2.2. Тіл дыбыстарының генетикалық жүйесі.
Генетикалық тұрғыдан, адамзат тілінің дыбыстық материалы жұп
элементті тіл дыбыстарынан тұратынын жоғарыда [т+ы] дыбысының
мысалында көрсеткен болатынбыз. Зерттеулер нәтижесінде адамзат
тіліне ортақ деп есептелетін негізгі жеті түрлі жұп элементті дыбыстық
материал айқындалып отыр, олар шартты түрде былайша белгіленеді:
УН-УТ-УР-УС-УЛ-УҚ-УП. Бұларды кері ретпен: УП-УҚ-УЛ-УС-УР-
УТ-УН түрінде орналастыруға да болады. Бұл дыбыстық жұп элементті
тұтастықтардың құрамындағы салдыр элементтері (П-Қ-Л-С-Т-Р-Н)
бүгінгі тіліміздегі п, қ, л, с, т, р, н дыбыстары. Бұлар тілде инвариант-
дыбыстар ретінде көрінеді. Генетикалық тұрғыдан бұлардың бірқатары
(п, қ, т, с) өз аллофондарына, яки генетикалық варианттарына өзгереді.
Бұлардың құрамындағы «У-элемент» - жоғарыда [т+ы] дыбысының
құрамында «ы» түрінде көрінген дауыс элементінің орынына шартты
түрде алынып отыр. Өйткені: біріншіден, «ы» дыбысы барлық тілдерде
бірыңғай осы күйінде дыбысталмайды, кейбір тілдерде, мысалы, орыс
тілінде бұл әріп басқаша түсініледі, басқаша оқылады, ал кейбір тілдерде
Бекмағамбетов Шанжархан
173
бұл әріп те, дыбыс та жоқ. Сондықтан да оның орынына генетикалық
тұрғыдан ең ежелгі дыбыс, яки дауыс элементі болып табылатын «У-
элементі» арнайы алынып отыр. Екіншіден, осы У-элементі қазіргі
тілдегі барлық «дауысты дыбыстар» деп аталып жүргендердің, яки дауыс
элементінің алуан түрлі вариант-аллофондарының, ең алғаш пайда болған
архетипі болып табылады. Бұл туралы аталған монографияда жан-жақты
айтылған. Яғни, У-дауыс элементі [ФХһу] түріндегі ең ежелгі архетип
тыбыстың құрамындағы [һу] түріндегі архетип-негізден шығады.
Адамзат тілінің ең алғашқы диффуздық сипаттағы дыбысының
өзі, мейлі ол қандай формада, қандай сипатта болса да, белгілі бір
коммуникативтік мақсатта қолданылды, сондықтан да ол әрі дыбыс,
сонымен бірге, ол әрі сөз болды, яки дыбыс-сөз болды. Айтайын
дегенміз: мағына – тіл дыбысына әуелден тән қасиет. Сондықтан да жұп
элементті тіл дыбыстарының да мағыналы дыбыстар болғаны сөзсіз
және мұны генетикалық тіл ғылымы барынша айқын дәлелдеп отыр.
Жұп элементті тіл дыбысының құрамындағы негізгі семантикалық
материалы, генетикалық тұрғыдан, салдыр элементі болып табылады.
Ал дауыс элементінің ең ілкі қызметі: 1) салдыр элементінің айтылуын,
яки дыбысталуын қамтамасыз ету; 2) оның тыңдаушыға жеткізілуін
қамтамасыз етіп, физикалық «өткізгіш» қызметін атқару. Физика
заңдылығы бойынша, дыбыстың тыңдаушыға жеткізілуі үшін ауа
толқындары түріндегі өткізгіш қажет, вакуумда дыбыс таралмайды.
Яғни жоғарыда келтірілген жеті түрлі жұп элементті дыбыстық
тұтастықтырдың құрамындағы салдыр элементтері тіл-тілдегі ең негізгі
дыбыстық-семантикалық материалдар болып табылады. Бұл жұп
элементті инвариант-дыбыстардың төртеуі (п, қ, т, с), жоғарыда айтып
өткеніміздей, іштей өздерінің варианттарына бөлінеді де, тілде осы
варианттар түрінде алуан түрлі қызмет атақарады. Мысалы, осындағы
УП-жұпэлементті инвариант дыбыстың «П-салдыр» элементінің тілдік
қолданыстағы варианттары қазіргі қазақ тілі деректерінде төмендегіше
көрінеді. Айта кетейік, мұндағы ф,в дыбыстары қазіргі тілімізде кірме
дыбыстар ретінде қолданылады, бірақ генетикалық тұрғыдан бұлар да
П-негізді туыс дыбыстар болып табылады:
ҚАЗІРГІ ДЫБЫСТАНЫМНЫҢ ПРОБЛЕМАЛЫ
МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ГЕНЕТИКАЛЫҚ ДЫБЫСТАНЫМ
174
•
П-НЕГІЗДІ ДЫБЫСТАРДЫҢ ТАРАЛУЫ:
фҢу... >ф>п>б>м
[ в > у(й) = 7
Мұндағы «шеңбер-қоршау» сызбасы «Ғалам-Космос» бейнесінің,
яки ғаламдық Ұлы «Қоршаудың», шартты «Шар-қоршау» (сфера)
түріндегі ұғымының жазықтықтағы графикалық бейнесі. Жазықтықта
ол «шеңбер-қоршау түрінде көрініп тұр, бірақ мұны ғаламдық «Шар-
қоршау» бейнесінің қақ ортасынан бөлінген жармасы, қиындысы түрінде
де түсінуге, елестетуге болады. Бұл «Ғалам» бейнесі жалпы адамзатқа
ортақ ғаламтанымдық түсінік бойынша, «БҮТІН» ұғымында танылады:
ҒАЛАМ – БҮТІН. Оның тілдегі дыбыстық материалы – шартты түрдегі
УП жұп элементті дыбысы. Осы дыбыстың негізгі семантикалық элементі
болып табылатын «П-салдыр» элементінің өзі тілдік қолданыста,
сызбадағы тәрізді, іштей жеті түрлі варианттарға (п-ф-б-(м)-в-й-у)
ажырайтынын тарихи тілдік деректерден де айқын көруге болады. Ал
УП жұп элементті дыбысының құрамындағы «дауыс» элементі [У] сол
тілдегі қолданыстағы барлық дауыс элементтерін бейнелейді, яки қазіргі
түсініктегі «дауысты» дыбыстар деп аталып жүрген дыбыстардың кез-
келгенін осы «У-элементтің» орынына қоюға болады. Сонда біз УП жұп
элементті дыбысының (инварианттың) қазіргі қазақ тілі қолданысындағы
мынадай варианттарын (нұсқаларын) көреміз:
Бекмағамбетов Шанжархан
175
Достарыңызбен бөлісу: |