278
«Қармақ» жаттығуы
Топ мүшелері көздерін жұмып, өздеріне жайлы, ыңғайлы етіп
отырады.
Нұсқау: «Алдыңызда барлығын жоятын, күшті селді, қатты
толқынды, дауылды теңізді елестетіңіз. Кенеттен алдыңызда судың
бетіне біресе шығып, біресе толқынның әсерінен көрінбей кететін
қармақты көресіз. Қармақ – Сіз, ал өміріңіз – теңіз деп елестетіңіз.
Сізді толқындар төмен түсіреді, батырады, бірақ Сіз суға батпай
келесіз. Сіз қайта-қайта судың бетіне қалғып шығасыз. Сіздегі
сенім мен қуаныш сезімі қармақты рухтандырып, соның күшімен
қармағыңыз суға батпай келеді. Сізді жеңе алмаған теңіз ақыры
тынышталып, қара бұлттардың арасынан күн шығады. Сіз –
қармақсыз және күннің қуанышты сәулелері Сізді баурап келеді.
Сіз өміріңіздегі кезекті дауылды өткізіп бұл күресті жеңіп
шықтыңыз. Енді Сіз алдағы дауылды елестетіңіз, мұнда да жеңіске
жеттіңіз»
«Үйшіктер» жаттығуы
Нұсқау: «Үш адамнан құралған топ құрыңыздар. Әр үштік бір
үйшікті құрайды - ортасындағы адам сол үйдің тұрғыны. Жан –
жағындағы адамдар бірінің қолын бірі ұстап, үйшікті құрайды.
Біздің өмірімізде түрлі жағдайлар болып жатады. Біз солардың
үшеуін қазір көрсетуге тырысамыз. «Көш!» деген бұйрықта үйдегі
адамдар үйлерімен алмасады, яғни басқа үйге қоныстанады.
Үйшіктер бір орында тұрады. «Жөңдеу!» дегенде үйдегі адамдар
бір орында қалады, үйшіктер өзара алмасады. «Жер сілкінді!»
дегенде үй адамдары мен үйшіктер жаңа үштік құру қажет. Зейін
қойыңыздар, бастаймыз!».
Достарыңызбен бөлісу: