254
Д
Дедифференциялану
(лат. de – жою, болдырмау,
differentia-айырмашылы, ағ.
Dedifferentiation) – маманданған, бөліну қабілетінен айырылған жасушалардың
жаңадан пролиферацияға (бөлінуге) көшуі.
Дезоксирибонуклеотид
– бес атомды дезоксирибозаның
бір молекуласының
қалдығынан, пуриндерден (А, G), немесе пиримидиндердің азоттық негіздері (C, Т)
жəне фосфор тобынан тұратын ДНҚ- ның құрылымдық бірлігі.
Детерминациялану
(лат. determinacio – шек қою, анықтау) – жасушалардың,
ұлпа, мүше жəне организмнің белгілі бір даму жолына түсуіне дайындылығы.
Сонымен қатар басқа жолмен дамуға шек қойылады. Детерминациялану кезінде
морфологиялық жаңа бағыттың дамуына түрткі болуға қажет ішкі жағдайлар туады.
Диплоид
(гр. dipllos – қос, екі есе, eidos – түр, ағ. diploid) – гаплоидты
гаметаға қарағанда хромосомалар
саны екі еселенген, яғни əрбір хромосомасы
жұптасып
келетін ядро, жасуша, организм. Диплоидтық хромосомалар жиынтығы
сомалық (дене) жасушаларда болады.
Достарыңызбен бөлісу: