ӘДЕБИЕТТЕР
1. Жүнісбеков Ә. Қазақ фонетикасы, Алматы., 2009.
2. Кеңесбаев С. Қазіргі қазақ тілі. І том.Алматы, 1966.
3. Мырзабеков С. Қазақ тілінің фонетикасы. Алматы, 1993.
4. Трубецкой Н.С. Основы фонологии. Москва, 1962.
5. Оразов М. Қазақ тілінің семантикасы, Алматы, 1991.
6. Жүнісбеков Ә. Қазақ тіл білімінің мәселелері. Қазақ фонетикасы.
Алматы, 2018.
7. Аветян Э.Г. Природа лингвистического знака, Ереван, 1968.
8. Журавлев В.К. Диахроническая фонология. Москва., 1986, 67
стр.
9. Бекмағамбетов Ш. Тілдік таным негіздері және тілдік символдар.,
Алматы, 1999.
10. Джунусбеков
А.
Сингармонология
или
неизвестный
сингармонизм. Алматы, 2020.
11. Бекмағамбетов Ш. Тіл генетикасы: тілдік таңба-нышандық жүйе.
Алматы, 2014.
12. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. Алматы, 1966.
13. Реформатский А.А.. Введение в языкознание.М., 1967
Бекмағамбетов Шанжархан
181
14. Вандриес Ж. Язык. Лингвистическое введение в историю.,
Москва, 1937, 29
15. Гельгард Р.Р. Источники изучения глоттогенеза в связи с
антропогенезом (Из материалов к курсу общего языковедения).
Сб. Докладов и сообщений лингвистического общества. ІҮ.
Стр.: 19-91, Калининградский государственный университет.
Калинин., 1974.
БӨЛІМ 11
ОРХОН-ЕНИСЕЙ ЕСКЕРТКІШТЕРІ ТІЛІНДЕГІ
ЭТНОГРАФИЗМДЕРДІҢ СИПАТЫ
АБИТЖАНОВА Ж.А.
184
ОРХОН-ЕНИСЕЙ ЕСКЕРТКІШТЕРІ ТІЛІНДЕГІ
ЭТНОГРАФИЗМДЕРДІҢ СИПАТЫ
Ф.Ғ.К. Абитжанова Ж.А.
Көне түркілердің болмысын, дүниетанымын айқындайтын
этнолингвистикалық тілдік бірліктер талданады. Тәңір, Жер-су, қара
будун, он оқ, үч туғлығ түрк, qut, кöк түрк, бөрі, Елбілге, Ұмай, Кul tegin,
Bilge,қара қуш, барыс, жылан, бура, құт, alp qol, erdam jurak т.б. тілдік
бірліктердің көне түркі мәдениетіне тән этнографиялық ерекшеліктері
сипатталады. Түркі халқының тілдік санасындағы этнографиялық
тұжырымдар бөлінбейтін бірлікте және көне дәуірдің дәстүрлі әлем
бейнесінің семантикалық парадигмасын құрайды. Этнографиялық
тілдік бірліктерде түркілердің мәдени болмысы, халықтың танымдық
ерекшелігі анықталған және көне түркілік сананың аялық білімі жан-
жақты берілген.
«Этнолингвистика» халықтық тілі мен оның мәдениетінің
арақатынасын зерттейді. Тіліміздегі этнолингвистикалық бірліктер
халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық болмысын, өзіндік салт-
дәстүр, әдет-ғұрпын, дүниеге көзқарасын, таным түсінігін аңғартады.
Тіл өз халқының тұрмыс-салтымен тығыз байланысты» [1, 5 б.].
«Тіл әр ұлттың дүниетанымын болмысын анықтап, дүниені
игерудегі тәжірибесін сипаттап қоймай, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп
отырады» [2, 3 б].
Көне түркі мәдениетіне тән, этнографиялық ерекшелік ретінде мына
тілдік бірліктерді қарастыруға болады: Тәңірі, Жер-су, қара будун, он оқ,
Асанбаева Сәуле Асанбайқызы
185
үч туғлығ түрк, qut, кöк түрк, бөрі, Елбілге, Ұмай, Кul tegin, Bilge, қара
қуш, барыс, жылан, бура, құт, alp qol, erdam jurak т.б.
Түркі тілінде көк сөзі «аспан» деген мағына берген, мысалы көк
тәңірі/аспан тәңірі. Түркі халқының тілдік санасындағы «аспан», «көк»,
«тәңір» тұжырымдары бөлінбейтін бірлікте және көне дәуірдің дәстүрлі
әлем бейнесінің семантикалық парадигмасын құрайды. Түркілер
танымында тәңірге – «аспанға, көкке» табыну көзқарасы басым. Көк –
сенімділіктің символы. Көкті, тәңірді «медет сұрағанда, қиыншылықта
қол ұшын беретін, демейтін әлемді жаратушы күш ретінде» таныған.
«Тәңір» – байырғы түркілердің табынатын, жаратушы жалғыз құдайы.
Тәңір – тәңір, табиғат, жанды, жансыз дүниенің жаратушысы [3, 101 б.].
Орхон-Енисей ескерткіштерінде аспан/көк – Тәңір тілдік бірлігі
белсенді қолданылған: Теңрікенке ісіг bеrтін тійін йарылқамыс Тәңрі
күш сарп еткенің үшін жарылқады (О6) [4, 176 б.]; Теңріде болмыс іл
етміс Тәңіріде (жаралған) болған ел едік (МЧ 1 теріскей жағы) [4, 136, 141
бб.]; üзе көк теңрі йарылқадуқ үчүн асра йағыз йер ігіткүк үчүн елімім
төрімім етікті Жоғарыда көк тәңірі жарылқағаны үшін менің елім өмір
сүрді, елдігін құрды (орнатты) төменде қара жер ескергені үшін (Тариат
3) [4, 176 б.]; Тänri jarylqaduq ücün üküs tijin, biz qorqmadymys Тәңірі
жарылқағандықтан, көп деп біз қорықпадық (Тон 40) [5, 115, 196 бб.].
Түркі жазуларында көшпенділердің барлық жеңістері Көк Тәңірімен
байланыстырылған. Әрбір түркі өзін Тәңірінің үкімін орындаушысы
ретінде сезінген. Оның рақымымен елді басқарған қағандарға «Аспанда
туған және Күнмен, Аймен безендірілген» деген атақ берген. Түркілердің
білген, көрген ең биік шыңы да тегіннен-тегін Хантәңірі деп аталмаса
керек. Аспанды және оның шырақтарын қадірлеу белгілі бір заңды
қажеттіліктен басқа, Аспанды Құдай мекені деп танудан, руханият әлемі
деп есептеуден туындап жатыр. Евразия ғалымдары ең алдымен көне
түркілер мен қазіргі түркі тілді халықтар арасында рухани байланыс бар
деп қарастырған. Мәңгі аспанға және көк түске (мәңгілік символындағы)
табыну желісі түріктердің өз атында «көк түрікте» бейнеленген. Ал
көп уақыт өткеннен соң Қазақстанның ұлттық байрағының түсі көкке
айналуында сабақтастық жатыр.
|