91
көсемше, тұсаукесер
сияқты терминдердің бейнелі-танымдық уәжі соның айқын
айғағы.
Олай болса, терминдер де, жаңа қолданыстар да уәжді таңбалар. Себебі
профессор Б. Қасым атап көрсеткендей: «Уәждеме – шындық болмыстағы заттар
мен құбылыстарға туынды атауға қажетті негіз болатын тілдік бірліктер.
Уәжділік – аталым үрдісіндегі негізгі, маңызды бөлшек, күрделі аталымның
табиғатын ашатын заңдылық» [247, б. 107].
Осылайша уәжді негізге сүйеніп жасалған балама терминдер тілдің жаңа
даму жүйесі мен сөздің белсенді коммуникативтік мәні негізінде уақытқа ілесіп,
тілді жетілдіруге қызмет етеді,
тіл~қоғам, тіл~ұлт
тұтастығын сақтайды.
Түрік тіл білімінде де ғалымдар лексикадағы жаңа сөздердің уәжділік
мәселесіне қызығушылық білдіріп, оны қарастырған: Doğan Aksan, Levent
Aysever, Nazife Erden [248, Б. 987-993], Seyfullah Türkmen, Ali Akar, Günay
Karaağaç [249], Osman Mert, Şerif Ali Bozkaplan [250, Б. 43-79], İlhan Uçar т.б.
Доған Аксанның ойынша, сөз бен ұғым арақатынасы тұрғысынан тілдер
арасында кең ауқымды уәжділік өзгешеліктер бар. Кез келген бір ұлттың тек
сөздік қорын зерттеу арқылы сол тілде сөйлейтін адамдардың тұрмыс-тіршілігін,
мәдениетін және басқа ұлттармен қарым-қатынасын біліп алуға болады [81].
Бұған мысал ретінде кезінде латынша «конституция» сөзіне балама ретінде
ұсынылып, кейін терминге айналып, қазір түрік тілінің сөздік қорына берік
орнаған түрікше
Anayasa
сөзін мысалға келтіруге болады. Бұл біріккен сөз
ana
(ана) және
yasa
(заң) деген екі сөзден құралған. Бірінші сөз «ана» – бүкіл адамзат
үшін қасиетті ұғым, негіз, тірек. Сондықтан бұл жаңа қолданыстың уәжділігі
жоғары болып, ол бірден тілге сіңіп кетті.
Мысалы:
Достарыңызбен бөлісу: