Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық


Өзін-өзі тәрбиелеу әдістері



Pdf көрінісі
бет37/132
Дата14.10.2023
өлшемі3,13 Mb.
#115145
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   132
Байланысты:
Акмеология оқулық

Өзін-өзі тәрбиелеу әдістері
  
Өзін-өзі тәрбиелеу мәселесі бойынша көптеген ғалымдар (С. Б. 
Елканов, Б. Н. Зязин, О. А. Абдуллина, Н. Б. Крылова және т.б.) 
еңбектер жазған. Тек қана аталып өтілген ғалымдар емес, кез-
келген ағартушы-педагог, зерттеушілер өз еңбектерінде өзін-өзі 
кәсіби тәрбиелеу мәселесіне көңіл бөлген. 
Әдебиеттерде көптеп кездесетін, өз тұлғасының дамуына 
ықпал етудің келесі тәсілдерін атап өтейік: 
Өзін-өзі бағалау мен өзі-өзіне есеп беру.
Жұмыс барысында болашақ мұғалім өз іс-әрекеттерін сырт 
көзбен қарауға үйренеді. Өзін-өзі байқаумен салыстырғанда, өзін-
өзі бақылау тек қана болған оқиғаны тізімге алып және талдауға 
фактілерді дайындап қана қоймай, осы шақ пен келешекте жүзеге 
асатын ой мен іс-әрекетке серік болады. Оның негізгі функциялары: 
тек қана қабылдау, көру, оқиғаны тізімге алу ғана емес, ал оған баға 
беру, түзетулер енгізу. 
Өзін-өзі бақылау сыртқы әлемдегі құбылыстарды бақылаудан 
келіп шығады. Игергеннен кейін өзін-өзі бақылау әрекеттері 
адамның өзі жасайтын іс-әрекеттері мен әдеттеріне айналады. Ең 
жоғары дәрежеде өзін-өзі бақылау өзін-өзі тәрбиелеудің құралы 
мен тәсілі ретінде қолданылады және тұлғаның өзіне бағытталған 
іс-әрекетінің, қасиеттерінің тұрақталуы, бақылау және түзету 
қызметтерін атқарады. Өзін-өзі тәрбиелеу үдерісіндегі өзін-өзі 
бақылау мотивациясы мен іс-әрекет тәсілдерінің сипатына тәуелді 
болып табылады. 
Егер өзін-өзі бақылау өзін-өзі тәрбиелеу мен практикалық іс-
әрекет үдерісінде өз-өзіне есеп беру мен толықтырылса, онда оның 
нәтижелілігі жоғарылайды. Өз қылықтары жайлы өз-өзіне есеп 
беру-бұл өз әрекетіне түзету енгізу, оны қажетті бағытта 
тұрақтандыру және осы арқылы өз тұлғасын өз санасының және 
өзін еркін объект ретінде қалыптастыру болып табылады. 


86 
Өзін-өзі сендіру
.
Өз өмірінің фактілерін талдау негізінде және қатал логикалық 
нәтижелер көмегімен болашақ мұғалімнің саналы ұстанымы - 
өзінің әрі қарай дамуына әрекет жасауды қалыптастыра алу 
ұғымымен байланысты. Өзін-өзі сендіру арқылы өзін-өзі тануды, 
өмірдің әртүрлі құбылыстарына деген қатынасты және осының 
нәтижесі ретінде, өз мінез-құлқын өзгерте алады. Өзін-өзі сендіру 
белсенді, кейде қиын ойлау жұмысын талап етеді. Болашақ мұғалім 
өзін-өзі сендіру үшін өзін неге сендіру қажеттігі туралы ақпаратқа, 
сонымен бірге талдау, салыстыру, жалпылау және т.б. 
икемділіктерге, яғни, ойлау үдерістеріне ие болуы керек. Өзін-өзі 
сендірудің бір түрі 
өзін-өзі жақтау
болып табылады. Өзін-өзі 
жақтау нақты болуы керек. Өз-өзіне сенім – адамның бір істі істей 
алатындығына іштей нық сеніп, тас-түйін бекінуі. 
Бұл тұрғыда есептен өзін-өзі жұбату тәсілінің маңызын алып 
тастамау тиіс. Өйткені ешкім сәтсіздік пен күйзелістерден, 
үміттерінің ақталмауынан кепілденбеген. Тұлға өзін-өзі сендіру 
үдерісінде өз іс-әрекеті мен дамуын басқаруда шындыққа ие болған 
кезде шешім қабылдайды, әрекет жасайды. Мұндай шешім өзіне 
бұйрық жасау формасында жүзеге асуы мүмкін. 
Сендірудің 9 құпиясы 
Сендіру. 
Сендіру – аса маңызды сапалардың бірі, оны игеру арқылы сіз 
кез-келген ситуациядан өз пайдаңызды тауып, жоспарлаған 
мақсаттарыңызға қол жеткізе аласыз. Жұмыста, үйде және 
өміріңіздің басқа да сфераларында сіз басқа адамдарға ықпал ете 
аласыз.
Берілуі.
Бұл техника саясатта танымал. Мысалы, мұрагерлікке салық 
салу жағдайында. Осы тәріздес салықтарға қарсы саяси 
қайраткерлер оларды өлімге салық салу деп атайды. «Мұра» сөзінің 
орнына «өлім» сөзін қолдану жағымыз ассоциялардың тууына 
бағытталған. Эмоцияға қаныққан сөздерді қолдану арқылы адамдар 
өз көзқарасының дұрыстығына сендіре аласыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет