Қыртысты заты қоңырқай
-
күңгірт түсті ал,
милық заты ашық түсті болып көрінеді.
Қыртысты заты -
субскапулярлы немесе сыртқы және қыртыстың ең
ортасына жақын жатқан аймағынан қалыптасқан. Осы қыртыстың капсула
асты аймағына сүйек кемігінен келген Т
-
тимоциттер тіректік жасушалармен
тығыз байланысып, Т
-
лимфобласттарға айналады. Ал Т
-
лимфобласттар
тимозин, тимопоэтин гормондарының әсерінен пісіп жетілетін Т
-
лимфоциттерге айналады. Лимфоциттерге айналғаннан кейін жасуалық
арнайы рецепторларға ие болады. Тимуста осындай лимфоциттердің жаңа
түрлері 6
-
9 сағатта пайда болып отырады. Жалпы қыртысты затта пайда
болған Т
-
лимфоциттер бірден қанға ағымына өтіп отырады. Қан ағымынан
бұлар әрі қарай шеткі лимфопоэздік мүшелерге ,лимфа түйіндеріне,
көкбауырға өтіп, пісіп жетіледі де, субкластарға (киллер ,хелпер,
супрессорларға) айналады. Бірақ бір ескеретіні қан ағымына тек бөтен текті
антигенге арнайы рецепторлары бар лимфоциттер ғана өтеді, ал қалғандары
тимуста тіршілігін жояды.
Қыртысты
заттағы жасушалар мен қан капиллярларының арасында
гематотимустық тосқауыл (барьер) орналасады. Бұл барьердің құрамында:
капилляр қабырғасындағы эндотелиоциттер мен перициттер;
перикапиллярлы кеңістік; эндотелиоциттер бекінген базальді мембрана және
ретикулоэпителиоциттер болады.Тосқауылдың бір ерекшелігі таңдамалы
өткізу
қасиетіне ие болып келеді
Тимустың милық затының құрамында дәнекер тінді стромасы,
ретикулоэпмиелиоциттер мен лимфоциттер болады. Ал лимфоциттері аз
мөлшерде (5%) болады. Милық затта гематотимустық сүзгі болмайды.
Лимфоциттері қыртысты заттың лимфоциттерні қарағанда ерекшеленеді.
Милық заттағы Т
-
лимфоциттер қанға шыққан соң посткапилярлы венула
арқылы кері қайтып келу алу қасиетіне ие.Қыртысты затқа қарағанда
лимфоциттер саны 15 есе кем болады. Милық заттың орта белінде
эпителиальді