Мәтін - негізгі құрал. Мәтінді толық және дәл ұғыну оның ішіндегі
сөздердің мән-мағынасын түсініп, білуге байланысты.
Кәсіби мәтін мен жұмыс түрлеріндегі терминдерді меңгерту жолдарымен
үйлестіре беру үшін:
- лексикалық тақырыпқа құрылған қазақша мәтіннен алынған жеке термин
сөздердің мағынасын ашу;
- мерзімді басылым беттерінен алынған материалдың орысша мәтінін
аударту, термин баламасына мән беруін қадағалау;
- өзара мағыналас бірнеше тірек сөз-терминдерді ұсынып, шағын мәтін
құрастыру;
- мәтін ішіндегі түсінуге қиын сөздерден сөздік жұмысын жүргізу;
- мәтін ішіндегі термин сөздер алып тастап, мазмұнына сәйкес толықтыру
талап етіледі.
Терминдерді түсіндіру, игерту мақсатында өзара тілдік қатынас жасауы
төмендегідей сөйлеу түрлері арқылы жүргізуге болады:
1) ұжымдық;
2) екеуара;
3) жеке-дара сөйлеу.
Термин сөздерді үйрету тек жалаң сөздер тізбегі беріліп, оларды
көшірумен немесе жаттатумен іске аспайды. Уақыт талабына сай, кәсіби
білімі жоғары, жан-жақты білікті маман тәрбиелеу үшін:
1) термин сөздерді жеке тіркесі, сөйлем, мамандыққа қатысты мәтіндер
түрінде өзара бірлікте алу;
2) баспасөз материалдарымен студенттердің өз бетімен жұмыс жасауын
жетілдіру;
3) алынған материалдардың тәрбиелік мақсатына баса назар аударып
отыру керек.
Достарыңызбен бөлісу: |