34
2006 жылдан бастап жарық көрген 15 томдық «Қазақ әдеби тілінің
сөздігінде» [68] көптеген жаңа қолданыстардың берілуі бұл мәселе түйінін толық
шеше алмайтынын тілдік тәжірибе көрсетіп отыр. Сондықтан жаңа
қолданыстарды арнайы жинақтаған лексикографиялық еңбектердің жаңа сапада
жалғасын табуы қазақ тілінің мемлекеттік мәртебеге сай қызметін жүзеге
асыруға өз септігін тигізеді. Бұл жинаққа енген сөздер мен сөз тіркестерінің
барлығы бірдей ресми қабылданған, дайын атау-термин деп қарауға болмаса да,
тілдегі қарқынды, жанды үдерістің сол кезеңдегі бір көрінісі деуге болады.
Ондағы қолданыстардың біразы тілімізде солай қалыптасып, сөз байлығын
толықтырса, енді бір тобы тіл талабынан шыға алмай, күндердің-күнінде өзінен-
өзі қолданыстан шығып қалғаны да тіл қолданысы тәжірибесінде көрініс тауып
отыр. Мысалы:
қалтафон, мүлікбасы, аспансерік, қаражатшы, өнернама,
ауданшық, жүрісші, зәузатқор, аларман, салғыласу, бек, қылтима, шаптырма,
іскі, өтіл
т.б.
Сондықтан академик Ә.Қайдар сөз байлығының сандық көрсеткішін ғана
емес, сапалық сипатын анықтайтын мағына ауқымына, мағыналық реңктер
алуандығына, көп мағыналылығына қарап анықтап, қазіргі таңда күн сайын
қолданысқа кіріп жатқан жаңа атауларды да түгендеп, түзу маңыздылығын
көрсетеді.
Кеңестік заманда шыққан 10 томдық «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде»
[69] қамтылған тілдік бірліктердің қатарында
тіл~қоғам
,
тіл~мәдениет
т.б.
сабақтастығындағы жаңа қолданыстарға тиісті назар аударылмаса, жоғарыда
көрсетілгендей, тәуелсіздік кезеңінде құрастырылған 15 томдық «Қазақ әдеби
тілінің сөздігінде» белгі (метка) қойылып, жаңа қолданыстың біразы енді:
көшбасшы,
Достарыңызбен бөлісу: