Қазақ және түрік тілдеріндегі жаңа қолданыстардың лингво-когнитивтік даму жүйесі



Pdf көрінісі
бет51/100
Дата14.10.2023
өлшемі2,66 Mb.
#114878
түріДиссертация
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   100
Байланысты:
Бисенгали диссертация

aslanağzı 
(есінекгүл),
horozibiği 
(целозия),
aslanpençesi 
(теңгежапырақ)
 
т.б. 
Белгілі бір ауруды емдеуде қолданылып, жақсы нәтиже алынған өсімдіктер 
сол аурудың атымен аталып кеткен: 
nezle otu 
(қазақша тура аудармасы: тұмау 
шөбі,
қазақша аты: «мысық көкжалбыз»)
, bere otu 
(қазақша тура аудармасы: 
қанды ісік шөбі, қазақша аты: «жарын»),
basur otu 
(қазақша тура аудармасы: 
геморрой шөбі, қазақша аты:
«
көктем фикария»
, dalak otu 
(қазақша тура 
аудармасы: көкбауыр шөбі, қазақша аты: «еменшөп»)
 
т.б.
Емдеу барысында теріс нәтиже алынған жағдайда да бұл өсімдік атауында 
көрініс тапты: 
gelinboğan 
(қазақша тура аудармасы: келінді қылқындырған
орысша аты: «мушмула»),
 danakıran 
(қазақша тура аудармасы: сиырды қырған,
қазақша аты:
 
«аязшөп»),
 kurtboğan 
(қазақша 
тура аудармасы: қасқырды 
қылқындырған,
орысша аты:
 
«аконит»)
 
т.б
.
Кейбір өсімдіктер сыртқы пішініне қарап аталған: 
iribaşlı lahana 
(қазақша 
тура аудармасы: ірі басты қырыққабат, қазақша аты: «ақбас қырыққабат»),
 
boruçiçeği
(қазақша тура аудармасы: құбырлы гүл,
қазақша аты: «шырмауық»),
 
tüylü ayıpençesi 
(қазақша тура аудармасы: түкті аю табаны, қазақша аты: «ақ 


93 
қараған»),
 boynuzlu yonca
(қазақша тура аудармасы: мүйізді жоңқа, қазақша аты: 
«мүйізді беде») т.б.
Зерттеуші Түркмен Сейфулла түрік тіліндегі өсімдік атауларының 
уәжділігін төмендегідей талдайды: «Тіліміздегі уәжділіктің маңызы 
aslanağzı
(есінекгүл) өсімдік атауына синоним бола тұра, бірнеше ұғымға омоним болған 
danaburnu
(қазақша тура аудармасы: сиыр мұрны) сөзінен көрінеді. 
Danaburnu 
сөзі биологияда
 aslanağzı 
өсімдігі атының синонимі ретінде қолданылып жүрсе 
де, зоологияда ол «топырақ ішінде тіршілік етіп, өсімдіктердің тамырларын үзіп, 
зиян келтіретін қоңыз, тамыр жәндігінің аты». Сонымен қатар түрік 
диалектілерінде
danaburnu
сөзі «саусаққа шығатын шиқан, тырнақ жегі» дегенді 
білдіреді. 
Dana 
(қазақша: сиыр), мал шаруашылығымен айналысатын түріктер 
үшін өте маңызды жануар. Сондай-ақ сиыр мықты жануар болғандықтан ол Er 
Dana формасында кісі аты ретінде де қолданылды»
[253].
Көріп отырғанымыздай, қазақтар үшін жылқы малы қасиетті әрі маңызды 
саналса, түріктер үшін сиыр өте маңызды екен. Уәжділігі жоғары болғандықтан, 
сиырдың атын халық бірнеше атауда қатар қолданған.
Қазақ және түрік тілдерінің этнотанымдық ерекшеліктері өсімдік 
атауларына уәж болған белгілерінен айқын көрінеді.
Мысалы, жолдың шеті мен шалғындық жерлерде өсетін “
beşparmak otu
” 
(қазақша тура аудармасы: бесбармақ шөбі, қазақша аты: «қазтабан шөбі»), 
сыртқы көрінісі адамның ашық алақанына ұқсағандықтан осылай аталды. Бұл 
шөптің басқаша уәжден туындаған қосымша бір атауы бар – “
kurtpençesi
” 
(қазақша тура аудармасы: қасқыр табаны).
Жартастарда, тоғайлар мен бұталарда өсетін хош иісті гүлдері бар 

hanımeli
” (қазақша тура аудармасы: әйелдің қолы, қазақша аты: «ырғай») 
өсімдігі бір қарағанда “
beşparmak otu
” сияқты адамның қолына ұқсайды. Алайда 
бұл жолы ақ гүлдердің нәзіктігі мен хош иісі әйел адамды еске түсіргендіктен 
халық оны “
hanımeli
” (әйелдің қолы) деп атап кеткен.
Бұталар мен орманды алқаптарда өсетін, солғын қызғылт түсті гүлдері бар 
жабайы өсімдіктің ашық қызыл түсті, іші түкті және дәнді жемісі құс пен 
мұрынды еске түсіргендіктен ел арасында ол “


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   100




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет