Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық


«Менің алғашқы ұстазым» жаттығуы



Pdf көрінісі
бет121/132
Дата14.10.2023
өлшемі3,13 Mb.
#115145
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   132
Байланысты:
Акмеология оқулық

 
«Менің алғашқы ұстазым» жаттығуы 
Мақсаты: 
мұғалімдердің 
педагогикалық 
рефлексиялық 
қабілетін дамыту, жеке тәжірибелік әсер етулерін бағалау және 
талдау. 
Психолог топ мүшелеріне өздерінің алғашқы ұстаздарын 
естеріне алуды ұсынады. Оның балаларға қарым-қатынасы, сабақ 
түсіндіру мәнері, білім алушылар жұмысын қалай бағалау, 
сыныптағы ахуал қандай болғанын естеріне алу қажет. Жаттығудың 
тиімділігін жоғарылату үшін оларға өз тәжірибесінде кездестірген 
алғашқы ұстаздарына ұқсас іс-әрекеттерін немесе одан жақсырақ
әділдірек болғысы келетіндігі жайлы пікірлерін сұрауға болады. 
Тағы бір маңызды жайт, олар өздерінің балалық шағының елестері 
негізінде өзі білім алушыларды терең сезіне алуына үйрету. 
 
«Ыстық картоп» ойыны 
Мақсаты: Қатысушылардың көңіл-күйлерін көтеру. 
Қатысушылар шеңбер құрып тұрады. Алдын-ала дайындалған 
сұрақтар қағазға жазылып, дөңгелек пішінде умаждап, ыстық 
картоп дайындаймыз. Қарқынды әуен қосылады да, қатысушылар 
ыстақ картопты жылдам бір-біріне береді. Әуен тоқтатылған кезде 
ыстық картоп кімнің қолында болады сол адам қағазды ашып, 
жазылған сұраққа жылдам жауап беруі тиіс. Сұрақтар: 
Бүгіні көңіл күйің? 
Сенің сүйікті тағамың? 
Сенің хоббиің?
Спорттың қандай түрін ұнатасың? 
Қандай киімнің үлгісін ұнатасың? 
Жылдың қай мезгілін ұнатасың? Не үшін? 
Қай түсті ұнатасың? 
Жылдың ең қысқа айы? 
Кактус гүліне ұқсайтын жәндік? 


275 
Сүйікті әнің? 
«А» дыбыстан басталатын бес зат ата? 
Кері оқығанда тура мағына беретін адамның дене мүшесі? 
Саған ұнайтын кино? 
Сүйікті әншің? 
Жұмбақ сырлы сөйлемдер 
Әрбір студент бір парақ алады, мұғалім оған өтілген 
сөйлемшелердің (сөз, грамматикалық құрылым) бірін айтады. Осы 
сөйлемшемен (сөз грамматикалық құрылыммен) студент болымды, 
сұраулы немесе болымсыз сөйлем құрайды, жазылған нәрсе 
көрінбейтіндей етіп бүктейді, үстінен бүктелген сызығына 
бастапқы сөйлемшені ағылшынша жазады да парақты келесі 
студентке береді. Бұл парақты алған студент онда жазылған 
сөздермен сөйлем құрайды, содан кейін ол басқалар қандай 
сөйлемдер құрағанын қарауға құқылы. Парақтың жоғары бөлігін 
тағы да бүктеп студент оған тағы да бастапқы сөйлемшені жазады 
да (себебі бұрынғысы көрінбей қалады) парақты басқа студентке 
береді. 
Бұл қызықты тапсырма оқушыларға игерілген сөздердің 
(идиома, сөйлеме, грамматикалық құрылымдардың) дұрыс 
жазылуын бекітуге, жаңа сөздерді контексте қолдана алу дағдысын 
дамытуға көмектеседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет