Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011


 Мал шаруашылығында қолданылатын биотехнологиялық əдістер



Pdf көрінісі
бет87/160
Дата08.10.2023
өлшемі4,09 Mb.
#113360
түріОқулық
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   160
Байланысты:
Аубакиров Биотехнология

2. Мал шаруашылығында қолданылатын биотехнологиялық əдістер
Мал шаруашылығы биотехнологиясын
– молекулалық жəне жасушалық
биотехнология əдістерін қолданып, генотипін «түзету» арқылы қарқынды өсіп-
жетіле алатын, резистенттілігі мен өнімділік қасиеттері жоғары малдарды шығару
тəсілдерін зерттейтін ғылым деп айтуға болады.


147
Малдардың биотехнологиялық қорларын танып, оларды іске асыру
мақсатында мал шаруашылығында молекулалық биотехнология, жасушалық жəне
көбею биотехнологиялары пайдаланылады.
Көбею биотехнологиясы
деп – малдың генетикалық потенциалдарын арттыру
мақсатында асыл тұқымды малдардан көп ұрпақтар алудың қорларын (ресурстарын)
ұтымды пайдалану əдістері айтылады.
Көбею биотехнологиясы мал шаруашылығында өз төлінен көбеюін
қамтамасыз етіп, асылдандыру жұмыстарының тиімділігін арттыруға мүмкіндік
береді. Көбею биотехнологиясы əдістерін қолдана отырып біздер популяция
құрамына əсер ете аламыз.
Көбею биотехнологиясының зерттеу аясы ретінде малдардың көбею
қабілеттіліктері алынатын болса, зерттеу зерзаты ретінде:
1.
Гипоталамус, гипофиз бен гонадалар арасындағы өзара əрекеттілік
нəтижесінде көбею гормондары арқылы мал ағзасында көрініс беретін гормональді
статусы.
2.
Көбею мүшелерінің морфологиялық жəне физиологиялық жағдайы бола
алады.
Көбею биотехнологиясында келесі əдістер қолданылады:
1.
Суперовуляция
– ұрғашы донорда қосымша фолликулалардың өсіп-жетілуін
қамтамасыз ету мақсатында гормональді əсер ету (егу).
2.
Қолдан ұрықтандыру
– мал тобының генотипін қарқынды түрде өзгерту
мақсатында жоғары өнімді аталық ұрығымен аналықтарды жаппай ұрықтандыру
жұмыстары. Генетика мен қолдан ұрықтандыру технологиясындағы қол жеткен
жетістіктердің арқасында, мал тұқымын жақсарту бағытында үлкен мүмкіндіктер
ашылды, атап айтқанда, жоғары өнімділікті жəне генетикалық потенциалы бар
аталықтарды таңдап алу мен қолдану нəтижесінде, бүтіндей популяциялардың
генетикалық құрылымын жедел өзгертуге қол жеткізілді. Сондықтан мал тұқымын
жақсартуда аталықтардың ролі артты. Қазіргі кезде қолдан ұрықтандыру
нəтижесінде генетикалық құнды бір аталықтан алынатын ұрпақ саны бірнеше
мыңдаған басқа дейін жетеді.
3.
Эмбриондар тасымалдау
(трансплантация) – эмбриондарды аналық-донордан
(жоғары өнімді, құнды аналық эмбриондарын) аналық-реципиетке (құндылығы
төмендеу, яғни басқаша айтқанда, суррогаты ене жатырына) тасымалдау əдісі. Мал
шаруашылығындағы эмбриондарды тасымалдаудың негізгі мақсаты – жоғары өнімді
аналықтардың генетикалық мүмкіндігін (резервін) толығынан пайдалану.
Эмбриондар тасымалдау əдісінің арқасында, жоғары өнімді малдардың аналық
бездерінде көптеген аналық жасушаларының қоры болатындықтан, оларды
пайдалану арқылы, ұрғашы даралардың биологиялық ерекшелігін мейлінше
пайдалану мүмкіндігі артты. Сондықтан, генетикалық потенциалы бар малдарды
толықтай пайдалану мақсатында, жоғары өнімді аналықтың эмбриондарын олардың
дамуының ерте сатыларында өнімділігі төмен болғанымен, көбею қабілеттіліктері
жақсы малдар жатырына тасымалдап қондыру əдістері зерттелді.
Осындай технологияның арқасында:
1) жоғары өнімді аналықтың ұрпақ санын жедел арттыруға;


148
2) организмдерді (зиготаларды) гамета жəне эмбриондар түрінде тасымалдау
мен сақтау мүмкіндігіне;
3) гаметалар мен эмбриондарды іріктеу нəтижесінде керек жынысты жəне
қажетті физиолого-биохимиялық қасиеттері бар ұрпақтар алуға қол
жеткізіледі.
Жалпылай алғанда мал тұқымын көбейту технологиясында атқарылатын
жұмыстарды келесі кезеңдерден тұрады деп айтуға болады: донорларды, ұрықтық
аталықтарды жəне реципиенттерді іріктеу, донорлардың суперовуляциясын шақыру
жəне донор мен реципиент араларында күйге келу мерзімдерін синхронизациялау,
донорды ұрықтандыру (табиғи жолмен немесе қолдан), эмбриондарды шайыу
жолымен (смыв) бөліп алу, шайылып алынған эмбриондардың сапасын бағалау,
дайын эмбриондарды реципиент жатырына орналастыру.
Қазіргі кезде малдарды көбейтуге бағытталған биотехнологиялық əдістер
молекулалық жəне жасушалық биотехнология салаларымен өте тығыз байланыста.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   160




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет