Витальды əдіс – репродуктивті жасушаларға немесе эмбриондарға зиян
келтірмей зерттеу тəсілдері.
Витрификация (лат. vitrum – шыны, facere – істеу, жасау) - өсімдіктерді
жасанды ортада (in vitro) өсіргенде болатын қолайсыз құбылыс, өсімдіктер өте мол
суланады да əйнек (шыны) тəрізді болып көрінеді.
Г Гаметалар мен эмбриондарды бағалау – микроскоп арқылы аталған
құрылымдардың биологиялық толыққұндылығын анықтау.
Гаметалардың ұрықтану мүмкіндігі – гаметалардың ұрықтану мүмкіндігі
бар уақыттың ұзақтығы.
Гаметалардың ұрықтануы – сперматозоид пен аналық жұмыртқасының
қосылуы нəтижесінде кариограммада зигота түзілуі арқылы жаңа индивидтің пайда
болуы.
Гаметаның биологиялық құндылығы – ұрық жасушасының ұрықтанып,
жаңа индивидті пайда болғызу мүмкіндігі.
Гаметогенез – жыныс жасушаларының даму үдерісі, яғни алғашқы
диплоидты жыныс жасушаларының гаплоидты маманданған ұрғашы (аналық
жұмыртқасы) мен аталыққа (сперматозоид) айналуы. Жыныс жасушаларының
дамуы жыныс безі гонадада жүреді.
Гаплоид (гр. haploos – сыңар, жалғыз, eidos – түр, ағ. gaploid) – сыңар дара
(гаплоидтық) хромосомалар жиынтығы болатын ядро, жасуша, организм;
гаметалардағы сыңар хромосомалар жиынтығы.
Гаплопродюсер əдісі (гр. haploos – сыңар, жалғыз, лат. Producere – жасу,
шығару) – будан ұрықтан ата-анасының біреуінің хромосомаларының жойылып
қалуы нəтижесінде шыққан гаплоид өсімдікті алу.
Гендік мутациялар – хромосоманың белгілі бөлігіндегі ДНҚ молекуласы
нуклеотидтер қатарының өзгеру нəтижесінде пайда болады. Мұндай мутацияда
гендік бір локус қана өзгереді. Өзгерісі мутацияға əкелетін ДНҚ молекуласының ең
кішігірім бөлігі мутон деп аталады.
Геммогенез in vitro (лат. gemma – бүршік) – ұлпаларды жасанды қоректік
ортада (
in vitro ) өсіргенде бүршіктің пайда болуы.