142
жүзімнің өте қауіпті бактериалды – Пирс ауруынан қорғануға мүмкіндік беретінін
анықтаған. Бұл ауру жүзім мен басқа да көптеген өсімдіктерге көп залалын
тигізетін. Бөрікгүл (артишок) өсімдігінің жапырақтарының бүрісіп қалуына алып
келетін вирусқа қарсы жатденені (антитело) темекінің трансгенді түріне
экспрессиялау, темекі өсімдігінің осындай вируспен зақымдану мүмкіндігін
төмендеткен.
Дақылдардың төзімділігін арттыру
. Жер шарының көптеген өңірлерінде
егістік мақсатында пайдаланатын жер көлемі өте аз келеді. Орталық Шығыс
мемлекеттері, Африка, Азия мемлекеттерінің көптеген аймақтарын құм басып,
шөлге айналуы себепті, ауылшаруашылығы үшін пайдалануға жарамсыз болып
қалған. Сондықтан, қолайсыз жағдайларда өсуге бейімделген өсімдік түрлерін
шығару жұмыстары ғалымдар мен селекционерлер тарапынан қызығушылық
тудырады. АҚШ-ның Калифорния жəне Канаданың Торонто университеттерінің
ғалымдары топырақ құрамы тұзды болып келетін жерлерде өсуге бейімді жəне
тұздарды жапырақтарына жинауы себепті, жемісі ащы болмайтын қызанақ түрлерін
шығарған. Қазір ғалымдар бұл технологияны азықтық маңызы бар өзге де өсімдік
түрлеріне қолдану үшін ізденіс жұмыстарын жүргізуде.
Бұдан басқа да мысалдарға келетін болсақ, раундап гербицидіне төзімді
келетін көгал (газон) шөбі шығарылған. Бұл шөп өте баяу өседі жəне көп суғаруды
талап етпейді. Бұл технологияны қолдану, құрғақшылық аймақтарда орналасқан
қалалардағы гольфке арналған алаңдар мен саябақтарда өсетін жасыл құрақтарды
суғаруға кететін суды ысырапсыз пайдалануға көмектеседі деген тұжырымдар
жасалынған.
Бірақ та, бұл технологияны сынаушылар, осы əдіспен жасалып шығарылған
көк құрақтарды ештеңе құрта алмауы себепті, олар əртүрлі экожүйелерге тез
таралып, табиғи түрлерді ығыстырып шығуы мүмкін деген қауіп айтады. Адамзат
тəжірибесінде мұндай келеңсіз жағдайлар да кездеседі. Мысалы, балық
фермаларында қолдану үшін культивация жасалынған жəне жақсы нəтиже берген
Caulerpa taxifolia
балдыры, теңізге түскеннен кейін көп зиян келтіретіні анықталған.
Балық фермаларының иелері теңіз үшін арам шөп болып табылатын осы
балдырларды суға тастауы себепті, қазір бұл өсімдік Жерорта теңізі, Австралия мен
Калифорния жағалаулары аймақтарын жаулап алған. Сондықтан генетикалық
модификацияланған көгалдық шөптері, осы теңіз арам шөптерінің құрылықтық
баламасы болу мүмкін деген күдік туындайды.
Достарыңызбен бөлісу: