kuşburnu
” (қазақша тура
аудармасы: құсмұрын,
қазақша аты: «итмұрын») деп аталып кеткен. Бір қызығы,
қазақтарда бұл өсімдік «итмұрын» деп аталады.
Осы орайда жоғарыда айтылған Доған Аксанның: «Сөз бен ұғым
арақатынасы тұрғысынан тілдер арасында кең ауқымды уәжділік өзгешеліктер
бар» деген тұжырымының дұрыстығына көзіміз жетеді.
Амарант гүлдеріне жататын бір өсімдіктің жапырақтары қаз аяғына
ұқсағандықтан түрік тілінде ол “
kazayağı
” (қазақша тура аудармасы: қаз аяғы, ал
қазақша аты: «алабота») деп аталған.
Ал, тағы бір ағаш бұршақ тұқымдастарға жатады, оның діңі мен қабықтары
оңтайлы болғандықтан ағаш ұсталары одан тақтайшалар жасайтын, ағаштың
жалпақ қара жемісі ешкі мүйізіне ұқсағандықтан ол “
keçiboynuzu
” (қазақша тура
аудармасы: ешкі мүйізі, орысша аты: «цератония») деген атқа ие болған.
94
Қазтамақ тұқымдас, тұқымдарының ұшы тырна тұмсығына ұқсас жіңішке
әрі ұзын, жапырақтары хош иісті өсімдік “
turnagagası
” (қазақша тура аудармасы:
тырна тұмсығы, қазақша аты: «қазтамақ») деп аталып кетті.
Осы орайда француз ғалымы Жан-Поль Рудың мына пікірі қызықты:
«Өзінен әлдеқайда жақсы жүзетін, өзі ұша алатын, өзінен жақсы аң аулайтын
және болашақты бұлжытпай білетін жануарлар алдында адам өзін әлсіз сезінеді.
Бұл кемшіліктің себебін адам өзінің жалғыздығында деп біледі. Сондықтан бұл
кемшілікті адам дін, сиқыр, жануарлар мен өсімдіктерге еліктеу, тіпті
мүмкіндігінше олармен теңесу арқылы жеңуге тырысады» [254, б. 91].
Зерттеуші Мерт Осман болса: «Табиғат аясында өмір сүріп, оған үстемдік
етіп отырған адамның күнделікті тіршілігінің айнымас бөлшегіне айналған
жануарлардың сыртқы пішіні мен адамдармен ұқсас жерлерін аңғарған түріктер
адамдардың кейбір қасиеттерін жануарларға үйретіп, ал жануарларға тән кейбір
атаулар мен жақсы жақтарды адамдарға ат, атақ, не лақап ат бергенде
пайдаланды. Мысалы:
Алпарслан, Қаған Арслан, Бейбарыс
т.б.» деген тұжырым
жасайды [255, б. 301].
Адамның қоршаған ортаны танымастан бұрын өзін тануға тырысатыны –
өмірлік қажеттілік. Өзін танып-білген адам айналасындағы нәрселерді де өзіндей
көріп, оларды өз дене мүшелеріне ұқсастырып, атау берді.
Дене мүшелерінің атын пайдалану түрікше өсімдіктерге атау беруде ең кең
таралған тәсілдердің бірі екенін зерттеуші Ильхан Учар нақты мысалдармен
көрсетеді:
bağırsak otu
(қазақша тура аудармасы: ішек шөбі, қазақша аты: «ішек
шөбі»),
baldırıkara
(қазақша тура аудармасы: балтыры қара, қазақша аты:
«қырыққұлақ»),
beşdamar otu
(қазақша тура аудармасы: бес тамыр шөбі, қазақша
аты: «жолжелкен»),
keçitırnağı
(қазақша тура аудармасы: ешкі тырнағы, қазақша
аты: «сиыржоңышқа»),
kızkalbi
(қазақша тура аудармасы: қыз жүрегі, орысша
аты: «дицентра»),
leylekburnu
(қазақша тура аудармасы: ләйлек мұрны, қазақша
аты: «қазтамақ»),
öküzgözü
(қазақша тура аудармасы: өгіздің көзі, қазақша аты:
«қырмызыгүл»),
tavşantopuğu
(қазақша тура аудармасы: қоян өкшесі, қазақша
аты: «понтий кірпішөбі»),
tavşanbıyığı
(қазақша тура аудармасы: қоянмұрт,
қазақша аты: «қоңырбас»),
tekesakalı
(қазақша тура аудармасы: теке сақалы,
қазақша аты: «желкек»),
yılan kulağı
(қазақша тура аудармасы: жылан құлағы,
қазақша аты: «шаянот») т.б. [256, б. 303].
Әрине, түрік тілінде уәжділігі айқын бұл сөздер арқылы (дене мүшелері)
тек өсімдік атаулары ғана емес, қазір өзектілігі жоғары жаңа сөздер де көптеп
жасалуда:
taban –
табан (геом.термин),
veritabanı –
дерекқор
, başkent –
астана
,
başkan –
төраға,
başbakan –
премьер-министр,
başbayan –
президент жұбайы,
aşçıbaşı –
бас аспазшы,
başhekim
– бас дәрігер,
gözetim –
бақылау,
gözlemci
–
бақылаушы,
kulaklık –
құлаққап
, el ilanı –
үндеухат,
parmaklık –
темір тор,
dizüstü
bilgisayar –
ноутбук т.б.
«Ұлылық», «жарқырау» т.б. қасиеттерді білдіретін «жұлдыз», «көк»,
«Күн», «Ай», «ғалам» секілді астрономиялық атаулардың уәжділігі қашан да
күшті болғандықтан, бұлардың жаңа атау жасаудағы әлеуеті үнемі қолданылды.
Мысалы:
yıldız – «
жұлдыз»
,
yıldız çiçeği
– нарғызгүл,
gökyakut –
жақұт
, göktaşı –
95
метеорит
, gökkuşağı –
кемпірқосақ
, güneşlik –
жалюзи
, evrensel –
ғаламдық
,
gökdelen –
көп қабатты үй
т.б.
Сонымен,
түрік тілінің бай лексикасының қалыптасуында уәжділікке
қатты мән берілетіні байқалады.
Осы орайда танымал түркітанушы Суер Екердің Ататүрік жасап шығарған
бір әскери терминді талдауына назар аударайық: «Біздер бұрын
zabit
дейтінбіз
«офицер» сөзіне. Бұл араб сөзі. Кейін Ататүрік
sübey
сөзін ойлап тапты.
Sü
көне
түркі тілінде «әскер» деген сөз. Оның қасына
bey
деген ер адам деген мағынадағы
қосымшаны қосты,
sübey
болды. Сосын біраз ойланды:
sübey
сөзі тым жіңішке,
нәзік болып шықты. Сондықтан Ататүрік оны
subay
деп өзгертті. Өйткені ер
адамның әскери шенін білдіретін сөз жуан дауыстылардан құрылу керек деп
шешті. Кейін ойлап қарасам
sü
– «әскер» деген сөз,
bay
– сын есім. Демек, заң
бойынша сын есім алда тұру керек. Яғни бұл сөз
baysu
болу керек. Бірақ ойлана
келе Ататүріктің неге бұлай жасағанын түсіндім.
Bay
сөзі түркі тілдерінде
тектілікті білдіреді. Меніңше, Ататүрік осының бәрін алдын-ала зерттеп, біліп
алды. Сондықтан осылай атады» [132].
Көріп отырғанымыздай, ғұлама Ататүрік ер адамның әскери шенін
білдіретін сөзді жуан дауысты дыбыстардан жасап, термин уәжділігіне ерекше
көңіл бөлді. Сондай-ақ тектілікті білдіретін «
bay
» сөзін сөз соңына жалғап, сол
арқылы бұл атаудың әуезді әрі жеңіл айтылуына мән берді.
Осыған ұқсас мысалдарды қазақ тілінен де көптеп келтіруге болады.
Мысалы, медицина саласында жалпыға түсінікті «рак» ауруы адамның барлық
мүшелері мен тканьдерін – теріні, асқазанды, өңешті, өкпені, миды зақымдайды.
Оның қазақша баламасы ретінде
қатерлі ісік
деген сипаттамалық атау қазірге
дейін қолданыс тауып келді.
Мысалы:
Тажал оғына айналып талайдың тағдырын талқан еткен кесел
–
Достарыңызбен бөлісу: |