261
Митоз
(гр. mitos - жіп) – эукариот жасушаларының негізгі жəне күрделі
бөліну əдісі. Митоздың биологиялық маңызы, аналық
жасушаның тұқым
қуалаушылық материалы, хромосомалардың жаңадан
пайда болған жасушаларға
тепе-тең мөлшерде бөлінуі. Жасушалардың генетикалық жағдайы бірдей болады
жəне ұрпақтан-ұрпаққа берілгенде ешбір өзгеріссіз сақталады.
Митоздық сегрегация
(ағ. mitotic segregation) жасушалардың митоздық
көбею үдерісі кезінде гендік детерминанттардың түсіп қалуы.
Модификациялық өзгергіштік
(лат. mitos – түрін өзгерту, қайта құру) –
тұқым қуаламайтын өзгергіштік, генотипке
қатысы жоқ, сыртқы ортаның əсерінен
организм белгілерінің өзгеруі.
Молекулалық биотехнология
– ДНҚ-ның
рекомбинантты технологиясына
негізделген, яғни жасушаның генетикалық бағдарламасын молекулалық деңгейде
өзгертуге арналған ғылым саласы.
Молекулалық будандастыру
(ағ. molecular hybridization) – комплементарлық
нуклеотидтердің əрекеттесуі нəтижесінде нуклеин
қышқылдары тізбектерінің
арасында комплекстер түзілуі.
Моноклондық антиденелер
(ағ. monoclonal antibodies) – бір эпитопқа
(антигендік детерминанта) қатынасты қатаң арнайы бір типті антиденелер. Қалыпты
антидене түзуші жасушалармен шексіз өсуге
қабілетті миеломдық ісіктік
жасушалармен біріккенде гибридомалармен синтезделеді.
Достарыңызбен бөлісу: