Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық



Pdf көрінісі
бет38/132
Дата14.10.2023
өлшемі3,13 Mb.
#115145
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   132
Байланысты:
Акмеология оқулық

Бейнелеу
.
Біреуді бейнелеу сол адамға еліктеуді білдіреді. Әр адамның 
өзіндік ерекше ым-ишаралары, қимыл-қозғалыстары бар. Біз 
оларды өзімізде байқамай, бейсаналылық деңгейде орындаймыз. 
Егер сұхбаттасушыңызды бір нәрсеге сендіргіңіз келсе, оның 
қимыл әрекеттерін қайталаңыз. Есіңізде болсын, оны абайлап 


87 
жасауыңыз керек, түпнұсқа қимыл мен көшірменің арасындағы 
айырмашылық 2-40 секунд болуы тиіс. 
Шектеу
.
Бұл техниканы жарнама берушілер жиі қолданады. Бір нәрсеге 
қол жеткізу қиын болса, ол соғұрлым жоғары қызығушылық 
туғызады. Сендірудің осы тәсілін анықтауды үйренуіңіз керек. 
өнімнің нақты болуының сізге ықпалы қаншалықты екенін 
ойлаңыз. Егер өнім нақты болса, оған сұраныс та жоғары болады.
Өзара байланыс.
Сыйға-сый, сыраға-бал. Біреу сізге бір жақсылық жасаса, оған 
өзіңізді қарыздар сезінесіз. Сол сияқты егер сізге біреудің қызметі 
қажет болса, ол адамға бар жақсылық жасаңыз. Жұмыста біреуге 
жетекшілікті беріңіз. Үйде - көршіңізге шөп шалғыны бере 
тұрыңыз. 
Уақытты дұрыс таңдау.
Адамдар қатты әлсіреп, шаршағанда бір нәрсеге келісе салуы 
оңайырақ. Егер сіз сұраққа қысқа уақыттың ішінде жауап алғыңыз 
келсе, оны қоятын оңтайлы сәтті күтіңіз. Мысалы, ойлануға еш күш 
болмайтын, жұмыстың аяқ кезінде қойыңыз. Сіз не сұрасаңыз да, 
«Мұны ертең талқылайық» деген жауап алуыңыз мүмкін. 
Сәйкестік.
Бұл техниканы брокерлер қолданады. Бейсаналылық тұрғыдан 
бәрімізде айтқанымызда тұратын, жоғарыда айтылған әрекеттерге 
сәйкес келуге тырысамыз. Сатушы келіссөзге отырмас бұрын, 
сіздің қолыңызды қысады. Көптеген елдерде қол алысу келісімге 
отыруды білдіреді. Осылайша, ең басында санаңыздың түбіне 
ықпал етіп, сатушы сізді сатып алуға әбден көндіруі мүмкін. 
Сендірудің жақсы әдісі – шешім қабылдағанға дейін адамдардың 
әрекет етулерін мәжбүрлеу. Мысалы, сіз кино көргіңіз келеді, ал 
досыңыз сенімді емес. Ол әзірге шешім қабылдағанша, сіз ептеп 
кинотеатрға қарай жүре бересіз. 
Сенімді сөйлеу
.
Көптеген адамдар өз сөздерінде «ммм», «жаңағы», «ііі» тәрізді 
одағай сөздерді және т.б. алуан түрлі қажетсіз сөздерді жиі 
қолданады. Ол адамның өзіне сенімсіздігін білдіреді және бұлайша 
басқаларды бір нәрсеге сендіру қиын. Егер Сіздің сөзіңіз нақты 
және сенімді болса, айналадағы адамдарды айтып тұрғаныңызға 
оңай сендіре аласыз. 


88 
Табандылық инстинкт
.
Барлық адамдар бір-бірінің соңынан жүруге үйренген. 
Маңызды шешім қабылдағанда, біз кеңес пен көмек сұрап 
басқаларға жүгінеміз. Біз қолдауға мұқтажбыз. Мұны өз 
қызығушылығыңызға қолданудың қарапайым әрі тиімді тәсілі - 
табанды көшбасшы болып, соңынан ерту. 
Достық пен билік
.
Өзіңіз жақсы көретін адамның немесе билігі бар адамның сізді 
көндіруіне жол беруіңіз әбден мүмкін. Өзіңіз анағұрлым жоғары 
сенімділік тудыра алуыңыз үшін, басқалардың сіздің жақсы көруіне 
мәжбүр етуіңіз немесе сол топтың басшылығын қолыңызға 
алуыңыз керек.
Өзіне деген сенімділікті нығайту. 
1.
Өз-өзіңе өзіңнің мықты және әлсіз жақтарыңды анықтап, өз 
күшіңді сәйкесінше жұмса. 
2.
Өзіңізге не құнды екенін шешіп, неге сенетініңізді 
ажыратыңыз, өз өміріңізді қандай етіп елестетесіз? Өз 
жоспарыңызды сараптамадай өткізіп, оны прогресс болған кезде 
пайдаланатындай етіп бүгінгі күннің есебімен бағалаңыз. 
3.
Түп-тамырына дейін жетіңіз. Өткеніңізге сараптама жасап
бүгінгі жағдайға қалай жеткеніңізді анықтаңыз. Сізді азап шегуге 
душар еткен адамды немесе қажет кезде көмек көрсетуге шамасы 
келе тұра, қол ұшын көрсетпей қойған адамды түсініп, кешіруге 
тырысып көріңіз. Өз-өзіңіздің бұрын жасаған қателіктеріңізді, 
алданған кезіңізді, күнәларыңызды кешіріңіз. Есте қалған ауыр 
жағдайлардан қандай да болмасын пайдалы тұсын іліп алып, оны 
қайтадан еске алмаңыз. Сіздің жадыңызда басыңыздан өткізген 
жаман жағдайлар, Сіздің қуған уақытқа дейін болғандығын 
ескеріңіз. Одан да, аз да болса қолыңыз жеткізген табыстарды еске 
алыңыз. 
4.
Кінә мен ұят сезімдері Сіздің табысқа жетуіңізге көмектес- 
пейді. Оған берілуге жол бермеңіз.
5.
Өзіңіздің мінез-құлқыңыздың себептерін қазіргі жағдайдың 
физикалық, әлеуметтік, экономикалық, саяси аспектілерінен іздеңіз. 
6.
Әрбір оқиғаны әртүрлі бағалауға болатындығын ұмытпаңыз.
Шынайылық - бұл әрбір адамның әр нәрсеге деген көзқарасы 
емес, бұл адамдар арасындағы әр нәрсені өз атымен атау туралы 
келісімдерінің нәтижесі ғана. Мұндай көзқарас сіз адамдарға 
шыдамдылықпен қарауға және кемсітушілікті бастан өткеруде 
болып тұратын іс-әрекетті бастан кешу. 


89 
7.
Ешқашан өзіңіз туралы жаман айтпаңыз, әсіресе өзіңізге 
жағымсыз - ақымақ, ұсқынсыз, қабілетсіз сәтсіз, түзелмейтін деген 
сияқты тіркестерді пайдаланудан аулақ болыңыз. 
8.
Сіздің әрекетіңіз кез-келген білім алушыға лайық болуы 
мүмкін, егер де ол конструктивті сынға түсетін болса - өз 
пайдаңызға пайдаланыңыз, бірақ ешкімге өзіңізді сынауға жол 
бермеңіз. 
9.
Жеңіс - бұл сәттілік, онда Сіз жұмсаған күшіңізге сай емес, 
алдамшы мақсаттарды көздемеңіз, болуы мүмкін жамандықтардан 
құтылыңыз. 
10.
Өзіңізді құнсыз ретінде сезінуге итермелейтін адамдардың 
ойлармен келіспеңіз. Егер де сіздің қолыңыздан оларды өзгерту 
келмесе, онда олардан теріс айналған жөн. Өмір тым қысқа, оны 
мұңға жұмсамай-ақ қойған жөн. 
11.
Жалғыз қалып өз ойларыңызға құлақ асыңыз, көңіліңіз 
қалайтынның барлығын жасаңыз. Осылайша, Сіз өзіңізді жақсы 
түсіне аласыз. 
12.
Қарым-қатынас жасауды үйреніңіз. Адамдар өзара 
алмасатын энергияны сезінумен рахаттаныңыз. Олар Сіздің бауыр-
ларыңыз бен қарындастарыңыз, алайда бөлек, бір-біріне 
ұқсамайды. Көз алдыңызға олардың қорқыныш пен сенімсіздік 
сезініп тұрғанын елестетіп көріп, оларға көмек көрсетуге 
тырысыңыз. Олардан не күтетініңізді, оларға не бере 
алатыныңызды шешіп алыңыз. Ал, одан кейін Сіз өзіңіздің мұндай 
алмасушылыққа даярлығыңызды білдіріңіз.
13.
Өзіңіздің менменшілдігіңізді тым артық қорғаудан аулақ 
болыңыз. Одан да ол қамаумен әрекетсіздіктен гөрі, қысқа мерзімді 
эмоционалдық соққыны бастан өткізгені дұрыс болар. 
14.
Өзіңізге жақын емес бірнеше маңызды мақсаттарды 
қойыңыз. Оған жету үшін ұсақ немесе үлкен мақсаттар қажет. Осы 
үлкен мақсаттарға жетуге қандай құралдар қажет екенін анықтаңыз. 
Өздерің жемісті қадамыңызды назардан тыс қалдырмаңыз және де 
өзіңізді мадақтауды ұмытпаңыз. Ерсі көрінуден қорықпаңыз, себебі 
Сізді ешкімде естімейді. 
15.
Сіз жамандыққа душар бола беретін пассивті объект 
емессіз, басып кетеді деп қорқатын шөптесін емессіз. Сіз -
эволюциялық пирамиданың шыңысыз, Сіз - ата-аналарыңыздың 
үміттерісіздер. Сіз - қайталанбас тұлғасыз, өз өміріңіздің белсенді 
жасаушысысыз, Сіз - оқиғаларды басқарасыз. Егер де Сіз өзіңізге 
сенімді болсаңыз, онда бөгет Сіз үшін түк емес. 


90 
16.
Ұялшақтық артта қалады, өйткені сіз қалай өмір сүремін 
деп мазасызданудың орнына өмірге араласып кетесіз. 
3. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет