62
Кристалдардың өткізгіштігі ондағы электрондардың энергетикалық
спектрінің аймақтық құрылымына және
температурада осы аймақтың
электрондармен толуына байланысты. Осы қасиеттер арқылы кристалдардың
металл, диэлектрик немесе жартылай өткізгішке жататынын анықтауға болады.
14.2 сурет
Толтырылған
және
жартылай
толтырылған
аймақтардағы
электрондардың қасиеттері әртүрлі. Егер аймақ электрондармен жартылай
толтырылған болса, әлсіз электр өрісінің өзі осы аймақ ішіндегі электрондарды
бос күйлерге өткізе алады. Электрондар қозғалысының орташа жылдамдығы
нөлден өзгеше болып, кристалда электр тогы пайда болады. Сондықтан кез
келген
жартылай
толтырылған аймақ
өткізгіштік аймақ
болып табылады.
Егер
Т=0К
кезінде валенттік аймақ толық толтырылған болса, кристалл
изолятор немесе жартылай өткізгіш болып табылады. Мұндай кристалды
қыздырғанда жылулық ауытқу әсерінен валенттік аймақтағы электрондардың
қандай да бір бөлігі көршілес бос аймаққа өтіп кетеді. Нәтижесінде екі аймақ
та өткізгіштік аймаққа айналады. Егер тыйым салынған аймақтың ені
бірнеше электрон-вольт болса, онда мұндай электрондар саны өте аз болады.
Сондықтан тыйым салынған аймақтың ені үлкен болатын кристаллдар
диэлектриктер
деп аталады. Егер кристалдағы тыйым салынған аймақтық ені
эВ болса, онда ол
Т > 0
температурада жартылай өткізгіш болып
табылады.
Достарыңызбен бөлісу: