160
үшін, арнайы зат – сантоквинмен өңдейді. Сүйек-балық ұндары шошқалар мен
құстарға беріледі.
Мұнан басқа ауылшаруашылығы малдарына техникалық мақсатта өсірілетін
əртүрлі өсімдік қалдықтарынан қалған, құрамында қоректік заттар бар – барда,
күнжара (шрот), сығынды (жом) сияқты көптеген азықтар қолданылады.
Қазіргі кезде метионин, треонин, триптофан жəне əсіресе, лизин жетіспейтін
өсімдік тектес жемдерге амин қышқылдарын көп мөлшерде қосады. Егер де малдар
ақуызы құрамында лизин мөлшері 7-9% көлемінде болса, бидай ақуызында ол 3% -
дай ғана кездеседі. Жем құрамына 0,3% лизин қосудың өзінде, мал азығын 20%-ға
үнемдеуге қол жеткізуге болады. Тек соңғы 8-10 жылдар көлемінде жемге
қосылатын амин қышқылдарының мөлшері 14 есеге артқан деген мəлімет бар.
Көптеген елдерде жемге, ақуыздық қосымша ретінде қолданылатын соя ұнына,
метионин қосылады. Сондықтан аминқышқылдарының негізгі қолданылатын
бағыты – жем құрамын байыту болып табылады. Өндірістік жағдайында өндірілетін
барлық амин қышқылдарының 66% жем құрамын байыту, 30% тағам өндірісінде
жəне 4%-ға жуығы медицина, косметика мен химиялық реактивтер ретінде
пайдаланылады. Амин қышқылдарынан, негізінде, глюкозадан 150 есе тəтті болып
келетін жасанды шырыны – метилді эфир L-аспартил-L-фенилаланин жасалынады.
Достарыңызбен бөлісу: