Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет129/160
Дата08.10.2023
өлшемі4,09 Mb.
#113360
түріОқулық
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   160
Байланысты:
Аубакиров Биотехнология

Гемморизогенез in vitro
(лат. gemma – буршік, гр. rhiza – тамыр) – ұлпаларды
жасанды қоректік ортада (
in vitro
) өсіргенде бүршіктің де, тамырдың да пайда
болуы.
Ген
(гр. genos – туыс, шығу тегі, ағ. gene) – тұқым қуалау информациясының
генетикалық бірлігі; ДНҚ молекуласының нақтылы бір бөлігі, РНҚ-ның немесе
полипептидтің құрылымы туралы мəлімет сақтайды.


252
Ген репрессиясы
(лат. repressio – басу, ағ. gene repression) – ген активтігін
тежеу, көпшілік жағдайда транскрипция үдерісін шектеу арқылы жүреді.
Ген экспрессиясы
(лат. expressio - əйгілену, ағ. gene expression) – ДНҚ
молекуласындағы нуклеотидтер тізбегіндегі генетикалық информацияны жүзеге
асыру. Ол: транскрипция, процессинг, трансляция сияқты негізгі үш сатыдан
тұрады.
Гендер амплификациясы
(лат. amplification - өсу, көбею, ағ. gene
amplification) – гендер көшірмелері (копиялар) санының көбеюі.
Гендер банкі
(геномдар кітапханасы) – өз құрамына геномдағы гендердің
кемінде бір тізбегі кіретін, клондалатын ДНҚ молекуласының жинағы.
Гендер цитоплазмалық (цитоплазмон)
(ағ. cytoplasmic genes) – ядродан тыс,
митохондриялар мен хлоропластарда орналасқан гендер.
Гендердің кітапханасы
– барлық бактериялық жасушалардағы көбею
салдарынан жинақталған гендердің жиынтығы.
Гендік ex vivo терапия
(гр. ex vivo, ағ. ex vivo gene therapy) – науқастың
бөлінген жасушаларына генді енгізу. Өсіру мен трансформациялаудан кейін
жасушаларды трансфузия, инфузия немесе инъекция жолымен науқасқа кіргізеді.
Бұл ем-шаралар генетикалық деффекттерді болдырмауға мүмкіндік береді.
Гендік инженерия
– генмен жұмыс істеу тəсілдерін, оны геномнан бөліп алу,
синтездеу, геномға енгізу жəне геномды қажетті бағытта өзгертумен керекті өнімдер
алуын айтады. Гендік инженерияны батыста рекомбинантты ДНҚ-мен жұмыс істеу
деп атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   160




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет