ДНҚ молекуласының екінші реттік құрылымы –
ДНҚ молекуласының
кеңістікте паралель орналасқан қос қабат спиральға ұқсай орналасуы
Донор – генетикалық тұрғыдан бағалы аналық жұмыртқасы немесе
эмбриондар алынатын ұрғашы дара.
Ж Жануардың физиологиялық жетілуі – жас малдың белгілі жынысты ересек
жануарға тиесілі пішінге ие болып, оның тірілей салмағының 70-75%-на жеткен,
яғни, физиологиялық жағынан толысқан мерзімі.
Жануарлар биотехнологиясы – молекулалық жəне жасушалық əдістерді
қолдану арқылы генотиптерге түзетулер енгізіп, тез жетілетін, ауруларға төзімді
жəне жоғары өнімді мал түрлерін шығару əдістерін қалыптастыратын ғылым
саласы.
Жасуша – тіршіліктің ең кіші бірлігі, ағзаның құрылысы мен тіршілік
əрекеттерінің жəне дамуының негізі.
Жасуша генерациясының мерзімі (лат. generatio - туу) – жасушаның кезекті
екі бөлінуі арасындағы мерзім.
Жасуша циклі (гр. kyklos – дөңгелек, шеңбер) – жасушаның бір бөлінуінен
екінші рет бөлінуіне дейінгі жасушада жүретін тіршілік үдерістердің жүйесі, ол
митоздан (мейоздан) жəне интерфазадан (G1, S, G2) тұрады.
Жасушалар популяциясы (лат. populus – жұрт, ел) – жасанды қоректік
ортада өсірілген жасушалардың жиынтығы.
Жасушалар суспензиясы (лат. suspension – асып қою, ағ. suspension cell
culture) – жеке жасушаларды немесе кішігірім жасушалар топтарын арнаулы
қондырғы арқылы ауамен қамтамасыз етіп жəне араластыра отырып, сұйық қоректік
ортада өсірілуі.
Жасушаларды ағынды ашық жүйеде өсіру – үздіксіз ағып кіріп тұрған жаңа
қоректік орта мен төгіліп сыртқа ағып шыққан жасушалар суспензиясының
қарқынының (көлемдерінің) тең болуы.
Жасушаларды ағынды жабық жүйеде өсіру – жасушалар өсетін сұйық орта
үздіксіз жаңа қоректік ортамен қамтамасыз етіліп тұрады, сұйық ортаның кіріп
құйылу қарқыны мен оның төгіліп сыртқа шығу қарқыны бірдей болады.