1.Қазіргі заман тарихы курсының пәні, мақсаты мен міндеттері, дереккөздері, тарихнамасы және кезеңдері. «Қазақстанның қазіргі заман тарихы»


Шаруалардың қоныс аудару қарқының күшейе түсуі



Pdf көрінісі
бет12/55
Дата14.10.2023
өлшемі1,32 Mb.
#114132
түріСабақ
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   55
Байланысты:
Тарих рк №1

Шаруалардың қоныс аудару қарқының күшейе түсуі. 
1892 жылы Транссібір темір жолының құрылысы басталды. Ол Қазақстанның 
солтүстік өңірін басып өтті. Мұның өзі қазақтардың иелігіндегі жердің 4,2 
миллион десятинасын қосымша тартып алуға жеткізді. Темір жол құрылысы 
шаруалардың қоныс аударуына неғұрлым ұйымдасқан сипат берді. 
Шаруалардың темір жол құрылысы аумағына (оның оңтүстігіне қарай 
100 шақырым жерге дейін) қоныс аударуына Сібір темір жол комитеті де 
мүдделі болды. 
Қоныс аударушы шаруалар адам тасуға бейімделмеген қолайсыз вагондарда 
тасып әкелінді. Петропавл және Омбы сияқты қалалардың темір жол торабы 
бекеттерінде ондаған мың қоныс аударушы шоғырланды. Олар ашық аспан 
астында жатты, кейде ауа райының қолайсыз күндерін де сонда 
өткізді. Азық-түліктің жетіспеушілігі мен дәрігерлік көмектің болмауы 
салдарынан адамдардың арасында ауру-сырқау көбейді, тіпті өлім-жітім де аз 
болған жоқ. Сондықтан да Омбы мен Петропавлда қоныс аударушылар 
пункттері мен аурухана барактары жедел түрде салына бастады. 
1903 жылы «Сырдария, Фергана және Самарқанд облыстарындағы 
қазыналық жерлерге шаруалардың өз еркімен қоныс аударуы туралы Ереже» 
бекітілді. Ол ереже бойынша жергілікті халықтың «басы артық» жерлерін, 
ондағы суару жүйесі мен су көздерін қоса жаппай тартып алу көзделді. Тап 
сол жылы «Сібірге (Алтай округынан өзге) және Дала генерал-
губернаторлығына қоныс аударушыларға үкімет атынан берілетін жәрдем 
түрлері туралы Ереже» бекітілді. 


1904 жылы патша үкіметі «Егін егумен айналысатын село тұрғындары мен 
мещандардың қоныс аударуы туралы уақытша Ереже» шығарды. Бұл ереже 
бойынша жергілікті отаршыл өкімет билігіне шаруалардың Ресей 
империясының азиялық бөлігіне қоныс аударуына ешқандай кедергі 
келтірмей, рұқсат етуіне құқық берілді. 
1904-1905 жылдары патша үкіметі Қазақстан аумағын қоныс 
аударушылардың бес аймағына бөлді. Олар Торғай-Жайық, Ақмола, Семей, 
Сырдария және Жетісу аймақтары еді. Оларды құрғандағы күктелген 
негізгі міндет қоныс аударушыларға арналған қор құру үшін «басы артық» 
жерлерді іздеп табу болды. Патша үкіметі қоныс аудару басқармаларына 
қазақтардың жерлерін тартып алуына және оларды ғасырлар бойы ежелгі 
отырған атамекенінен күштеп қуып шығуына толық ерік берді. 
1870—1914 жылдар 
аралығында Ақмола, Семей, Жетісу, Сырдария, Торғай және Орал облыстары
ның аумағына 1,4 миллионға жуық шаруа қоныстандырылды. Олардың тең 
жартысына жуығы (721 мың адам) Ақмола облысына жайғастырылды. 
Өйткені бұл облыстың жері өте құнарлы болатын. Қоныс аударып келген 
шаруалар өз алдарына жеке болыстарға біріктірілді. Алғашқы кезде олар уезд 
бастығына бағындырылды. 1902 жылдан бастап шаруалар бастығы деген 
лауазымды қызмет пайда болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет