88
Микроорганизмдердің бөгде ақуыздарды өндіру қабілеті, плазмитерманың
генетикалық материялдарының құрылымдарындағы өзгерістері əсеріне байланысты
болуы мүмкін. Бұл уақиға белгілі бір жиілікпен жүреді. Мұнда
құрылымдық қайта
өзгеру жасушаның плазмидті жоғалтуына қарағанда 100-1000 еседей сирек
кездеседі. Вектор ретінде қоделенетін плазмидалар микроорганизмнің қандай да бір
антибиотикке төзімділігіне жауапты гендердің қожайыны болып саналатыны
белгілі.
3000 түрлі ақуыздар қоспасынан бастапқы дəрмекті бөліп алу жəне дайын
өнімде қоспа болмайтындай етіп тазалау өте күрделі жұмыс. Дайындалатын дəрмек
құрамында осындай аралас қоспалары мүлде болмауы тиіс. Бұл мəселені шешуге,
түзгіш ретінде орта изоақуыздарды көп мөлшерде түзетін
ірі жасушаларды, яғни
“қолайлы ашытқыларды” таңдап алған жөн. Штамм-түзгіштерді таңдап алғаннан
кейін, өте қатаң бақыланатын жағдайда барлық
қажетті бақылаушы өлшегіш
аспаптармен жабдықталған ферментерде себінді материялдарды бірден көптеп
жинауға кіріседі.
Гендік инженерия əдістерін жасау жасушаға
жаңа ақпараттарды енгізуге
мүмкіндік береді, медицинада, ветеринарияда жəне тамақ өнеркəсібінде
қолданылатын адам, жануарлар жəне өсімдіктер ақуыздарының штаммдарын тауып,
зертеу жұмыстарын дамытуға, сөйтіп оларды өндіріске ұсынуға мүмкіндік туылады.
Мысалы, ірімшік өндіруде қолданылатын – ренин ақуызын, тəтті ақуыз – тауматинді
(қанттан 3000 есе тəтті) алу жөніндегі жұмыстар аяқталып, оларды
өндірудің
микробиологиялық технологиясы жасалынуда. Сыра қайнатуда жəне ірімшік
даярлауда қолданылатын ашытқылар
штаммдарының геномын енгізу, пентозаны
сіңіретін, фенол қосылыстарын ыдырататын гендерді табу бағытында жұмыстар
істелуде. Бактериялар
көмегімен, бұрын қолданылып жүрген əдістермен
салыстырғанда едəуір арзанға түсетін, крахмалдан этил спиртін өндірудің
технологиясын жасалынған. Қазіргі кезде биотехнологияда ДНҚ-ның сəйкестігін
табуға түрлі əдістер қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: