Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық


«Менің көңіл-күйім» жаттығуы



Pdf көрінісі
бет120/132
Дата14.10.2023
өлшемі3,13 Mb.
#115145
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   132
Байланысты:
Акмеология оқулық

«Менің көңіл-күйім» жаттығуы 
Мақсаты: көңіл-күйімізді көтеру 
Енді барлығымыз алдымыздағы ақ қағазға көңіл-күйімізді 
түсіріп көрейік. Адам мен табиғат ұқсас, егіз ұғымдар. 
Әрқайсымыздың көңіл-күйіміз табиғат тәрізді. Бірде бұлттанып, 
бірде шайдай ашылады, бірде жауындатады, бірде түнереді және 
т.б. 
Табиғат құбылыстарымен байланыстыра отырып, қағаз бетіне 
көңіл-күйімізді түсірейік. (Жайлы әуен қойылады) Білім алушылар 
суреттерін көрсетіп, көңілсіз сурет салған білім алушының көңілін 
көтеру қажет. 
 
«Достық алақаны» жаттығуы 
Әр білім алушы өз алақанын берген қағазға түрлі түсті 
маркермен салып, астына атын жазады да, орындықтарына қойып, 
қасындағы білім алушының қағазына, яғни алақанының ішінен сол 
білім алушыдан байқаған жақсы мінезін, қасиетін, тілегін жазып, 
шеңбер бойынша жазып шығады. (Өз алақанына келгенше)
Талдау: алған әсерлері, көңіл-күйлері сұралады.
Психологтың қорытынды сөзі: адам денсаулығына жақсы 
қарым-қатынастың әсері мол. Қасындағы адамдармен, туған-
туыспен, достарыңмен, танысыңмен әрдайым жақсы қатынаста 
болған нағыз мейірімділіктің белгісі. 
Халықта мынадай даналық сөз бар «Адамдардың саған қалай 
қарағанын қаласаң, басқаларға да солай қара!». 
 
«Менің балалық шағым» жаттығуы 
Мақсаты: мұғалімнің балалық естеліктерін активизациялау.


274 
Топ 
мүшелері 
шеңбер 
құрып 
отырады. 
Психолог 
қатысушылардан балалық шағындағы ең қызықты және қайғылы 
оқиғаларын естеріне түсірулерін ұсынады. Мұғалім балалық 
шағында эмоциялық жарақат алып, эмоциясын сыртқа шығара 
алмаған болса, онда ол жағдай оның балаларымен қарым-
қатынасына әсер етеді. Мұғалім балалық шағындағы күйзелістерін 
сыртқа шығарып, топ мүшелерінен қолдау көрсе, онда ол балалық 
шағының жаны қиналатын естеліктерінен айырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет