9
-
геофизикалық, (климаттық)
–
атмосфералық қысым, ауаның
ылғалдылығы, тозаңдану,
температураның күрт өзгерісі, күн радиациясы
-
геохимиялық –
су көздерінде йодтың, топырақта темірдің
жетіспеушілігі, сынап,
висмут, мышьяк өндірумен байланысты байыту
фабрикаларының елді мекенге жақын орналасуы
-
биотикалық аллергендердің, өсімдік және жануар текті улардың,
патогенді ағзалардың әсері.
Адам денсаулығына табиғи
-
катастрофакалық процестер мен құбылыстар
да әсер етеді (жер сілкіну, қар көшкіні)
Сонымен, денсаулықты ағзаның жеке ерекшеліктерімен ғана байланысты
автономды деп қарастыруға болмайды. Ол әлеуметтік және табиғи
факторлардың әсер ету нәтижесінен болып табылады. Индустрияландыру
және урбанизацияның қарқынды дамуы белгілі бір жағдайда экологиялық
тепе
-
теңдіктің бұзылуына және орта жағдайымен қатар, адам денсаулығының
да бұзылуына әкелуі мүмкін.
Тұрғындардың жеке топтарына әсерлердің сапалы және сандық
бірдейлігіне немесе шамамен бірдейлігіне қарамастан, бұл әсерлердің нәтижесі
әрбір индивидуумда оның ағзасының жағдайына, еңбек және демалыс
тәртібіне, тамақтану сипатына, әртүрлі жеке әдеттерге байланысты
ерекшеленуі мүмкін.
Адам ағзасына әсер етуімен қоршаған орта факторларын 3 топқа бөледі:
-
белгілі бір сырқаттардың дамуында олардың этиологиясы жақсы
белгілі факторлар;
-
сырқаттың тікелей себебі болмай, олардың дамуына жағдай болып
табылатын факторлар;
-
қорғаныштық, бейімделу мүмкіндіктерін төмендете отырып, ағзаға
жанама әсер ететін факторлар.
Достарыңызбен бөлісу: