Т. Жакетаева


Атмосфералық ластанулардың созылмалы арнайы емес әсері



Pdf көрінісі
бет14/36
Дата14.10.2023
өлшемі1,71 Mb.
#114244
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   36
Байланысты:
httpg.engime.orguploaddownloadid38061

Атмосфералық ластанулардың созылмалы арнайы емес әсері. 
Атмосфералық ластанулардың созылмалы арнайы емес әсері қала халқына аз 
қарқынды факторлардың ұзақ уақыт әсер етуінен болатын көрініс болып 
табылады. Атмосфералық ауа мен қала халқы сырқаттанушылығының 
арасындағы байланыстың даусыз дәлелді болуына қарамастан, әрбір аймақ үшін
бұл фактордың тұрғындардың жалпы сырқаттанушылығындағы шынайы үлесін 
анықтау өте күрделі.
Атмосфералық ластанулардың созылмалы әсері биологиялық жауаптардың 
кең спектрлігімен ағзадағы биологиялық маңызы әлі түсініксіз өзгерістердің 
пайда болуынан бастап, сырқаттанудың айқын белгілері мен өлімге дейінгі 
белгілермен сипатталады. Шынайы өмірде бұл көріністерге ( сырқат және өлім) 
тұрғындардың аз пайызы ұшырайды. Атмосфералық ауаның қандай да бір 
ластану дәрежесі жағдайында тұратын тұрғындардың негізгі бөлігінде 
патология
алды жағдай қалыптасады: ағзадағы мәні белгіленбеген
физиологиялық, биохимиялық және басқа өзгерістер немесе денсаулықтың 
бұзылуы белгілері білінбейтін қандай да бір ластағыштардың мүшелер мен 
тіндердегі жиналуы тіркеледі.
Бұл жағдайлар, әдетте емдеу дәрігерлерімен 
тіркелмейді және тек арнайы жоспарланған зерттеулер жолымен ғана 
анықталуы мүмкін.
Одан басқа, атмосфералық ластанулардың созылмалы әсері ағзада 
иммунды жүйенің өзгерісіне әкеледі. Иммундық тұрақтылықтың төмендеуі 
ғана емес, арнайы және арнайы емес әсері бар қандай бір химиялық затқа 
ағзаның сенсибилизациясы да төмендейді. Бұл бұзылыстар айқын емес және 
белгілі бір уақытқа дейін білінбейді, бірақ жүйелік сырқаттардың дамуына 
ыңғайлы жағдай қалыптастырады, бірінші кезекте тыныс алу жүйесінің 
аурулары (демікпе, демікпелі бронхиттер), сонымен қатар
әртүрлі аллергиялық 
аурулар мен жағдайлар. Ағзаның иммундық тұрақтылығының төмендеуі
бірінші кезекте балаларда
жедел респираторлық формадағы сырқаттардың 
дамуына мүмкіндік береді.
Сонымен, атмосфералық ластанулардың 
созылмалы арнайы емес әсерінің бастапқы кезеңінің диагностикасы қаладағы 
балалар мен ересектерге жүргізілген тек арнайы жоспарланған диспансерлік 
байқаулар жағдайында екі негізгі диагностикалық әдісті қолданған кезде 
мүмкін: 
-
химиялық ластағышарды немесе олардың метоболиттерін анықтау, яғни 
тіндер мен ағза ортасындағы биологиялық маркерлерді (қан, сілекей, несеп, 
шаш);
-
ағзаның иммундық жүйесінің жағадайын бағалау 
Бірінші диагностикалық әдіс емдеу профилактикалық мекемелерде қазіргі 
заманғы химиялық
-
аналитикалық базаның болуына қарамастан мүлдем 


19 
қолданылмайды
деп айтуға болады, өйткені бір жағынан жеткіліксіз 
жетілдірілмегендіктен, екіншіден бұндай зерттеулер қымбат тұрады. Сонымен 
бірге, «химиялық тасымалдаушының» диагностикасының болашағы зор екені 
сөзсіз және өнеркәсіпті ірі дамыған елдерде тұрғындардың денсаулық жағдайы 
мен қоршаған ортаның сапасын бағалауда кеңінен таралған. 
Керісінше, көптеген емдеу
-
профилактикалық мекемелер үшін иммуноло
-
гиялық зерттеулер қазіргі
уақытта жақсы жетілдірілген диагностикалық әдіс 
болып табылады. Ластанған аймақта тұратын тексерілетін адамдар ағзасының 
арнайы емес резистенттілігі жағдайын бағалау үшін клиникалық практикада 
жақсы белгілі жасушалық пен гуморалдық иммунитет жағдайының 
көрсеткіштері (лейкоциттердің фагоцитарлық белсенділігі, лимфоциттер 
бласттрансформациясы, сарысулы иммуноглобулиндер мөлшері, комплимент 
титрі, 
Т
-
лимфоциттер 
мөлшері) 
қолданылуы 
мүмкін. 
Маңызды 
диагностикалық тест болып мұрын мен жұтқыншақ шырышты қабатындағы
микроағзалардың гемолитикалық формалары мен «патагенділік ферменттері» 
болатын және антибиотиктерге барынша тұрақты терінің стафилоккоктарын 
анықтау болып табылады.
Сонымен, атмосфералық ауаның ластануы әсерінен тұрғындардың 
белігілі бір пайызында алғашқы сырқаттанушылықтың қалыптасуымен қатар 
(әсіресе балалар мен жасөспірімдерде), бұрыннан қалыптасқан сырқаттардың 
өтуін немесе қайталануын тездетеді (ересек тұрғындарда). Егер соңғы 
жағдайда дәрігердің басты міндеті созылмалы науқастарды емдеу, олардың 
денсаулығын 
мүмкін 
денгейде 
ұстау, 
сырқаттардың 
асқынуының 
профилактикасы болса, балалар континенті үшін бірінші орындағы міндет 
сауықтыруы шаралары кешенін жүргізу жолымен сырқаттардың дамуының 
алдын алу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет