153
Кейбіреулері онтогенез үдерістерінде əрдайым жүріп отырады, сондықтан бұл
құбылысты эволюциялық заңдылық деп есептеуге де болады. Сонымен бірге, табиғи
жағдайда əр түрге жататын хайуандардың қалыпты жасушалары бір-бірімен өте
сирек қосылады. Ауылшаруашылығында мұндай жұмыстар көбінесе хайуандарды
қолдан ұрықтандыру жəне кейіннен оны тасымалдау (трансплантация) арқылы
жүзеге асырылады. Бұл жұмыстар малдарда жасанды полиовуляция жасау, аналық
ұрық жасушасын (яйцеклетка) қолдан ұрықтандыру мен ұрықтандырылған
жасушаны басқа мал жатырына (адамдарда осындай жолмен ұрықтандырылған
аналар –суррогатты шеше деп аталады) мүмкіндігінің ашылуына байланысты өз
жалғасын тапты.
Бұл əдістің технологиялық үдерісінің қысқаша сипаттамасы келесідей
кезеңдерден тұрады: мысалы, жоғары өнімді сиырға күйлеу алдында арнайы
дəрмектер (гормондар, прогестерон, синустроэл, буаз бие қан сарысуынан
дайындалатын ББС дəрмегі, т.б.) егіліп, одан 10-20 аналық жасушаларының жетіліп
шығуы (полиовуляция) қамтамасыз етіледі. Кейіннен, лапоратомия əдісімен аналық
жасушалары
жатыр
түтікшесінде
бұқаның
сперматозоидтарымен
ұрықтындырылады. Ұрықтанудың 7-8 күндері бұл жасушалар арнайы əдіс арқылы
жатырдан шайылып алынып, басқа, яғни көбінесе өнімділіктері төмен болып келетін
сиырлардың жатырына (реципиент) салынады. Осындай жолмен туылған
бұзауларда
генетикалық
жағынан «шынайы» ата-енелерінің
тұқымдық
ерекшеліктері сақталады.
Əр түрге жататын малдар жасушаларын гибридизациялау əдістері негізінде
«химер» немесе аллофенді деп аталатын ұлпа құрамында əртүрлі генотипті
жасушалары бар хайуандар да алынады (мысалы, қара жолақты тышқан немесе
арыстан).
Достарыңызбен бөлісу: