2006-2008 ж.ж.»
3. «Қазақстан Республикасының 2006-2008 ж.ж. биологиялық жəне химиялық
қауіпсіздігінің ғылыми-техникалық қамтамасыздандырылуы»
4. «Қазақстан Республикасының 2004-2006 ж.ж. өсімдік жəне малдардың аса
қауіпті 
инфекцияларының
мониторингі 
мен 
генетикалық
карталандырылуын ғылыми-техникалық қамтамасыздандырылуы»


191
Осындай бағдарламаларды орындауда шет елдік ғалымдармен бірлескен
жұмыстар жүргізілуде. Зерттеу жұмыстарымен барлығы 30-ға жуық ғылыми
мекемелер айналысса, оның ішінде 6-нда шет елдер ғалымдары тартылған:
- АҚШ- нан Аубурн, Техас жəне Калифорния университеттері;
- Францияның Ұлттық ғылыми-зерттеу орталығы;
- Жапонияның Нагасакий университеті;
- Ресейдің Мемлекеттік вирусология жəне биотехнология ғылыми орталығы.
Қазіргі кезде биотехнолог-мамандарды Республикамыздағы жетекші ЖОО
болып табылатын Əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің биология
факультеті дайындайды. Аталған жоғары оқу орнының биология факультетінің
жанында құрылған «Биология жəне биотехнология мəселелері» жəне «Экология
мəселелері» ғылыми-зерттеу институттарында биотехнологиялық мəселелер
бойынша ғылыми жұмыстар жүргізілуде.
Астана қаласындағы Биотехнология орталығына үлкен қаржылар құйылып,
қазіргі 
заманауи 
құрал-жабдықтармен 
қамтамасыздандырылуда. Ғылыми
сыйымдылығы жоғары жəне тиімді технологиялық өндіріс салаларының
қажеттілігіне байланысты, Қазақстан Республикасында биотехнология өндірісінің
кейбір басым бағыттарын дамыту жоспарлануда. Атап айтқанда – медициналық,
ауылшаруашылық, өнеркəсіптік жəне экологиялық бағыттары.
Республикада өндірісте биотехнологиялық өнімдерді өндіруге қажетті
өндірістік кешендер салынып, оларға қажетті техникалар мен қондырғылар əкелініп,
технологтар, иммунолог, биологтар жəне т.б. мамандар дайындалуда. Мысалы, ҰБО
қабылданған бағдарламаларына сəйкес, елімізде соңғы кездерде биоэтанол өндіретін
зауыт (Солтүстік Қазақстан) салынып, көптеген аудандарда биогаз өндіретін
қондырғылар пайдаланылуда. Жамбыл облысында БМ зауытында этанол өндіру
жолға қойылса, Қордай ауданы аумағында орналасқан «Биологиялық ғылыми-
зерттеу институтында» құс тұмауын қоздырушы Н
1
N
1
вирусына қарсы дəрмек
шығарылып, Москва қаласына клиникалық сынақтан өтуге жіберілген. Сонымен
бірге фосфор зауытының қалдықтарын биотехнологиялық жолмен өңдеу
жұмыстары да қарастырылуда.
Қазақстан Республикасы «Инфекцияға қарсы препараттар ғылыми орталығы»
РМК-да ФС-1 дəрмегі жасалған. Оның микробқа жəне вирусқа қарсы белсенділігі
айшықты байқалған жəне иммунитетті айтарлықтай, яғни төрт есеге дейін
арттыратыны анықталған. 2004-2008 жылдары шетелдік мамандардың қатысуымен
халықаралық стандарттар бойынша клиникаға дейінгі зерттеулер жүргізіліп, жаңа
дəрмектің бірегей терапевтік тиімділігі көрсетілген. ФС- 1 дəрмегінің тиімділігі өкпе
құрты ауруымен науқас адамдарға жəне иммундық жетіспеушілігі вирусына (ВИЧ-
инфекциясы) шалдыққан ауруларға қолданылып зерттелмек. Қазіргі кезде аталған
дəрмектің барлық терапевтік қасиеттері мақұлданып отыр. Оны қолдану көптеген
күрделі аурулардың дерттеріне ғана емес, сонымен бірге адамдардың өмір сапасына
да оң ықпал етуде.
Биотехнологиялық ғылыми-зерттеу институттарында эмбриондар тасымалдау,
жоғары салмақ қостыратын дəрмектер жасау сияқты жұмыстар жасалуда. Байқоңыр
ғарыш айлағында космостық кеңістік жағдайында əртүрлі ағзалардың өсіп-даму


192
ерекшеліктерін зерттеу, жаңа биологиялық жəне техникалық заттар алу
мүмкіндіктерін анықтау сияқты тəжірибелер жасалуда.
Республика аумағында ферменттерді дайындап оны спирт, нан өндірісінде
пайдалануға болады жəне өндірілген ферменттерді мемлекет ішінде немесе
экспортқа шығару мүмкіндігі де зор. Қазір əлемнің көптеген елдерінде бензиннің
октан санын жоғарылату мақсатында этанолды, бұрыннан қолданыстағы
экологиялық жағынан қауіпті болып табылатын – тетраэтилқорғасынның орнына
пайдаланады. Қазіргі кезде оның көмегімен ондаған аса бағалы биологиялық
белсенді (активті) заттар – гормондар, ферменттер, дəрумендер жəне кейбір дəрі-
дəрмектер алынады.
Биотехнологияның жетістігі ең алдымен оның іргелі ғылым салаларымен
тығыз байланысты, яғни биотехнологияның жаңа салалары мен əдістері,
генетикалық, гендік, жасушалық жəне ақуыздық инженерия, индимология
инженериясы, жануарлар, өсімдіктер жəне бактериялар жасушаларының
культурасын көбейту, жасушаларды біріктіру əдістерін кеңінен игерген сайын арта
бермек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   160




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет