26
болып, олар өте ұзақ мерзім өмір сүре алады. Қалыпты ұлпалардан алынған
жасушалардың дифференциялануы (жекеленуі), жасанды ортада толықтай
пролиферация қабілетінің шектелуімен ұштасып жатады. Ісік
ұлпаларында кейбір
жасушалардың дифференциялануы мүмкін, бірақ мұнда пролиферациялық
қабілеттері толықтай сақталады.
Жаңа бөлініп алынған культуралар оларды пассировка жасағанға, яғни еккенге
дейін бастапқы культура деп аталады. Бастапқы
культуралар, негізінен гетерогенді
болып келеді жəне өздерінің өте төменгі пролиферативтік қабілетімен ерекшеленеді.
Олардың құрамы толықтай өздері шыққан ұлпалардың жасушаларымен сəйкес
келеді. Жасушаларды пассировкалау барысында олардың өмір сүру мерзімдерінің
ұзарып, клондау, зерттеу жəне қасиеттерін сақтау мүмкіндігін туғызады. Осындай
атқарылатын жұмыстар нəтижесінде біртекті популяциялар пайда болып,
маманданған жасушалар жоғала бастайды. Бірнеше рет
қайталап егілгеннен кейін
жасушалар желілері (линия) өліп қалады немесе трансформацияланып (өзгеріп)
тұрақты желіге айналады. «Өлмейтін» қабілетке тек қана ісік ұлпаларынан алынған
жасушалар ғана ие болады. Тұрақты желілік жасушалардың түзілуі, олардағы
морфологиялық өзгерістерінің пайда болуымен анықталады (жасушалардың
көлемдерінің кішірейуі, домалақтануы, ядро/цитоплазма қатынастарының өзгеруі,
көбею
қабілеттерінің артуы, клондалу ерекшеліктері, гетероплоидалық жəне
анеуплоидалық қабілеттіліктерінің артуы, т.б.).
Достарыңызбен бөлісу: