Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық



Pdf көрінісі
бет29/132
Дата14.10.2023
өлшемі3,13 Mb.
#115145
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   132
Байланысты:
Акмеология оқулық

Жетістікке жету үшін: 
Өз потенциалыңды біл. Өзіңе шектеу 
қойма. Өзіңді мойында. Сеніміңді сыйла. Әдетке айналдыр. 
Құндылықтарыңды таны.
Жетістікке жерудің екі жолы бар:
1) 
Өз ақылыңды пайдалану. 
2) 
Басқалардың ақылынан пайдалану

Алға мақсат қойғанда
: Мақсатыңның пайдасын біл. Нені не 
үшін қалайтыныңды біл. Ақылыңмен ерік-жігеріңді мақсатыңа 
жұмса. Ізіңді қадағала және басқар. Көп ізден. Ақылыңмен 
жүректің шешімін айт. Сақ бол. Төзімділік таныт. Өзгеріске 
бейімдел. Сапаға мән бер. Ісіңнің нәтижесін талда. 
Осыны біл: 
Әрбір сәтсіздік тәжірибеңді арттырады. Жеткен 
жетістікті үнемі мақтан тұту оны жаман жолда пайдалану болып 
есептеледі.
Есіңде сақта:
Жетістік тек оза шауып бәйге алуда емес, 
адамдық қасиетті жоғалтпауда жатыр; Әуелі, адам деген атқа лайық 


69 
бол, жетістігің адамдығыңмен өлшенсін; Сені жетістіке жетелейтін 
сенен басқа ешкім емес, өзіңе деген сенім сені барлық белестерден 
алып шығады. Ең үлкен жетістік - қоғамға пайдалы істі тындыру; 
Жетістіктің ең үлкен жауы – «кейін істеймін» және әрқашан үмітті 
болу. 
Өзіндік бағаны жоғарлату
Өзіңізді - өзгелермен салыстыруды доғарыңыз. Сізден жоғары 
және төмен тұратын адамдар әрқашан бар. Егер салыстыруды әрі 
қарай жалғастырсаңыз бәрі сізге қарсылас тәрізді көрінеді және сіз 
оларды жеңе алмайсыз. 
Өзіңізге ұрсуды тоқтатыңыз. Өз қабілетіңізді және өз 
әрекетіңізді жеткіліксіз, жағымсыз деп санасаңыз өзіндік 
бағаңыздың жоғары деңгейге көтерілуіне жете алмайсыз. 
Барлық қолпаштау және құттықтауларды «Иә» деп, алғыспен 
қабылдаңыз. «Иә», «Ештеңе етпейді» деп өзіңізді төмендетпеңіз. 
Сондықтан өзіңізді бар жақсыға лайық деп санаңыз. 
Өзіндік бағаны жоларлатуда аффирмация қолданыңыз. Мен 
өзімді жақсы көремін, ең жақсыға лайықтымын деп, ұйқыға жатар 
алдында қайталап отырыңыз. Жағымды көңіл-күй орнатыңыз. 
Осылай әрекет ету арқылы өз сенімімізді, бағаңызды жоғарлатуға 
болады.
Өзіндік бағаны жоғарлатуға арналған семинарларға қатысыңыз, 
кітап, журнал оқыңыз. Кез-келген Сіз жайлы мәлімет Сізге әсер 
етеді, мәселен Сіз жағымсыз бағдарламалар, газает-журналдармен 
криминалдық жағдайларды жиі оқысаңыз, ол Сізді пессемист 
болуға итермелейді. Ал, жағымда жағдайларды жиі оқып, 
қарасаңыз өзіндік бағаңызды жоғарлатуға болады. 
Өзіне сенімді, Сізге қолдау көрсете білетін, адамдармен 
араласуға тырысыңыз. Егер Сізді қоршаған адамдар Сізді үнемі 
төмендетіп, басып отырса, онда өзіндік бағаңыз төмен болады. Ал, 
егер керісінше болса, Сіздің өзіндік бағаңыз жоғарлайды.
Өзіңіздің өткен жетістіктеріңіздің тізімін жасаңыз, жеңісте-
ріңізді жазуға болады. Мәселен, жүргізуші куәлігін алсаңыз, 
спортпен шұғылдана бастасаңыз және т.б. тізімді жиі қарап, оқуға 
тырысыңыз. Жетістіктеріңізді оқығанда көзіңізді жұмып, қуаныш 
қанағаттану, сезімін сезініңіз.
Өзіңіздің жағымды жақтарыңыздың, қасиеттеріңіздің тізімін 
құрастырыңыз. Сіз адалсыз ба? Өзгелерге қажетсіз бе? Өзіңіздің 
жағымды қасиеттеріңізді жазыңыз. Алдыңғы тізім сияқты жиі 


70 
қарап жүріңіз. Кейбір адамдар өз кемшіліктерін көп көріп, өз 
өмірлерін қызықсыз деп, өз жүрсеңіз өзіндік бағаңыз жоғарлайды.
Өзгелерге көбірек көмек беруді бастаңыз. Бұл жерде ақша 
жайлы емес, өзгелерге көмек көрсете біліңіз. Өзгелерге көмек 
көрсету өзіңіздің бағаңызды жоғарлатуға, индивидум болуыңызға 
септігін тигізеді. 
Өзіңізге ұнайтын іспен айналысуға тырысыңыз. Өзіңіз 
қаламайтын іспен айналыссаңыз жағымды сезім сезіну қиынырақ. 
Егерде Сіз өзіңізге ұнайтын іспен шұғылдансаңыз өзіндік бағаңыз 
бен жағдайыңыз жақсара түседі. Тіпті Сізге өз ісіңіз ұнамаса да, бос 
уақытыңызды сүйікті ісіңізбен айналысуға жұмсап, өзіңізге қуаныш 
сыйлауыңызға болады. 
Өзіңізге сенімді болыңыз. Өзіңіздің өміріңізді қалауыңызша 
сүруге тырыспаңыз. Онда өзіңізді сыйламағандығыңыз. Сіз 
достарыңыз 
және 
туыстарыңызбен 
сөйлескенде 
сенімсіз 
сөйлессеңіз онда Сіздің өзіндік бағаңыз төмен деген сөз. Сенімді 
сөйлеп, сенімді әрекет етіңіз. 
Әрекет етіңіз. Егер өзіндік бағаңызды жоғарлатпасаңыз өзіңізге 
сенімді болу қиындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет