1. Шеткі нерв жүйесі. Нервтердің құрылысы. Регенерациясы. Астана



Pdf көрінісі
бет57/104
Дата14.10.2023
өлшемі18,28 Mb.
#114412
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   104
Байланысты:
Снимок экрана 2023—05—29 в 17.12.16

Туберальды бөлік

гипофиз аяқшасына жақын орналасқан куб тәрізді 
эпителиалды тізбек топтамасынан тұратын бөлік.
Гипофиздің артқы бөлігі немесе нейрогипофиз –
питуициттерден тұрады. 
Бұлардың пішіні өсінді немесе жіпше тәрізді. Гипофиздің артқы бөлігі 
вазопрессин мен окситоцинді жинайды, бұл гормондар гипофиздің алдыңғы 
бөліктеріне синтезделген.
Гипоталамустың нейро
-
секреторлы жасушаларының аксондарының 
терминальды ұшы гипофиздің артқы бөлігіндегі капилляр қабырғасымен 
байланысып, Херринг денешігін түзеді.
Гипоталамо
-
аденогипофизарлы қан тамыр жүйесі портальды гипофизарлы 
артериядан басталып, біріншілік капилляр торына айналып, портальды 
венаға жалғасады.
25. Эпифиз. Даму көздері, құрылысы, жасушалық құрамы
Эпифиз
Дамуы. Орталық ішкі секреция бездерінің біріне эпифиз де жатады. Ол 
эмбриональдық дамудың 5
-
6 аптасында аралық мидың ІІІ қарыншасының 
үстіңгі аймағынан пайда болады. Оның құрамына мидың ІІІ қарыншасының 


эпендимасынан дамыған субкомиссуральды мүше де кіреді. Ересек адамда 
мүшенің редукциясы байқалады, жалпы салмағы 0,2г. Толық дамып жетілуі 
баланың 7 жасында байқалады.
Құрылысы. Сыртынан ол жұқа дәнекер ұлпадан тұратын капсуламен 
қапталған. Капсуладан бездің ішіне кіре орналасқан трабекулалар 
(тосқауылдар) оны бөліктерге бөліп отырады .Пинеальды паренхимада екі 
түрлі жасушаларды ажыратады: өнім бөлуші пинеалоциттер және тіректік 
глиальдық жасушалар. Пинеалоциттер тіректік жасушаларға қарағанда
үлкенірек, пішіндері көпқырлы өсінділі болады. Өсінділер көп тармақталып, 
глиоциттердің өсінділерімен байланыстар түзейді. Өсінділердің кеңейген 
бөліктері капиллярлармен байланысты болады. Кеңеймелердің 
ішінде 
осмиофильді түйіршіктер, митохондриялар, әртүрлі көлемді 
көпіршіктер анықталады. Пинеалоциттердің ішінде күңгірт және ашық түсті 
жасушаларды айырамыз. Ашық түсті пинеалоциттердің цитоплазмасы ашық 
түсті, гомогенді болып анықталады. Күңгірт пинеалоциттердің көлемдері 
ашық пинеалоциттерге қарағанда кішірек, цитоплазмасында ацидофильді, 
кейде базофильді қосындылары болады. Жасушалардың екеуінің де 
цитоплазмасында жақсы дамыған Гольджи кешені, лизосомалар, 
митохондриялар, түйіршіксіз эндоплазмалық тордың цистерналары тағы 
басқадай органеллалар орналасады.
Тіректік глиоциттер мүшенің барлық жерінде де анықталады, бірақ бөліктің 
шеткі аймақтарында көбірек шоғырланады. Глиоциттердің цитоплазмасында 
органеллалар аз, ядролары тығызданған. Олардың өсінділері бөлікаралық 
дәнекер тіндік тосқауылдарға қарай бағытталып, бөліктің шеткі жиекшесі 
түрінде ажыратылады. Ересек адамдарда строманың құрамында эпифизарлық 
конкрецияларды немесе ми құмын ажыратады. Құмдардың негізін фосфат 
және карбонат тұздары құрайды. Тұздар орналасқан аймақтарда 
пинеалоциттердің біразы атрофияланып, строманың үлесі жоғарылайды.
Эпифиз көптеген қызмет атқарады: жыныстық өсеюді тежейді, өйткені ол 
серотонинді бөледі, ал серотонин мелатонинге айналады. Мелатонин болса 
гипоталамустың гонадолиберинді бөлуін азайтады. Эпифизде 
антигонадотропин және калийдің деңгейін көтеретін гормондар да бөлінеді. 
Эпифизде барлығы 40 шақты гормон өндіріледі: тиролиберин, люлиберин, 
аргинин
-
вазотоцин т.б. Бұл өндірілген гормондар циклмен жүретін 
үрдістерді, циркадты ритмдерді реттеуге қатысады, яғни күн мен
түнді 
ажырату арқылы эпифиз бұл мүшелердің жұмысын өзгертуді қамтамасыз 
етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет