Қазақ және түрік тілдеріндегі жаңа қолданыстардың лингво-когнитивтік даму жүйесі



Pdf көрінісі
бет21/100
Дата14.10.2023
өлшемі2,66 Mb.
#114878
түріДиссертация
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   100
Байланысты:
Бисенгали диссертация

 
(
жаңашылдық – G. Karaağaç) деп атайды [58, б. 15].
Демек, неологизмдердің лингвистикалық мәртебесін айқындауға 
бағытталған ішкі және сыртқы неология мен қолданбалы зерттеулер 
саласындағы теориялық зерттеулер негізінде неологизмді әлеуметтік-тарихи 
санатқа жатқызуға болады. Ол «уақыт», «кеңістік», «қозғалыс» (әрекет) сияқты 
үш негізгі санат негізінде жаңару тұжырымдамасының көп жақты 
салыстырмалық ұғымын қалыптастырады.
Неологизмдердің 
әлеуметтік-мәдени 
мәні 
уақытша 
өзекті, 
психолингвистикалық және әлеуметтік маңыздылығының өлшемі т.б. 
критерийлері арқылы анықталып, лексикографиялық дәйектермен бекітіледі 
[65]. Шынында да, қоғамның ғылыми-техникалық, экономикалық өміріндегі 
өзгерістер мен жаңалықтар, мәдени-әлеуметтік өміріндегі жылдам өзгеретін 
басымдықтар – тілдегі жаңа атаулардың пайда болуының индикаторлары, 
номенклатурасы.
1.4 Жаңа қолданыстардың неографиялық тұрғыдан зерттелуі 
ХХI ғасыр басында лингвистиканың жаңа саласы қалыптасты. Ол – 
неологияның 
бір 
бөлімі 
ретінде 
қарастырылып, 
неологизмдердің 
лексикографиялық сипаттамасын дамытуға бағытталған неография.
Өркениетті елдерде қазіргі қоғамдағы жаңа ұғымдарды таңбалауға 
қатысты жаңа атаулар мен жаңа қолданыстарды жүйелі түрде түгендеп, қағазға 
түсіріп, арнайы сөздіктер арқылы түзу дәстүрі – қоғамдық-ғылыми талапқа сай 
қажеттілік.
Функционалды-семантикалық тұрғыдан іштей жаңғырып, жетілген тілдің 
қоғамдық-әлеуметтік қызметінің кеңеюін таңбалайтын жаңа сөздер мен жаңа
қолданыстарды мерзімді түрде жинақтап, кітап етіп шығару дәстүрі, атап 
айтқанда, Түркия мен Ресейде қалыптасты.
Бұл тектес кешенді жұмыс, 1985 жылдан бері қазақ тіл білімінде де 
атқарылып, «Қазақ лексикасындағы жаңа қолданыстар» деп аталатын жинақтың 
үш басылымы (1985, 1990 [66], 1992 [67] жж.) жарияланды.


34 
2006 жылдан бастап жарық көрген 15 томдық «Қазақ әдеби тілінің 
сөздігінде» [68] көптеген жаңа қолданыстардың берілуі бұл мәселе түйінін толық 
шеше алмайтынын тілдік тәжірибе көрсетіп отыр. Сондықтан жаңа 
қолданыстарды арнайы жинақтаған лексикографиялық еңбектердің жаңа сапада 
жалғасын табуы қазақ тілінің мемлекеттік мәртебеге сай қызметін жүзеге 
асыруға өз септігін тигізеді. Бұл жинаққа енген сөздер мен сөз тіркестерінің 
барлығы бірдей ресми қабылданған, дайын атау-термин деп қарауға болмаса да, 
тілдегі қарқынды, жанды үдерістің сол кезеңдегі бір көрінісі деуге болады. 
Ондағы қолданыстардың біразы тілімізде солай қалыптасып, сөз байлығын 
толықтырса, енді бір тобы тіл талабынан шыға алмай, күндердің-күнінде өзінен-
өзі қолданыстан шығып қалғаны да тіл қолданысы тәжірибесінде көрініс тауып 
отыр. Мысалы: 
қалтафон, мүлікбасы, аспансерік, қаражатшы, өнернама, 
ауданшық, жүрісші, зәузатқор, аларман, салғыласу, бек, қылтима, шаптырма, 
іскі, өтіл 
т.б. 
Сондықтан академик Ә.Қайдар сөз байлығының сандық көрсеткішін ғана 
емес, сапалық сипатын анықтайтын мағына ауқымына, мағыналық реңктер 
алуандығына, көп мағыналылығына қарап анықтап, қазіргі таңда күн сайын 
қолданысқа кіріп жатқан жаңа атауларды да түгендеп, түзу маңыздылығын 
көрсетеді.
Кеңестік заманда шыққан 10 томдық «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде» 
[69] қамтылған тілдік бірліктердің қатарында 
тіл~қоғам

тіл~мәдениет
т.б. 
сабақтастығындағы жаңа қолданыстарға тиісті назар аударылмаса, жоғарыда 
көрсетілгендей, тәуелсіздік кезеңінде құрастырылған 15 томдық «Қазақ әдеби 
тілінің сөздігінде» белгі (метка) қойылып, жаңа қолданыстың біразы енді: 
көшбасшы,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   100




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет