Университеттің 85 жылдығына арналған «Қазіргі заманғы математика: проблемалары және қолданыстары» III халықаралық Тайманов оқуларының материалдар жинағы, 25 қараша, 2022 жыл 255
Оқушылар деңгейлері бірдей дәрежеде болатындай етіп Microsoft Teams
платформасында каналдарға үш топқа бӛлінді. Топ мүшелері ішінде кӛшбасшысы, уақыт
сақшысы, орындаушы, сарапшы болып қызметтер бӛлініп алынды. Бұл әрекет
оқушылардың барлығының жұмысқа жұмылдыруға септігін тигізді және топ
кӛшбасшылары жұмыстың уақытылы, сапалы жүргізілуіне ықпал жасай білді. Бірінші топ
бойынша фокустағы А деңгейлі оқушы тапсырманың шешімін табудың оңтайлы әдісін тез
тауып, тобындағы С деңгейлі оқушыға достық кӛмегін тигізе білгені топтың жұмыстың
сәтті тұсы болды. Себебі С деңгейлі оқушы тапсырманың мазмұнына сәйкес сызбасын
сызу мен қай формуланы қолдану керектігін ажырата алмады. Осы сәтте А деңгейлі
оқушы скаффолдинг жасау арқылы қателіктерін түсіндіріп, оның білімін алға жылжытуға
септігін тигізіп отырды. Екінші топта В деңгейлі оқушының қызметі сарапшы
болғанымен, тапсырманы орындауда трапецияның ішкі бір бұрышы арқылы биіктігін
анықтауда Пифагор теоремасымен табуды ұсынды, бұл шешім осы тапсырманың негізгі
түйіні болатын. Бір ӛкініштісі, үшінші топ мүшелері тапсырманы орындауға кӛп
уақыттарын жоғалтып алды, себебі трапецияның қосымша элементтерін дұрыс
анықтамағандықтан, есептің шешу жолы қате болды. Бұл тұста оқушылардың ілгері
жылжуына жағдай жасап, трапецияның теңбүйірлі бола алмайтындығына және оны
диагоналін анықтау арқылы шешімін табуына жетелеуші сұрақтар арқылы кӛмек берілді.
Бұдан байқағаным, топтық тапсырманы орындауда қадамдар бойынша нақты
нұсқаулықтар беріліп, қосымша кӛмек ретінде жетелеуші сұрақтарды да дайындау керек
екен.
Топтар жұмыстарын аяқтаған соң, жалпы каналға қайта кіріп, ӛз жұмыстарын
баяндап шықты. Бірінші топ мүшелерінің ӛз жұмыстарын қорғауда үйде орындап келген
жұмыстарының кӛмегі тигені кӛрініс тапты, бұған баяндаушының тапсырманың
орындалуының қадамдарына нақты дәлел келтіргенін айтуға болады. Сәйкесінше,
бағалаушы қарсы топ мүшелері жұмыстың сапалы болғанын атап жеткізді. Екінші топ
мүшелерінің жұмысының орындалуы сапалы болғанымен, түсіндіру барысында
математикалық терминдерді орынды қолдануы жетіспеді, алайда таныстырылымы ӛз
деңгейінде жүрді. Сондықтан да бағалаушылар жұмыстың артықшылығын атап,
математикалық терминдерді орынды қолдану қажеттілігін ұсынды. Үшінші топ жұмысын
таныстыру кезінде дәлелдемелер келтіруінде қиындықтар байқалды. Бағалаушы қарсы топ
жұмысты таныстыруда тӛңкерілген оқыту технологиясын меңгеру үшін берілген
ресурстардың тиімділігін қатыстыру қажет екендігі ұсынды.
Джонатан Бергман және Аарон Сэмс айтқандай, тӛңкерілген оқыту оқушыға
алдын-ала материалды үйге ӛз бетінше жұмыс жасау дағдысын дамыту үшін беріп,
сыныпта, сабақ барысында үйде ӛз бетінше алған білімін әрі қарай дамытуға, бекітуге
септігін тигізеді.[4] Атап айтар болсақ, А деңгейлі оқушы үйге берілген Edpuzzle
платформасындағы бейнеүзіндіден алған білімін қолдану арқылы есепті шешудің бірнеше
жолын келтіре отырып, солардың арасынан тиімді тәсілін таңдай және түсіндіре білді,
демек осы стратегиямыз оның дарындылық қабілетінің алға жылжуына септігін тигізді
деп ойлаймын. В деңгейлі оқушының бейнеүзіндіден жаңа материалды толық түсініп,
есептің шығарылу жолын толықтай ашып жазып, қолдану дағдысы артқанын байқадым.
Бір ӛкініштісі жоспарда болжағанымыз орындалмай, керісінше С деңгейлі оқушы есептің
сызбасын сызып, есептеулер жүргізуден қиналды. Мәселені шешу үшін оқушыға
қосымша алгоритмдік тапсырма берілді. Оқушының мүмкіндігін ескере отырып, есеп
шығаруға септігін тигізетін дайын сызбалар ұсынылды. Нәтижесінде С деңгейіндегі
оқушы дайын сызбаның кӛмегімен трапецияның ауданы формуласын қолданып, дұрыс
есептеулер жүргізді.
Бұдан шығатын қорытынды, тӛңкерілген оқыту технологиясы арқылы үй
жағдайында ӛз бетінше алған білімі сабақ барысында барлық оқушыларға бірдей кӛмегі