Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011


 Ақуыз өндірудегі бактериялардың маңызы



Pdf көрінісі
бет50/160
Дата08.10.2023
өлшемі4,09 Mb.
#113360
түріОқулық
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   160
Байланысты:
Аубакиров Биотехнология

10.4 Ақуыз өндірудегі бактериялардың маңызы
Патогенді емес бактериялар ақуыз өндіруде басқа да, осындай мақсатта
қолданылатын микроорганизмдерден біршама басымдылыққа ие болып
саналады. Өйткені, біріншіден – олардың көбею қарқындылығы басқалардан
біршама жоғары болса, екіншіден – олардың құрамында ақуыз бен метионин
көбірек кездеседі. Сонымен бірге бактериялардан ақуыз алудың кейбір
кемшіліктері де бар. Атап айтар болсақ, олардың құрамында рибонуклеин
қышқылы өте көп болса, ал өте бағалы болып табылатын амин қышқылы – лизин
мөлшері салыстырмалы түрде аз кездеседі. Олардың ішінде ақуыз өндірудегі
болашақтық маңызы бары қатарында, сутегін суға дейін тотықтыра алатын –
сутекті бактериялардың маңызы зор деп есептелінеді. Осы үдеріс барысында бұл
бактериялар сутегін суға тотықтыру кезінде босайтын энергияны, органикалық
заттарды синтездеуге пайдаланады. Бұл реакцияны қысқаша түрде төмендегі
теңдеу арқылы көрсетуге болады:
36Н
2
+ 12О
2
+ 6СО
2
→ С
6
Н
12
О
6
+ 30Н
2
О
10.5 Микроскопиялық зең саңырауқұлақтар мен балдырлардың ақуыз
өндірудегі маңызы
Микроскопиялық саңырауқұлақтар
қоршаған ортаның əртүрлі қышқылдық,
тұздылық немесе температуралық жағдайларында өсіп-өнеді. Ғалымдардың
пікірінше көптеген микроскопиялық саңырауқұлақтардың азықтық маңызы бар.
Микроскопиялық саңырауқұлақтардан дайындалған дəрмектерді сабағы жуан əрі
қатты болып келетін малазықтық шөптерді жұмсартып, олардың қортылуын
жақсартуға жəне құрамын əртүрлі биологиялық белсенді заттармен байыту
мақсатында пайдалануға болады.
Микроскопиялық саңырауқұлақтардың құрамында аз ғана мөлшерде, яғни 2%
көлемінде нуклеин қышқылдары кездеседі. Саңырауқұлақтар өнімдері мұнан
басқа да кейбір артықшылықтарға ие. Мысалы, олардың құрамында хош иісті
заттардың болуы себепті, жақсы иіс шығарады. Амин қышқылдарының құрамы


91
бойынша саңырауқұлақтық ақуыздар еттің ақуыздарына жақын болады. Олардың
құрамына 0,2% метионин қосылса, сіңімділгі 100% дейін артады.
Саңырауқұлақтардың жасуша қабықтары өте жұқа болуы себепті, қосымша
өңдеуді талап етпей, ас қорыту мүшелерінде тез қорытылады. Саңырауқұлақ
өнімдерімен қоректендіру нəтижесін тексеру, олардың мал ағзасына ешқандай
зиянын тигізбейтіндігін көрсеткен.
Микроскопиялық 
балдырлардың 
ақуыз 
өндірудегі 
маңызы.
Мал
шаруашылығына 
қажетті 
азықтық 
ақуыз 
өндіруде 
микроскопиялық
балдырлардың да маңызы да бар. Мысалы, Жапонияда тұщы суда бір жасушалы
балдырлар – хлорелланы өсіру нəтижесінде 1 га су беті аумағынан 16 тоннаға
дейін ақуыз өндіруге қол жеткізілген. Мұның тиімділігінің дəлелі ретінде 1 га
жерге егілген арахис өсімдігінен тек қана 471 кг ақуыз алуға болатынын келтіре
кетеміз. Италияда полиэтиленнен жасалған арнайы құбырларда су балдыры –
спирулинді өсіру нəтижесінде, оның 1 м
2
аумағынан тəулігіне 20 гр дейін құрғақ
ақуыз алынған. Бір жылда осындай əдіспен егілген 1 га плантациядан, 1 га соя
өсімдігі егілген жерге қарағанда 10 есе артық ақуыз алуға болатыны анықталған.
Ғалымдар бір жасушалы теңіз балдырларын өсіру мақсатында фитобиологиялық
реакторлар жасап шығарған. Қарапайым түрде бұл реакторлар шыны немесе
пластмассадан жасалған құбырға ұқсас болады, ал оның үстінде белгілі бір
балдыр түрі өсіріледі. Су балдырларының қалың орналасуы ЭЕМ (электронды
есептеуіш машина) мен компютерлер арқылы реттеліп отырылса, биомасса
шығымы күн сəулесінің түсу деңгейіне байланысты болады. Осындай реактор
арқылы қосымша көп мөлшерде крахмал алуға, жəне оны биотехнологиялық
жолмен өңдеп, жанар-жағар май ретінде қолданылатын этил спиртіне
айналдыруға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   160




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет