Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011


 Мал азығын дайындауда биотехнология жетістіктерінің пайдаланылуы



Pdf көрінісі
бет94/160
Дата08.10.2023
өлшемі4,09 Mb.
#113360
түріОқулық
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   160
Байланысты:
Аубакиров Биотехнология

6. Мал азығын дайындауда биотехнология жетістіктерінің пайдаланылуы
Силостеу мақсатында тиімді малазықтық заттарын, мысалы жүгеріні
пайдалануға болады. Силосты барлық мал түрлерін, əсіресе ірі қара малын
азықтандырғанда кеңінен қолданады. Көптеген түйнекті жəне бақша өсімдіктерімен
салыстырғанда, силос құрамы каротинге бай келеді. Сиырлардың 100 кг салмағына
есептеп, 8 кг силос беруге болады.
Силостың негізгі құндылығы қатарына оның құрамындағы қоректік
заттарының салыстырмалы түрде жақсы сақталатынын (силостағанда 15-21% ғана
жоғалтылса, шөпте ол 30% жетеді) жəне дайындау жұмыстарының қандай болмасын
ауа-райы ерекшеліктеріне қарамай жүргізілетіндіктерін айтуға болады. Силостеу
барысында оның құрамындағы ақуыз мөлшерін арттыру мақсатында, бұршақ
тұқымдас (жоңышқа, бұршақ, маш жəне басқалар) өсімдіктерін, жақсылап
ұсақталған жүгерінің жасыл массасымен араластырып силостайды. Туралатын
өсімдік сабақтарының ұзындықтары 4-тен 2 см дейін жəне олардың ылғалдылығы
төмен болған сайын, неғұрлым қысқа болғаны лəзім.
Шошқа мен құстарға арнап аралас құрамды силостар дайындалады. Негізгі
массасы 75-85% түйнекті өсімдіктерінен (қант қызылшасы, сəбіз, картоп) жəне
бақша өсімдіктерінен (мал азықтық қарбыз немесе асқабақ) құралған силосқа, шикі
азықтық бидайын, бұршақ тұқымдас немесе дəнді дақылдарының жас сабақтары
қосылады. Түйнекті өсімдіктерді майдалағанда бөлінетін су мөлшерін азайтып,
силостың қажетті ылғалдылығын (65-75%) сақтау мақсатында, оның құрамына осы
суды өзіне сорып алатын шөп ұнын қосады. Қосылатын құрамдас бөліктер əртүрлі
ластайтын заттардан (топырақ жəне басқа қажетсіз элементтер) мұқият тазартылуы
қажет. Силостауға кіретін барлық өсімдіктер, арнайы майдалап-жаныштайтын
қондырғылар арқылы ұсақталынады. Силостық өсімдіктер алдын ала дайындалып,
жан-жағы жалтырланып, тегістелген арнайы орындарға (траншея, бассейн тəрізді
көмбе) салынып, тапталады.
Силостеудің химиялық мəні, өсімдік құрамындағы қанттардың сүтқышқылы
бактерияларының көмегімен, сүт қышқылына айналуы. Барлық қышқылдар тəрізді,
сүт қышқылы да бактерияларды жойып жіберу қасиетіне (бактериоцидтік) ие
болғандықтан, өсімдіктердің шіріп кетуіне жол берілмейді.
Сүтқышқылы ашуын тудыратын бактериялар, анаэробты, яғни оттегінсіз ортада
тіршілік ете алады. Сондықтан оттегінсіз ортада сақталған силостық өсімдіктер
массасында сүтқышқылы мөлшерінің көбеюі салдарынан, ондағы басқа
микроорганизмдер жаппай қырылады. Қышқылдық ортаның белгілі бір


158
концентрацияға (РН) жетуі кезінде, сүтқышқылы бактериялары да өздерінің
тіршіліктерін тоқтата бастайды.
Оттегі сүтқышқылы ашу үдерісін тоқтатумен бірге, өсімдік құрамындағы
қоректік заттарының тотығуын үдетеді де, нəтижесінде оның азықтық құндылығы
төмендейді. Сондықтан жақсы нығыздалмаған өсімдік массалары қатты қызып
кетеді.
Атмосфералық ауа құрамында көптеген микроорганизмдер болады. Жақсы
тығыздалмаған силостық өсімдіктер арасында ауамен бірге қалып қойған осы
микроорганизмдер, ақуыздардың шіріп-сасуы мен майларды ыдырауға ұшыратып,
силостың бұзылуына алып келеді.
Сондықтан шаруашылық үшін маңызды екі қорытынды жасауға болады:
1. Силостеуге құрамында оңай ашитын көміртектік заттарға бай жүгері,
күнбағыс, ақ жүгері (құмық) сияқты өсімдіктерді пайдаланған абзал.
2. Силостеу үдерісінің жақсы өтуін қамтамасыз ету үшін, силостелетін
өсімдіктер массасын жақсылап нығыздау арқылы, оның арасындағы
оттегілерінен мейлінше ада қылу керек.
Силосты бағалауда оның иісі өте үлкен маңызға ие. Жүгері немесе жүгері-
күнбағыс қосындыларынан жақсы дайындалған силостан – жемістің хош иісі
(жібіген алма) аңқып тұрса, қос жарнақты өсімдіктер мен бұршақ тұқымдас
өсімдіктерінен дайындалғандарынан – жаңа піскен нанның иісі шығып тұрады.
Құнды силостың түсі сарғыш-жасыл келеді жəне өсімдіктердің құрылымдық
өзгеріске ұшырамағандары байқалып тұрады. Егер де силостан сірке қышқылы
немесе нəжіс иісі мүңкіп тұрса, түсі қара-сары немесе қап-қара жəне собықтары мен
жапырақтарын зең саңырауқұлақтары басқан болса – силостың сапасы төмен
екендігін көрсетеді.
Силостың жақсы дайындалмау себептері қатарына келесі факторларды
жатқызуға болады:
- жасыл массасын дайындау мен оны арнайы орындарға төсеуге кеткен көп
уақыт айырмашылықтары;
- силостелген масса құрамына басқа заттардың (топырақ, ластайтын заттар)
түсіп кетуі;
- силостау уақытының ұзарып кетуі;
- жасыл массасының жақсылап нығыздалмауы;
- оның бетінің ауа кірместей етіп (герметизация) жабылып, сақталмауы.
Силостайтын өсімдіктер құрамы өте ылғалды (80%-дан жоғары) болса, силос
өте қышқыл болуы мүмкін, ал оны ұсақтап бастыру кезінде құрамындағы сөк-
нəрлері көп шығып кетеді. Жасыл массаның ылғалдылығы төмен болған жағдайда,
оны нығыздау қиынға соғады. Сондықтан ең қолайлы деп 70-75% ылғалдылық
саналады. Кейбір жағдайларда ылғалдылықты төмендету мақсатында жасыл
массаны азғана дегдітіп алады, немесе оған сабан араластырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   160




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет