өткен грамматикамен байланыстырып түрлендіру, олармен сөз тіркестерін
жасау, сөйлемдер құрастыру сияқты жұмыс түрлері жаңадан үйренген
атауларды есте сақтауға көп көмегін тигізеді. Тіл үйренушілерге терминдерін
меңгерту үшін ең алдымен сөздік жұмысын дұрыс ұйымдастыра білу керек.
Сөздіктермен жұмыс негізінен, белгілі бір мамандыққа байланысты аударма
және түсіндірме сөздіктер көмегімен іске асатыны белгілі. Сондықтан әрбір
сабақта сөздік жұмысын дұрыс пайдалану қажет. Таныс емес сөздердің
мағынасын жан-жақты ашып, әр сөзге нақтылы талдау жасатып, ол сөздің
стильдік мүмкіндігін тиімді пайдаланып отырамыз.
Белгілі бір терминді сөздік арқылы меңгерту үшін ең алдымен, тіл
үйренушінің өзіне берілген сөзді сөздіктен іздетіп, таптыру қажет; екіншіден,
оны тақтаға жаздыртып, дұрыс айтуға машықтандыру қажет; үшіншіден,
жаңа терминнің ұғымын кең ашу үшін оларды қатыстыра отырып, сөз
тіркесін жасату, сөйлем құрату, ол сөздердің контекстегі мағынасын ашу
қажет; төртіншіден, жаңа сөздерді тірек сөз ретінде пайдаланып, мәтін,
диалог, әңгіме, құрастыру қажет.

Тіл үйретуде сөздік жұмысын орнықты жүргізу тіл үйренушінің тілін
ұстартып, ойлау, сөйлеу дәрежесін жетілдіре түседі.
Термин сөздердің мағынасын ашуда төмендегідей әдіс-тәсілдер
қолданамыз:
- терминдердің қазақша баламасын ең адыммен өздеріне аударту, кейін
сөздіктегі нұсқасымен салыстыру;
- салыстыру арқылы ұқсас белгілерді тапқызу;
- сөзді контекске енгізу;
- синоним сөздермен ауыстыру;
- сөзге құрылымдық талдау жасату
;
-
түсіндірме немесе терминологиялық сөздіктерден қаратып, мағынасын
ашу.
Егер осындай әдіс-тәсілдерді дұрыс қолданатын болсақ, мамандыққа
қатысты терминдерді тиімді меңгерте аламыз. Әр терминді өз орнына
дұрыс қолдана алатын, өз ойын дұрыс жеткізе алатын білімді маман даярлау
үшін тіл дамыту жұмыстары жүргіземіз. Тіл дамыту жұмыстарының барлық
түрі лексикалық материал негізінде тіл үйренушілерге мәтіннің мазмұнын
игеру барысында жүзеге асады.
Достарыңызбен бөлісу: