Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011


 Генетикалық модификацияланған (ГМ) өсімдік өнімдерін алу



Pdf көрінісі
бет80/160
Дата08.10.2023
өлшемі4,09 Mb.
#113360
түріОқулық
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   160
Байланысты:
Аубакиров Биотехнология

4.4 Генетикалық модификацияланған (ГМ) өсімдік өнімдерін алу
Өсімдік шаруашылығында қолданылатын өсімдіктер өздерінің табиғи даму
үдерістерінен, адамдар тарапынан олардың ішінен ең дəмді, жоғары өнімді жəне
өсіруге ыңғайлыларын таңдап ала бастағаннан бастап айрылған болатын. Адамдар
өздеріне қажетті белгілерін дамыту мақсатында, табиғи заңдылық үдерістерін өте
жылдам қарқында өзгертуде. Көп жағдайда, соңғы нəтижесінің байыбына толық
жетпей жатып, бактерия гендерін өсімдіктерге немесе бір өсімдіктің генін басқа бір
түрдегі өсімдіктерге ендіру жұмыстары да өз жалғасын табуда. Сондықтан,
биотехнология жетістіктерін табиғатқа қарқынды түрде ендіру нəтижесінде,
болашақ ұрпаққа қатты өзгерген əлемді қалдыру қауіпі туып отыр.


138
Қазіргі кезде генетикалық модификациланған (ГМ) өсімдіктер əлемдік
ауылшаруашылығында өндірілетін өнімдердің бірталай бөлігін құрайды жəне
мұндай технология үдерістері əрі қарай дамуда.
Генетикалық модификацияланған (ГМ)
өсімдіктер деп – ағзасына жат ген,
яғни
трансген
ендірілген өсімдіктер айтылады.
Өздерінің жапырақтарында, тамырлары немесе дəндері құрамында дəрілік
заттары бар, көптеген улы (гербицидтер) заттарға төзімді, зиянды жəндіктер
жемейтін өсімдік сұрыптары шығарылуда. Əрине мұндай өсімдіктердің пайдасы мен
зияндылығы туралы сұрақтың туындайтыны хақ. Бұл сұраққа біржақты пікір айту
үшін, оның қандай технологиямен, қалай жасалғаны жəне құрамы жөнінде толық
мəлімет алу қажет болады*.
*Қазіргі кезде дүние жүзінде ГМ- ағзалары бар өсімдіктер көптеген аумақтарда
егілгенімен (əлемде 120 түрлі трансгенді өсімдік сұрыптары 110 млн. гектар
жерлерге егіледі), мұндай технологияның зиянсыздығы жəне халықаралық ЮНЕП
ұйымының 1995 жылы биотехнологияның осы мəселелері жөніндегі қарарларының
сақталуы туралы сұрақтар туындауда. Бұл мəселе бойынша ғалымдардың
пікірлері қарама-қайшылық тудыруда. Бір тарапы – өзіндік құны төмен, яғни
тиімділігі жоғары ГМ өнімдерінің адам ағзасына ешқандай зияны жоқ десе,
екіншілері – ДНҚ технологиясы арқылы жасалынған геномның адам ағзасына
тигізер əсері əлі де белгісіз, сондықтан мұның салдары мен қоршаған орта
мəселелеріне қатты алаңдаушылықьтарын білдіруде. Бұдан, ГМ ағзалы жəне одан
жасалынған тағамдарды кең көлемде пайдалану үшін, өндірушілерден өнім
құрамының биологиялық жəне экологиялық жағынан зиянсыздығы туралы
толықтай мəліметтер берілуі талап етіледі. 2007 жылы 12 желтоқсанда
Евроодақ қабылданған заңнама бойынша, егерде өнім құрамында ГМ заттары
оның салмағының 0,9% асса, өндірушілер ол жөнінде тұтынушыларды
құлақтандыру мақсатында сыртқы қорабында жазу керек болады. Егер де бұл
көлемнен аспаған жағдайда, ол жөнінде жазбаса да болады.
ГМ өсімдіктерін жасау өте көп қаражаттарды талап етеді. Сондықтан
ғалымдар тарапынан, бұл өсімдіктердің ең көп таралған, яғни жүгері, соя, мақта,
канол сияқты түрлерін шығару жұмыстары қолға алынған еді. Жер шарында сояның
50%, мақтаның 20% көлемінде генетикалық модификацияланған түрлері өсіріледі.
АҚШ-да өсірілетін барлық сояның (90%), жүгерінің (75%) жəне мақтаның
жартысына жуығы ГМ өсімдіктері болып табылады. Бұдан басқа маңызды ГМ-
өсімдіктері қатарында канола, жертүйнек, асқабақ жəне папайя өсімдіктерін айтуға
болады. Қазіргі кезде кофе мен күнбағыстың ГМ түрлерін шығару жұмыстары өз
жалғасын табуда.
Ғалымдар тарапынан құндылығы жоғары тамақ өнімдерін шығару жұмыстары
одан əрі дамытылуда. Қытай мемлекетінде трансгенді өсімдіктер алу технологиясы
кеңінен қолданылуда Олардың мəлімдеуінше осындай өсімдіктердің 141 түрі
алынып, 65-де дестелік жағдайда тəжірибелік жұмыстары жүргізілген.


139


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   160




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет