Қазақ және түрік тілдеріндегі жаңа қолданыстардың лингво-когнитивтік даму жүйесі



Pdf көрінісі
бет22/100
Дата14.10.2023
өлшемі2,66 Mb.
#114878
түріДиссертация
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   100
Байланысты:
Бисенгали диссертация

пернетақта,
ұлықтау, билік, сұрып, сыйақы, сынып, оралман, 
тілашар, көгілдірлер 
т.б. 
Ал түрік тіліндегі біртіндеп қолданыстан шығып қалған жаңа қолданыстар 
мыналар: 
tükel 
(түгел), 
tin
(рух), 
bayık
(айқын), 
ökmen
(сот), 
uçar
(хабар), 
ege
(қамқоршы), 
anmaç
(естелік), 
arsıulusal
(халықаралық), 
yeğinlik
(қызмет), 
türüm
(құру), 
saylav
(депутат), 
yaltıraklı
(нұрлы), 
cusun
(ру, тек), 
sakman
(күзет), 
nerse
(тақырып), 
sorak
(мәселе), 
üleç 
(бөлік), 
çoğay
(максимум), 
betik
(парақ), 
aytaç
(шешен), 
aytanç
(сұхбаттас), 
çemdeş
(ұқсас), 
ilbay
(губернатор) т.б. [70, б. 36].
 
Қазіргі тілдік қолданыстағы жаңа сөздердің стильдік қабаттарын
замандастарымыздың тілдік санасын қалыптастырудағы жаңа лексика ықпалын 
пайымдау үшін Ресей ғалымдары «Толковый словарь русского языка начала XXI 
века. Актуальная лексика» (2006) деген сөздікті құрастырған. Оның тілдік 
деректері қазіргі қоғамдық-әлеуметтік өзекті ұғымдарды атайды: 
Агроөнеркәсіптік кешен
(агропромышленный комплекс) – ауыл 
шаруашылығы өнімдерін өндірумен айналысатын күрделі өнеркәсіптік 
құрылым;
Жаһандық дағдарыс
(глобальный кризис) – дүние жүзін қамтитын 
экономикалық қиыншылық;
Азық-түлік қауіпсіздігі
(продовольственная безопасность) – азық-түліктің 
жеткілікті болуын қамтамасыз ету; 


35 
Экономиканы индустрияландыру
(индустриализация экономики) – 
экономиканы техника жетістіктерімен жарақтандыру;
Экономиканы 
әртараптандыру
(диверсификация 
экономики) 
– 
экономиканы түрлі бағыттарда дамыту;
Модернизациялау
(модернизация) – жаңарту, қазіргі заманға сай 
жабдықтау;
Бюджет қаржысы
(бюджетные средства) – мемлекет пен әр түрлі 
мекемелердің белгілі бір мерзімге бөлінген қаржысы;
Жобалық-сметалық құжаттар
(проектно-сметная документация) – 
белгілі бір жобаның нобайы мен қаржылық мөлшері қарастырылатын құжаттар;
Ұжымдық шарт
(коллективный договор) – ұжым мүшелері мен жұмыс 
берушілер арасында жасалатын еңбек шарты;
Меморандум
– белгілі бір мәселе бойынша баяндау жазбасы, қызмет 
анықтамасы;
Технология
– белгілі бір нәтижеге жету жолындағы мақсатты әрекеттер 
жүйесі;
Формация
– қоғам дамуындағы белгілі бір кезең;
Инжиниринг
– маман-кеңесшілердің кәсіпорындар құру, өнімдер шығару, 
жобалар жазу мәселелерін талдап, әзірлеу жөніндегі қызметінің аясы;
IT-технология
– ақпараттық (компьютерлік) технология;
Нанотехнология
– заттарға атомдық және молекулалық деңгейде күрделі 
амалдар жасау технологиясы;
Логистика
– тауардың өндірушіден бөлшек саудаға өту үдерісіндегі 
материалдық және ақпараттық ағынды басқару теориясы мен практикасы;
Инновациялық кластер
(инновационный кластер) – өзара байланысты 
және белгілі бір уақыт аралығы мен экономикалық кеңістіктегі жаңа өнімдер мен 
технологиялардың тұтас жүйесі;
Технопарк
– жоғары технологиялар саласындағы қызметтерді жүзеге 
асыруға арналған кешен [71].
Көріп отырғанымыздай, орыс тіл білімінде лексикологияның бір саласы 
ретіндегі неологизмдер туралы ғылым – неология ілімі мен неография сабақтас 
даму үстінде.
Неография жаңа сөздерді тіркеп қана қоймай, олардың пайда болуы мен 
қалыптасуын, тілдің қызметтік аспектісі тұрғысынан жүйеленуін де толық 
зерттеуді талап етеді: А.А. Брагина [72], Н.З. Котелова [73], В.В. Лопатин [28], 
Т.В. Попова [24], С.И. Тогоева [74] т.б.
Қазақ тіл біліміндегі (Ш. Сарыбаев, А. Алдашева т.б.) жаңа қолданыстар 
сөздігі мен анықтамалықтарында қазіргі қазақ тілінің жаңа лексикасын тіркеу 
қағидаттары мен әдістері қазіргі қазақ тілінің сөздік қорын дамыту динамикасын 
ашып қана қоймай, сонымен қатар жаңа номинацияның лингвистикалық және 
мәдени аспектілерін зерттеуге мүмкіндік береді, жаңа сөздердің ғылыми 
әлеуетін де көрсетеді. Бұл болашақта жаңа лексиканың этимологиялық, 
парадигматикалық, синтагматикалық және эпидигматикалық байланыстарын 


36 
ғана емес, сондай-ақ заманауи қазақ қоғамы тұжырымдамасының бөлігі болып 
табылатын негізгі түсініктер мазмұнын ашуға мүмкіндік береді. 
Ал, Түркияда ұлттық тілді сақтап қалу шаралары әлдеқашан ерте 
басталған. Ататүріктің қатаң қадағалауымен 1928 жылы басталып, бүкіл елді 
қамтыған «Тіл төңкерісі» кезінде атқарылған көптеген шаралар тілдік 
қазынадағы рухани сөздерді ашып, түсіндіріп, жаңғыртуға бағытталды. Атап 
айтқанда, 1932 жылы «Түрік тілін қадағалау қоғамының» бірінші құрылтайында 
қабылданған бірінші қаулыға сәйкес ел аузындағы және көне кітаптардағы түрік 
тілінің бай сөздік қазынасын жинап, жарыққа шығару науқаны қызу түрде 
басталды. 
Осылайша ел аузынан мақал-мәтел, нақыл сөз,
ертегі, күлкілі әңгіме, аңыз, 
жұмбақ, халық әндері, махаббат дастандары, сопылық әдебиет, сондай-ақ салт-
дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар т.б. ауызша және жазбаша үлгілер жинастырылып, 
шамамен 160 ескі сөздік пен жазбаша туынды зерттелді.
Осының нәтижесінде 1943–1957 жылдар арасында Өмер Асым Аксой мен 
Дехри Дилчин басшылығымен төрт томдық «XIII. Asırdan Günümüze Kadar 
Kitaplardan Toplanmış Tanıklarıyla Tarama Sözlüğü» (XIII ғасырдан бергі жазбаша 
туындылардан жинақталған құрама сөздік) жарыққа шықты. Бұл сөздікке XIII-
XIX ғасырлар арасында жазылған 160 жазбаша туындыдан жинақталған сөздер 
кірді [75, б. 144].
Кейінірек «Түрік тілі қоғамы» бұл сөздікті қайта өңдеп, толықтырып, оған 
тағы 67 шығарма қосып, жаңадан жазып шықты. 1963–1972 жылдар арасында 
бұл сөздіктің 6 томы жарық көрді
[76, б. 227]. 
Осы тектес ауқымды зерттеу жұмыстары нәтижесінде көне түркі жазба 
туындыларынан мұқият іріктеліп, жинастырылып, заманауи түрік лексикасына 
енгізіліп, қолданыста жүрген көне түркі сөздері мыналар: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   100




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет