жетістік
- мақсаттың және
нәтижелердің жоғары көрсеткішке сәйкес келу болып табылады.
Жетістікке жету әрекеті адамның ойлап тапқаны, өйткені, сапа
стандартына сәйкес талаптарды қабылдауға міндетті, Сондай-ақ іс-
әрекет аяқталған соң өзін - өзі бағалап, жоғары жетістікке, әлде бір
жоғары дәрежеде орындап, нәтижесін көруге тырысу, өзінің ақылы
мен қабілетін көрсету. Субъект белгілі бір дәрежеде жетістікке
жетуге өзін міндетті санайды.
Алғашқы рет жетістікті адам мотивациясының қайнар көзі
ретінде 1930 жылдардың соңында Мюррей қарастырды.
Қиындықты жеңіп, жетістікке жету оңай емес. Оны жылдам әрі,
жақсы етіп орындау, қисынды жолдарын таба білу - басты міндеті.
Қиындық, кедергілерді жойып, жоғары стандартқа жету. Өзін
көрсетіп, өзгелермен жарысқа түсу, өз таланты мен қабілеті арқылы
өз өзіне деген құрметті арттыру .
Жетістікке жету мотивациясы кез-келген іс-әрекетті жоғары
деңгейде орындап, жақсы нәтиже көрсетуге бағытталған, оған
66
жетістік
критерийі
қолданылады.
Жетістік
мотивациясы
субъектінің өз саласы бойынша жетістікке жетуіне талпыну арқылы
пайда болады.
Жетістікке жету дегеніміз не? Көп ақша, әдемі үй, қымбат киім,
саяхат, соңғы үлгіде шыққан көлік т.с. сияқты сыртқы белгілер
арқылы мақтану ма? Теледидардан жиі-жиі көрініп, сұхбат беру ме,
газет-журнал, интернет басылым беттерінен түспеу ме, «атың
шықпаса, жер өрте» деп қандай жолмен болса да жұрт аузында
жүру ме, инстаграммда көп қолдаушы жинау ма, әлде өз ісінің
кәсіби маманы болып, тыныш қана жұмысын істеп, айналасын
жақсартумен, өзін-өзі дамытумен, білімін жетілдірумен айналысу
ма? Дүние жүзінде жетістікке жетуге арналған миллиондаған
кітаптың мыңдағаны шынымен танымал болар, ал біздің қолымызға
тигені жүзден асса, оқығанымыз одан да аз шығар. Дегенмен, осы
кітаптарда айтылып жатқан ойлар мен берілген анықтамалар,
келтірілген түсініктемелер мен іскер адамдардың тәжірибелерінен
аларымыз да, үйренеріміз де көп. Оған дәлел, Альберт
Эйнштейннің «Жетістікке жетуге ұмтылма, пайдалы болуға тырыс»
деген сөздері жақын. Қазіргі кезде жетістіктің өлшемі танымал
болып, көпшіліктің аузынан түспеу болса да, оның басқа жағын да
ұмытпайық. Жұртқа, елге, айналаға пайдалы іс жасау маңыздырақ
екенін балаларымыздың бойына сіңіру қажеттігін жадымызда
ұстайық. Жапон елі шай рәсімімен танымал, ол ХVI ғасырда шай
рәсімінің шебері Сенно Рикюдің арқасында талғампаздықтың
шыңына жеткен делінеді. Сенно Рикю «жетістіктің құпиясы –
шынайылықта», яғни барлығы табиғи, шынайы көрініп, оны істеуге
кеткен жұмыс сырт көзден тасада болуы керек деген ой айтады.
Сенно Рикю туралы оқығанда, оның сұлулық пен әсемдікке деген
көзқарасы және оны айналадағы заттар мен адам ісінен көре білуі
маған қатты әсер етті. Бірде Рикю баласымен танысының үйіне шай
рәсіміне келе жатады. Баласы келген үйдің әдемі ескі қақпасы үйге
оқшаулық пен әсемдік беріп тұрғанын айтады. Бірақ әкесі: «Мен
олай ойламаймын. Бір қарағаннан бұл қақпаны алыстан, таудағы
ғибадатханадан әкелгені түсінікті, оны әкелуге көп ақша
жұмсалған. Егер үй иесі қақпаны орнатуға сонша күш жұмсаса, бұл
оның шай рәсіміне де әсер етпей қоймағаны» дейді. Шынымен де,
қонақтар шай рәсімінде ұзақ отыра алмайды, өйткені үй иелері
қанша тырысқанымен қиналысы мен бейнетін жасыра алмайды.
Тағы бірде танысының үйінде шай рәсімінде отырған Рикю үй
иесінің бақшаға шығып ағаштан лимонды кесіп алып келгенін
67
көреді. Ол үй иесі лимонның хош иісі әкелген шайды безендіре
түседі деп ойлап, ырықсыз бақшаға баруға итермеледі деп ойлайды.
Бұл тосын әрекеттің табиғилығы Рикюге тартымды болып көрінеді.
Бірақ үй иесі лимонды соңынан күріш тортына қосып әкеледі.
Осыдан Рикю бұның бәрі алдын-ала жоспарланғанын түсінеді. Үй
иесі барынша өзінің талғампаздығын көрсетуге тырысқаны
түсінікті болады. Осыны түсінген Рикю тортты жеуден сыпайы бас
тартып, үйіне қайтып кетеді. Әрине, жоғарыда келтірілген мысалға
«Әр елдің салты басқа» дерсіздер, біздің танымымызға сай емес
болар. Десе де адамзатқа тән адамгершілік құндылықтар бәрімізге
ортақ, сондықтан мамандардың кеңесіне сүйеніп, барлық
халықтарға сай келетін жетістікке жетуге бастайтын кеңестердің ең
бастыларын санамалап көрейік:
1. Мақсатты анық қою, басымдылықтарды белгілеу;
2. Ісіңе жауапкершілікпен қарау;
3. Өзіңнің және өзгенің уақытын бағалау;
4. Ұқыптылық, жұмысты уақытында орындау;
5. Әдемі сөйлеу, ойыңды жинақы, дәлелдермен жеткізе білу;
6. Таза және ұқыпты киіну;
7.Денсаулыққа көңіл бөлу, дұрыс тамақтану, спортпен
шұғылдану;
8. Қателік жасаудан қорықпау.
Жетістікке жеткісі келген адамның жұмысын нәтижесімен,
тиімділігімен бағалап жатады. Бірақ адам робот та, өндірістік
машина да емес, сондықтан оның әртүрлі себептермен көңіл-
күйінің түсуіне байланысты шаршауға, қателесуге, селқостық,
енжарлық танытуға, күйгелектікке, өзіне деген сенімсіздікке бой
алдыруына құқы бар. Дегенмен, әр адамның мақсаты анық, ойы
нақты болса, өз миссиясын, не үшін өмір сүріп жатқанын ертерек
анықтап алса жүрегінде мейірім, ісінде береке, өмірінде тыныштық
пен бақыт болады. Ал мен шынайы өмірдің өзі берген сабағынан
өзіме мынадай шағын ереже жасап алдым: «Ешқашан біреу келіп
көмектеседі деп үміттенбе, бірге барамыз ғой деп күтпе, біреумен
бірігіп жұмыс істеймін деп алданба, ешкімнен ешқашан ешнәрсе
күтпе. Қажет нәрсенің бәрін өзің жаса. Мүмкін болса қасыңа дос-
жаран, әріптес, мақсаттас адамдарды жина, бір мақсатқа жұмылып
жұмыс істеп көр. Нәтижесі болмаса, ешкімге ренжіме». Жетістікке
жетудің басқа жолы жоқ (Б.Салыхова).
68
Сурет 8 - Жетістікке жету жолындағы ұстанымдарды
Т.О. Гордеев қазіргі индустриалды қоғамда адамзат үшін
негізгі құндылықтар кәсіби жетістік және өзін жақсы көретін адам
ретінде қоғамға пайдасын тигізу деп санайды.
Жетістікке жету жолындағы басты ұстанымдарды сурет 8-ден
көре аласыздар.
Достарыңызбен бөлісу: |