Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық


« жоғары кәсіби мамандығы бар тәжірибелі  басшылар  (



Pdf көрінісі
бет31/132
Дата14.10.2023
өлшемі3,13 Mb.
#115145
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   132
Байланысты:
Акмеология оқулық

«
жоғары кәсіби мамандығы бар тәжірибелі 
басшылар
 (
басқарушылар) 
қарамағындағылармен 
араласуға 
жұмсайтын уақыттарын аямайды, белгілі бір уақыттың ішінде 
олардың алдында өзінің мәселеге және жағдайға көзқарасын айтып 
түсіндіреді, жоспарларымен бөліседі және өзінің ойлаған ойын 
ортаға салады. Көрсетілгендей формальды емес, тұрақты 
әңгімелесудің, өзара кеңестер мен талқылаудың барысында 
жұмыскерлерге 
берілген 
тапсырмаларды 
егжей-тегжейлі, 
әрқайсысына жеке міндет қояды. Осындай тиімді құрал 
қызметкерлерді басқарушылардың жақтасы болуға және олардың 
тірегіне 
айналуға 
ынталандырады. 
Мұндай 
қатынастар 
әрқайсысының өз мүмкіншілігін, мақсатқа жетуге құштарлығын 
дұрыс бағалаудың және жалпы нәтижеге қосқан үлесін жақсы 
танудың жолы. 


73 
Үшіншіден,
ұйымның міндетті ісін көрсету және іс-әрекет 
мақсаты мен дамуын таңдау ұйым ішінде әдетке айналған 
философиялық құндылық. Оған қызметкерлердің қатысы, бір 
жүйеге келтірілген ұйымдастырушылық, қажетті қорлармен 
қамтамасыз ету мүмкіншілігі, сыртқы ортаның жағдайы, іс-
әрекетке құқықтық шек қою мәселелеріне ықпалын тигізеді.
Әр адамның өмірінде қойған мақсаттары болады. Бірақ кейде 
мақсаттар шын өмірмен үйлеспей, мақсат емес, орындалмас арман 
болып кетеді. Мақсаттарымыз орындалу үшін не істеу керек? 
Мақсатты қалай дұрыс қою керек? Кез-келген мақсаттың, мейлі ол 
жеке өміріңізге не мансапқа байланысты болсын, белгілі бір 
сапалық көрсеткіштері болуы керек. Егер Сіз мақсатыңызды осы 
көрсеткіштермен өлшей отырып қоя білсеңіз, оған жету жолыңыз 
оңай, қадамдарыңыз жүйелі болады. Сонымен, мақсатыңыздың 
келесідей қасиеттері болсын: Нақтылық өзіңіз не қалайтынды-
ғыңызды анық білмесеңіз, нәтижеге жету өте қиын болмақ.
Мақсаттарыңызды нақтылаңыз.
«Көлігім болса ғой...» 
дегеннің 
орнына, 
қандай 
маркалы, 
қай 
түсті 
көлікті 
қалайтындығыңызды ойлап, оның бағасын біліп, мақсатыңыздың 
орындалуына қадамдар жасаңыз.
Мақсат өлшемі.
Мақсатыңыз қай жағдайда орындалады? 
Мақсатыңызға өзіңізше өлшем бірлік беріп, шкала құрыңыз. 
Мысалы, арықтаймын деп мақсат қойған арулар қанша килограмм 
салмақ тастағысы келетінін алдын ала белгілеген жөн. Қол 
жетімділігі. Бұл қасиет мақсат пен арманның бірден-бір 
айырмашылығы. Армандарыңыз орындалмастай болуы мүмкін, 
алайда мақсатыңыз қол жеткізе алатындай болуы керек. 
Арманыңыз уақыт өте мақсаттарға айнала алады. Сол себепті 
армандарға да көңіл бөліп, барынша қолжетімді қылыңыз.
Орындалу уақыты.
Әр мақсатқа өзінің уақытын тағайындап, 
мақсатты сол кезде орындауға тырысыңыз. Мерзімі жоқ мақсат сол 
бетінше кейінге қала береді. Мақсаттың сапалық көрсеткіштерінің 
бәрін ұстана отырып, өзіңіздің мақсаттарыңызды қайта қарап 
шығыңыз. Мақсаттарыңыз жақын арада орындалуы әбден мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет